14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

2013 құттықтау хаттары

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Сіздерді 2013 жылғы 12-13 маусымда Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында өтетін Қазақстанның Тау-кен металлугия кешенінің күндеріне қатысуға шақырады.

«Қазақстанның ТМК күндері» шеңберінде мынадай іс-шаралар болып өтеді:

  •  «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
  •  Тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің съезі

«АММ» Конгресі, үш жыл қатарынан жоғары үкіметтік және бизнес деңгейінде өтіп отыр, және шын мәнінде тау-кен металлургия индустриясындағы басты салалық оқиға болып табылады. Геологтар, тау-кеншілер мен металлургтер саланың алдында тұрған маңызды міндеттерді шешу үшін өздерінің білімі мен тәжірибесін біріктіріп отыр. Форумның, көрменің және дөңгелек үстелдердің бір алаңда өткізілуі Конгресс жұмысының тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «АММ» Конгресінің еліміз үшін маңыздылығын ескере отырып, оның өткізілуін толығымен қолдайды.

Тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің съезі саланың әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталған, өйткені ТМК-ны дамытудың басты шарттарының бірі - компаниялардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Дәстүр бойынша Съезге өнеркәсіптік кәсіпорындардың, салалық кәсіподақтардан және мемлекеттік органдардың делегаттар қатысады.

Тау-кен металлургия кешені елімізді индустрияландырудың іргетасы болып табылады, ол белсенді түрде дамып әрі жаңарылып отырады. Отандық ТМК-ны дамытудың негізгі міндеттері: минералдық-шикізат базасын кеңейту, кәсіпорындарды жаңғырту және технологиялық жаңарту, жоғары технологиялы өнім шығару, инвестициялар көлемін ұлғайту, экологияға тигізетін әсерін төмендету болып табылады. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету, инвесторларды тарту және халықаралық серіктестікті дамыту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Өнеркәсіптік және сервистік компанияларды, технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілерді, ғылым және білім мекемелерін, қаржы және инвестициялық қорларды әрі барлық мүдделі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

«Қазақстанның ТМК күндерінің» өткізу тәжірибелік нәтижелер беретініне, қазақстандық және шетелдік кәсіпорындардың арасындағы іскерлік серіктестік саласын кеңейтетініне сенімдімін.

Премьер-Министрдің орынбасары
Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә. Исекешев


 

Қадірлі ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді «Astana Mining & Metallurgy» төртінші Халықаралық таукен-металлугрия конгресінің жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бірнеше жылдың ішінде дәстүрлі сипат алған Конгресс металлургия өнеркәсібінің өндірушілері мен тұтынушыларының арасындағы тиімді диалогтың пәрменді механизмі қызметін атқарып, сол арқылы ол қатысушы тараптардың сенімі мен тәжірибесі деңгейінің өсуіне қарай талқыланатын өзекті мәселелер ауқымының кеңейіп отырғанын көрсетіп отыр.

Біздің әсем қаламыздың бұл іс-шараның өтетін жеріне айналғаны қуантады. Және бұл заңды құбылыс та, өйткені Астана жалпы дамуға серпін беріп, үнемі баршаның назарын өзіне аударуда. Осында орын алып жатқан оң нәрселердің барлығы еліміздің қалған аймақтары үшін үлгі болып отыр. «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық таукен-металлургия конгресінің өтуінің біздің қаламыз үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де ерекше маңызы бар.

Биылғы жылы да Конгрестің өнеркәсіптік көрмелік іс-шаралар саласында елордамыздың абыройын асқақтатып, республиканың бүкіл жұртшылығы мен әлемдік өнеркәсіптік қоғамдастықтың диалогы үшін жаңа іскерлік алаң ұсынатынына сенімдімін.

Осыған орай іс-шараға шақыруды қабыл алып елордамызға келген барлық адамдарға алғыс айтамын.

Сіздерге табыс, жұмыстарыңыздың жемісті болуын және өзара тиімді ынтымақтастық құрылуын тілеймін!

Астана қаласының Әкімі
Иманғали Тасмағамбетов


 

«Astana Mining & Metallurgy»
IV халықаралық тау-металлургия конгрессінің
қатысушылары мен қонақтарына

Қәдірлі достар!

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының атынан Сіздерге сәлем жолдап, тау-металлургия индустриясының кіндік салалық шарасы болып табылатын «Astana Mining & Metallurgy» Конгрессінің басталуымен құттықтаймын!

Қазіргі уақытта әлемнің тау-кен металлургия саласы шикізат нарығын жаһандату және өңдеуші салаларды дамытудың маңызды кезеңінде тұр. Қазақстан осы үдеріс стратегиялық қатысушыларының бірі болып табылады. Себебі еліміздегі тау-металлургия кешені әр уақытта экономиканың жүйе құрушы салаларының бірі болған. Бүгінгі күні отандық компаниялар шикізат экспортымен шектелмей, өздерін жоғары шекті кен-металлургия өнімінің сенімді өнім берушілері ретінде танытты. Олар минералды-шикізат базасын кеңейтуде тиімді жұмыс атқарып, жетіліп, технологиялық жаңарып келеді. Компаниялар инвестиция мөлшерін көбейтпек. Сонымен қатар, саланың дамуы экологияға келтірілетін әсерді төмендету екпінімен жылжып келеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ тау-металлургия кешенінің тұрақты дамуына едәуір үлесін қосуға ұмтылады. Инвесторлар тарту және халықаралық серіктестікті дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Қор тобында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы құрылды. Бұл компания алдына жауапты мақсаттар қойылып отыр. Олар активтер құнының өсуін және тау-металлургия өнімдері бәсекелестігін қамтамасыз етумен байланысты. «Тау-Кен Самұрық» жекеменшік секторымен серіктесе отырып, қатты пайдалы қазбаларды тиімді барлау, өндіру мен өңдеуді қамтамасыз етеді деп күтудеміз. Қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсету - біз үшін жер қойнауын игерудегі міндетті шарттың бірі болып табылады.

«Astana Mining & Metallurgy» конгрессі мемлекет, ғылым және бизнес өкілдерінің, сол сияқты инвесторлар мен тау-металлургия кешеніне арналған технологияларды жабдықтаушыларының өзара әрекеттесетін беделді алаңы болып табылады. Конгресс шеңберінде форум, көрме және дөңгелек үстелдер өткізу тәжірибе алмасу мен жаңашыл жобалар және перспективалар талқылау мүмкіндіктерін ашады.

«АММ-2013» Конгрессі барлық қатысушылар үшін жемісті болатынына сенімдімін. Оның нәтижелері бойынша қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы іскерлік серіктестік өрісі едәуір кеңееді.

Барлықтарыңызға табыс және жемісті, қызықты әрі шығармашылық жұмыс тілеймін!

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Басқармасының төрағасы

Өмірзақ Шүкеев


 

 Құрметті Конгресске қатысушы Ханымдар мен Мырзалар!

«Металлург күніне» орайластырылған халықаралық конгреске қатысушыларды, тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығын, металлургия мамандары мен қонақтарды және осы Конгресті ұйымдастырушыларды өзімнің атымнан және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы ұжымы атынан, Қазақстанның Тау-Кен металлургия кешенінің дәстүрлі мерекесімен алдын ала шын жүректен құттықтаймын. Тау-кен саласы Қазақстан өнеркәсібінің дамуында аса маңызды сектор болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың жуырдағы халқымызға жолдауында, жаңа саяси бағыты қалыптасқан мемлекетіміздің Стратегиясына сәйкес, еліміздің табиғи байлығын тиімді пайдалануды, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді үйренуіміз керектігін міндет етіп қойды.

«Astana Mining Metallurgy» конгресі қарсаңында «Тау-кен Самүрық» АҚ ауқымды жобалары жүзеге асырып, әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялармен әріптестік қарым-қатынастар орнату бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде.

Тау-кен өндірушілер мен металлургия өнеркәсібінің білікті мамандары бүгінгі форумда қазіргі заман талаптарына сай жаңа идеялармен, замануи жетістіктермен, жаңа технологиялармен танысады, өзара тиімді тәжірибелерімен алмасады.

Тау-кен металлургия саласы қызметкерлерінің қауымдастығы, қатысушылары мен мамандары конгрестің шеңберінде өзара қарым-қатынасты нығайту мен жетілдіру, жер қойнауы қатты пайдалы қазбаларын тиімді игеру мен пайдалану, өндіруші өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке өту жолдарын, басқа да өзекті мәселелерді ашық талдайды, олай болса Конгрестің қорытынды шешімі баршамыз үшін табысты әрі алдағы бағытымызды айқындаудың негізі боларына сенемін.

Конгреске қатысушыларға табыс пен өзара тиімді ынтымақтастық тілеймін.

Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов
«Тау-кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ
Басқарма Төрағасы


 

Құрметті «Astana Mining & Metallurgy Congress»
IV халықаралық конгресінің қатысушылары

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) атынан баршаңызға жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осымен төртінші рет АММ алаңы мемлекет пен бизнес өкілдерінің, сарапшылардың, отандық және шетел инвесторларының бас қосу орны болып, ол Қазақстанның перспективалы және серпінді дамушы тау-кен металлургия секторын біріктіріп отыр.

Саланың жаңа деңгейге шығуы индустриялық бағдарламаның іске асырылуына біршама ықпал етті. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарлама арқасында Қазақстанда республика бойынша бұрын шығарылмаған тау-кен металлургия кешені өнімінің 160 түрін өндіру жолға қойылды. Оған қоса отандық тауарлар мен шикізат әлемдік нарықта тұрақты сұранысқа ие.

Конгрестің халықаралық мәртебесі Қазақстан тау-кен металлургия кешенінің әлемдік өндіру процестеріне тікелей қатысып отырғанын көрсетіп отыр. Іс-шара барысында тұжырымдалатын шешімдер, жаңа идеялар, сондай-ақ ақпарат және технологиялар алмасу қатысушылар мен қонақтар үшін аса маңызды екені анық.

Конгреске қоса, тау-кен металлургия кешені шеңберінде дәстүрлі түрде Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің съезі өтеді. Салалық іс-шараға бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, заңнаманы жетілдіру, әлеуметтік-еңбек қатынастары, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері шығарылады.

ТМКҚ конгрестің тұрақты ресми әріптесі болып табылады. Біз пікірлестермен өзекті кездесулер өткізуге және Тау-кен металлургия кешені күндерінде тау-кен металлургия кешенін дамытудың қағидатты мәселелерін талқылауға зор мән береміз. Бүгінде Қазақстанның тау-кен металлургия секторы оны дамыту үшін жаңа жолдар іздестіру қажет кезең үстінде. Біздің алдымызда металлургия кешенінің өсім қарқынын сақтап қана қоймай, одан әрі ұлғайту міндеті тұр. Қазір тау-кен металлургия кешенін дамытудың ұзақ мерзімді жоспары талқылануда. АММ форумында сала сарапшылары оны одан әрі реформалау бойынша өз ұсыныстарын береді деп ойлаймын.

Конгрестің барша қатысушыларына, қонақтары мен оны ұйымдастырушыларға жемісті жұмыс, өршіл идеялар, пайдалы байланыстар мен жаңа белестер тілеймін!

Құрметпен және ізгі тілекпен,

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия
республикалық қауымдастығының атқарушы директоры
Н. Радостовец


 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының атынан «Astana Mining and Metallurgy-2013» Конгресінің делегаттары мен қонақтарына қош келдіңіздер деп айтуға қуаныштымын!

Бұл Форумның төртінші мәрте мемлекеттің, ғылыми қоғамдастықтың және әр түрлі елдердің өнеркәсіп орындарының өкілдерінің арасындағы ашық диалог пішімінде өткізілуі аталмыш іс-шараның таукен-металлургия саласында байланыстарды дамыту, тәжірибе алмасу, технологиялар трансферті үшін халықаралық алаң ретіндегі маңыздылығын көрсетіп отыр.

Нарыққа жаңа тауарларды, процестерді және қызметтерді шығару мақсатымен инновацияларды дамыту, өндірістің техникалық және технологиялық базасын үздіксіз жаңартып отыру міндеті ТМК – еліміздің негіз қалаушы саласы үшін бірінші дәрежелі маңызы бар. «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының қабылданған заңының және бірқатар басқа заңнамалық актілерге, атап айтқанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңға енгізілген өзгертулердің мақсаты бұл қызметті ынталандыруды көздейді.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолы ретінде экономиканы үдемелі жетілдіру стратегиясының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін инновациялық инфрақұрылымның барлық субъектілерінің инновациялық мәдениетін жоғарылату, инновациялық белсенділігін арттыру және олардың арасындағы өзара әрекеттестікті кеңейту, ғылым мен бизнесті интеграциялау, мемлекет пен жекеше сектордың серіктестігін нығайту қажет. «АММ» Конгресі дәл осы міндеттердің шешілуіне септеседі. Осыған орай оны ұйымдастырудың стратегиялық маңызы бар деп ойлаймын!

Барлықтарыңызға жұмыстың табысты өтуін және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

«ҚР МШКӨ ҰО» РМК Бас директоры»,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,
ҚР ҰҒА академигі,
техника ғылымдарының докторы, профессор

А.А. Жарменов


 

Құрметті конгресс қатысушылары мен қонақтары!

Сіздерді «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ атынан IV халықаралық «Astana Mining and Metallurgy-2013» тау-кен - металлургия конгресінің ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Еліміздің индустриалдық-инновациялық бүгінгі табыстары тау-кен-металлургия және геология салаларындағы компаниялардың тығыз байланыста жұмыс істеуі нәтижесінде мүмкін болғанын атай кеткен орынды болар. Бұл - тек бірлескен күш-жігер арқасында ғана алға қойылған мақсаттарға - қазақстандық минералдық шикізатты тиімді дамытуға және игеруге қол жететінінің тағы бір жарқын дәлелі. Қазіргі таңда бұл салада барлау, өндіру және минералдық шикізатты өңдеу бойынша ірі инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет Басшысының бастамасымен құрылған «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы қазіргі таңда тау-кен-металлургия саласының, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуына ықпал ету үшін геологиялық барлау саласында минералдық-шикізат базасын толықтыруға және инновациалық технологиялар трансфертіне бағытталған саясат жүргізіп отыр.

Өткізіліп отырған бүгінгі шара ынтымақтастығымыздың ауқымын кеңейтіп, алға қойылған міндеттерді шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік беретініне сенімім мол.

Конгреске қатысушылар мен конгресс қонақтарына жаңа идеялар іздестіру, ауқымды жоспарларды жүзеге асыру және өзара ынтымақтастық жолында табысты жұмыс тілеймін!

«Қазгеология»
Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ
Басқарма төрағасы
Ғалым Нұржанов


 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Казцинк атынан кезекті Төртінші ASTANA MINING & METALLURGY Конгресінің қатысушылары мен қонақтарына сәлем жолдағаныма қуаныштымын!

Конгресс небәрі бірнеше жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытудың іргелі саласы болып табылатын кен-металлургия кешенінің басты оқиғаларының біріне айналды. Ашық халықаралық диалог ынтымақтастықтың тиімді үлгілерін, кен-металлургия саласының және онымен байланысты салалардың ең бір көкейкесті мәселелерін шешудің жолдарын табуға мүмкіндік береді. Форум инновацияларды талқылауға және әрі қарай дамытуға арналған нақты және тиімді алаң мәртебесін дәлелдей алды. Конгресс беделі өсіп келеді және сонымен бірге шешілетін мәселелер аясы да кеңи түсуде. Қолданыстағы өндірісті дамыту стратегиясынан тыс кәсіпорынның әлеуметтік қызметі, жер қойнауын пайдалану және инвестициялар тиімділігі мәселелері алдыңғы қатарға шықты. Бұл – өндірістің барлық салаларында – экономикалықтан экологиялыққа қарай бағыт ұстанған және көшбасшылыққа ұмтылған прогрессивті компанияның негізгі артықшылықтары.

Казцинк өз жұмысы мен стратегиясын мемлекетпен сындарлы өзара қарым-қатынас негізінде және соның қолдауына сүйене құруда. Біз кен базасын шикізат өндірудің кешенділігін арттыра отырып кеңейте түсудеміз, энергия үнемдеу және өндірісті экологияландыру бағытында іс атқарудамыз. Әлеуметтік қызметтің озық дәстүрлерін сақтай отыра, оның жаңа үлгілерін енгізудеміз. Конгрестің жаңа идеялар генераторы боларына, кен-металлургия кешенін жан-жақты дамытуға жаңа серпін береріне сенімдімін.

Конгрестің барлық қатысушыларына табысты жұмыс және жоғары жетістіктер тілеймін!

Никола Попович,
«Казцинк» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы


 

Құрметті «Astana Mining & Metallurgy» IV Халықаралық тау-кен металлургия Конгрессіне қатысушылар!

Бұл форум бизнес қауымдастық пен билік өкілдерінің өзекті салалық мәселелерді шешуге арналған дәстүрлі кездесу орнына айналып үлгерді.

Әлемдік нарықтың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанның тау-кен және металлургия кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Басқа ірі тау-кен және металлургиялық компаниялар сияқты біз де өндірісті оңтайландыру, шығындарды азайту мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибемен алмасуға дайынбыз.

Ең алдымен, Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысына атап өту керек. Зауыт Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгңзңлген. Зауыт жылына 440 мың тонна өнім өндіруге есептелген, алғашқы феррохромды 2013 жылы өндіретін болады. Ағымдағы жылы Қазақстандағы толыққанды алюминий кластері пайда болады. «Қанатты» металл алу үшін біз Қазақстан электролиз зауытының базасында жылына 136 мың тонна анод өндіретін боламыз. Қостанай облысында шекемдас өндіруден ыстық брикеттелген темір өндіруге көшеміз. ССКӨБ-інің жаңа зауытында жылына шамамен 1,8 млн тонна құрамында 90% темір бар өнім өндіреміз.

Шетелдік жеткізушілерден тәуелделекті жою мақсатында біз кәсіпорындарымыздың жанынан жаңа өндіріс орындарын ашудамыз. ENRC құрамындағы Павлодар машина жасау зауыты крандар мен металл құрылымдарды жеткізеді, ал «Шұбаркөл көмір» АҚ арнайы кокс өндіреді. Атап өту керек, аталған өнімді осы саладағы өзге де кәсіпорындар сатып алады.

Біз Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының құрамына кіретін Ақсу ЖЭС турбиналарын күрделі жөндеуді жалғастырып, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне өз үлесімізді тигіземіз.

Жыл сайын АММ-нің негізгі серіктестігі атанатын ENRC осы жылы «Алтын Гефест» байқауы аясында өзінің номинациясын жариялады – «Энергия сақтау аласындағы үздік шешім».

Алайда ENRC-дің басты байлығы зауыттар емес, адамдар. Сондықтан, корпорация «Жыл медиа жобасы» номинациясында тау-кен саласындағы Еңбек адамы туралы үздік журналисттік жұмыс үшін арнайы премия тағайындады.

Конгреске қатысушылар пренарлық отырысытар аясында тау-кен саласының тұрақты дамуына қамтамасыз ететін қадамдар қабылдайды деп сенемін.

«Astana Mining & Metallurgy» IV Халықаралық тау-кен металлургия Конгрессіне қатысушыларына табысты жұмыс тілеймін!

Құрметпен,

ENRC PLC Феликс Вулис
Бас атқарушы директоры


 

Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Сауда өкілдігінің атынан «ASTANA MINING AND METALLURGY-2013» ІҮ Халықаралық кен-металлургиялық конгресcінің қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін және сіздерді конгресcтің ашылуымен құттықтаймын.

«АММ» конгресcі пайда болғалы кен-металлургиялық кешен саласында маңызды жаңалық болды, ол кен қазу және металлургиялық өнеркәсіп кәсіпқойларының басын біріктіреді, заманауи жетістіктермен, жаңа технологиялармен және заманауи идеялармен таныстырады. Бұл келешектегі даму мен ынтымақтастық үшін мықты қарым-қатынастардың бастау алуына мүмкіндік беретін құрылымдық кездесулер мекені.

Бізді осы Конгресcке ресейлік компаниялардың қатысып отырғаны қатты қуантады, бұл олардың осы нарықтағы сәтті жұмыстарының дәлелі болып табылады.

«ASTANA MINING AND METALLURGY-2013» Халықаралық кен-металлургиялық конгресcінің қатысушылары мен қонақтарына шын көңілден жемісті қарым-қатынастар, осы іс-шарада алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізді, жаңа серіктестер мен достар табуларыңызды, кәсіби салаларыңызға сәттіліктер мен табыстарды тілеймін!

Қазақстан Республикасындағы
Ресей Федерациясының
Сауда өкілі

А.В. Яковлев