15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ҚАТЫСУ НҰСҚАЛАРЫ

Стандартты құрылыс немесе жабдықталмаған алаң

Modular stand system

sys modul stand

Қатысу ақысы мынадарды қамтиды:

  • 1. 1 ш. м. стандартты стендтің немесе жабдықталмаған алаңның құны
  • 2. Стенд орналасқан жері үшін қосымша ақы (егер бар болса)
  • 3. Тіркеу алымы
  • 4. ҚҚС 12%
Тіркеу алымы келушілер арасында таратылатын каталогта орналастыруын (байланыс мәліметтері, қысқаша компания профилі), компьютерлендірілген тіркеу жүйесін, 100 дана көрмеге шақыру билетін, көрменің ашылуына байланысты өтетін салтанатты кешке 2 шақыру билетін, қатысу сертификатын, стендтің тазалығын (жұмыс күнінен кейін) және қауіпсіздікті қамтиды.

Бұл міндетті түрде төлену керек

Қосымша ақы:

  • Стенд бұрышта орналасса: алаңның құнына +10%
  • Стенд түбек тәрізді орналасса (стенд үш жақтан ашық болады): алаңның құнына +15%
  • Стенд арал тәрізді орналасса (стенд барлық жағынан ашық): алаңның құнына +20%
  • Қосымша қызметтер мен жабдықтарды біздің техникалық менеджерлерден тапсырыс беруге болады

Tel.: +7-727-258-3434
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2. Сырттай қатысу

Егер сіз Қазақстандағы нарықты «сынап» көргіңіз келсе, біздің сырттай қатысу форматы бойынша қатысу пакеті сіз үшін тамаша шешім болуы мүмкін.

2.1 Жарнамалық материалдарды тарату

Бұл біздің арнайы бөлімімізде брошюралық стенд орналастыруды қамтиды. Потенциалды клиенттер брошюраларды стендтен ала алады. Біздің қызметкерлеріміздің бірі бұл процессін бақылап, брошюраларыңыздың бар болуын қамтамасыз етеді.

Ескертпелер:

  • Бұл орындарға қызметкерлердің кіруіне рұқсат берілмейтінін ескеріңіз. Сіз көрмеге еркін келе аласыз, бірақ осы ұсыныс аясында жеке қатысуға рұқсат жоқ.
  • Брошюралар мен баспа материалдарды ұйымдастырушы кемінде 5 күн бұрын алуы керек.

2.2 Көрме каталогында жарнама орналастыру

Ресми көрме каталогындағы жарнама – бұл А5 форматындағы жарнама каталогының түрлі-түсті немесе ақ-қара беті. Сондай-ақ, сіз өз компанияңыздың сипаттамасын және байланыс ақпаратын көрме каталогына орналастыруды тапсырыс бере аласыз. Каталог сала мамандары, елшіліктер, экспоненттер арасында таратылады, сондай-ақ келушілерге сатылады. Көрме каталогындағы ақпарат көрменің ресми сайтында жарияланады.

Ескертпе:

  • Жарнама ұйымдастырушыға көрмеден кемінде екі ай бұрын ұсынылуы тиіс.

2.3. Демеушілік

Егер сіздің компанияңыз көрмеге белсенді қатысуға мүдделі болса немесе нарықтағы позициясын нығайтуға ұмтылса, біздің көрмеге демеуші болуды қарастыруды ұсынамыз. Бұл опцияны сатып алғанда, сіз аласыз:
  • Көрме демеушісінің мәртебесі
  • Толық масштабты жарнама науқан (компания логотипінің барлық жарнамалық материалдарда орналастырылуы)
  • Әлеуетті клиенттер мен серіктестер арасында кең танымалдық
  • Көрмені Сіздің компанияңыздың атымен байланыстыру

2.4. Семинарлар, презентациялар мен мастер-класстар ұйымдастыру

Көрме аясында семинар, презентация немесе мастер-класс өткізу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда алатын артықшылықтар:
  • Компанияңыздың қызметін тұтынушылар мен әлеуетті клиенттерге кәсіби түрде таныстыруға мүмкіндік
  • Диалог форматында клиенттердің қажеттіліктері мен үміттерін анықтау
Арнайы іс-шаралар арнайы жабдықталған орында өткізіледі.

Қызмет құны сіздің іс-шараңыздың ұзақтығына және қажетті жабдықтарға байланысты анықталады.