14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

2015 құттықтау хаттары

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Сіздерді Елордамыз Астана қаласында 2015 жылдың 17-18 маусымында өтетін «Astana Mining & Metallurgy» 6-шы халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі мен көрмесіне қатысуға шақырамыз.

Конгресс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен жыл сайын өткізіледі және геология, тау-кен өндірісі, металлургия саласын дамыту үшін мемлекет, бизнес пен ғылым өкілдері бас қосатын тиімді байланыстың негізгі алаңы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі АММ Конгресін өткізу бастамасын жыл сайын қолдайды және аталған іс-шараның мемлекеттік Серіктесі ретінде қатысады.

Форумның басты тақырыбы «КМК өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар, Жетілдіру, Өндіріс» шеңберінде келесідей негізгі сұрақтар талқыланады: кен-металлургия секторына инвестиция тарту, мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламалары, геологиялық барлаудағы озық тәсілдер, өндірістегі қауіпсіздік пен энергиялық тиімділік, әлемдік бағалар және металдарға сұраным серпіні, шикізат нарығының әлемдік жағдайының нашарлауында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту.

Осыған байланысты өнеркәсіптік және сервистік компанияларды, технологиялар мен жабдық жеткізушілерді, ғылым және білім мекемелерін, қаржылық және инвестициялық қорлар мен барлық мүдделі тұлғаларды АММ-2015 форумы мен көрмесіне қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
А. Исекешев


 

«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Астанада «Astana Mining & Metallurgy 2015» (АММ) Халықаралық тау-кен – металлургиялық Конгресінің қатысушылары мен қонақтарына хош келдіңіздер деймін. Бұл ауқымды оқиға тау-кен – металлургиялық кешеннің ірі компаниялары мен халықаралық бизнес – таңдаулыларының өкілдерінің басын алтыншы рет қосып отыр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы Конгресті ашып берген 6 жыл уақыттың ішінде АММ жобасы отандық тау-кен – металлургиялық кешеннің саланың бәсекеге қабілеттілігін және инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған негізгі оқиғасына айналған. АММ конгресінің арқасында Қазақстанның астанасын 2018 жылғы Дүние жүзілік Тау-кен Конгресінің өткізу орны ретінде таңдаған, ол ірі әлеуеметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға зор үлес қосады.

АММ 2015 конгресі және онымен қатар өткізілетін «ТМК өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар, Жаңарту, Өндіріс» форумы мен АММ көрмесі іскерлік қатынастарды дамыту, өнеркәсіптік өндірісті ынталандыру, қолайлы инвестициялық климат қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады
.
Отандық өнеркәсіптік дамыту заманауи технологияларды енгізу, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірісті құру, мемлекет пен бизнестің қоғамдастығын дамытумен байланысты мәселелердің шешімін табуды талап етеді. АММ конгресі осы маңызды мәселелерді талқылауға арналған іскерлік алаңына айналған. Жоба қатысушыларына ғаламдық экономиканың заманауи талаптарына күрделі жауаптарды табу, заманауи әзірлемелерді енгізу бойынша сапалы шараларды және тау-кен өнеркәсібі саласына арналған технологияларды дайындау қажет болады.

АММ 2015 форумы мен көрмесі жоғары деңгейде өтеді және іскерлік қатынастарды кеңейтуге оң серпін беріп, экономикалық байланыстарды нығайтады, ақпарат алмасуға жағдай жасайды және ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін көрсетеді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы
Т.А.Кулибаев


 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

6-шы ASTANAMINING&METALLURGY – 2015 Конгресін ұйымдастырушылар мен және оған қатысушыларға«Казцинк» компаниялар тобы атынан сәлем жолдағаныма қуаныштымын!

Бүгінгідей жаһандық тұрақсыздық пен КМК кәсіпорындары арасындағы артып келе жатқан бәсекелестік жағдайында Қазақстан мен әлем экономикасының кен-металлургия сегменті өкілдері үшінбіз сияқты инновациялық даму мен технологиялық өсуді басты бағыт етіп ұстанған әріптестерментабысты бизнеске жеткізер тәжірибе алмасу, сөз жоқ, өте маңызды.

Ол үшін біздіңКонгресс мемлекет пен Қазақстан бизнесінің кен-металлургия кешені саласындағы өзара әрекеттестігіне арналған өзгеше бір алаңшасына айналды. Бұрынғы сияқты дәл осы жерде біз өз компанияларымыз өндірісін әрі қарай дамытудың жолын анықтай аламыз. Осы тұрғыдан келгенде мұндай ауқымды іс-шараның маңызы мен нақты қажеттігін бағалаудың өзі оңай емес.

«Казцинк» Конгрестің басты тақырыбын – «КМК-нің өнеркәсіптік саясаты: инвестициялар, жаңғырту, өндіріс» қолдайды.

Біздің компания өзі құрылған күннен бастап жоғары энергия сыйымдылығын азайту, өндіріс үнемділігін арттыру, минералдық шикізатты қайтадан өңдеу кешенділігін арттыру, шикізат базасын дамыту, өнім сапасын өсіру және «жасыл» технологияларды енгізу, еңбек қауіпсіздігі сияқты стратегиялық мәселелерді шешуді алдына мақсат етіп қойған.

«Казцинк» бұрынғысындай мемлекеттің және оның Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтыңэкономикалық саясаты жолындакеледі. Басқаша болуы мүмкін де емес, өткені, Қазақстан РеспубликасыЕлбасының бағдарламалық құжаттарында айқындалғанинновациялық және ғылыми-технологиялық дамудың ұлттық бағдарламасын жасап, жүзеге асыра отыра, кен-металлургия саласына да жан-жақты қолдау көрсетуде.

Конгрестің тағы да Қазақстан КМК-індегі сөре алаңшасына айналарына, экономиканың осы саласындағы жұмыс сапасын жетілдіруге, оның тұрақты дамуына,қазақстандық және әлемдік рыноктың осы бөлігіне қатысушылардың барлық жұмысын жақсартуғакөмек боларына сенімдімін.

6-шы Конгрестің барлық қатысушыларына табысты жұмыс және жоғары жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,

Никола Попович,
«Kazzinc Holdings»ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы