16-шы Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

15-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ АММ КОНГРЕСІ АСТАНАДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ: 20 ЕЛДЕН 1 300 ДЕЛЕГАТ САЛАНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН ЖИНАЛДЫ

4 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДАҒЫ HILTON ASTANA ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ 15-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ASTANA MINING & METALLURGY АММ 2025 КОНГРЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ.

amm25 1st 25

Бұл іс-шара дәстүрлі түрде мемлекет, бизнес, халықаралық серіктестер мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы стратегиялық диалогтың басты алаңына айналды. Конгресстің мерейтойлық жылы мен елде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылының сәйкес келуі іс-шараға ерекше маңыз беріп, адам капиталының дамуы мен тау-кен металлургия кешенінің технологиялық трансформациясы арасындағы тығыз байланысты көрсетті.

2025 жылы Конгреске Австрия, Ұлыбритания, Германия, Еуроодақ, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Чили, Жапония және Тәжікстан сияқты 20 елден 1 300 делегат қатысуда. Бұл кең халықаралық қызығушылық АММ-ның стратегиялық диалог, тәжірибе алмасу және серіктестік орнату платформасы ретіндегі жоғары беделін тағы бір мәрте дәлелдейді.

 amm25 p3 03

Конгресс жұмысының бірінші күнінде саланың дамуындағы негізгі бағыттарды қамтитын мәселелер қарастырылды. Әсіресе, «ТМК трансформациясы: жаһандық сын-қатерлер мен нарық өзгерістеріне жауаптар» тақырыбындағы Пленарлық отырыс ерекше назар аудартты. Шикізатқа, геологиялық барлау алаңдарына және стратегиялық материалдарға қол жеткізу үшін бәсекелестік күшейген жағдайда, спикерлер саланың тұрақты дамуына, жеткізілімдерді әртараптандыру саясатына және инвестиция тартуға қатысты жаңа тәсілдерді талқылады. Пленарлық отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау болды. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, NFC басқарма төрағасы Лю Юй, CRIRSCO президенті Гарт Киркхэм, «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры Серік Шахажанов, Басқарма мүшесі - «Qarmet» АҚ қаржы және стратегиялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Зәуре Зәуірбекова, Hatch компаниясының жаһандық басқарушы директоры Тина Армстронг және McKinsey & Company серіктесі Сергей Соколов болды. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау құттықтау сөзінде: «15 жыл ішінде Конгресс тау-кен металлургия саласының ең маңызды форумы, маңызды салалық жобалар таныстырылатын, стратегиялық келісімдер жасалатын, реформалар мен өзекті мәселелер талқыланатын алаңға айналды. 15 жыл ішінде АММ алаңына 62 елден 14 908 делегат, 830 экспонент, 1 625 спикер және 1 662 B2B кездесу өтті», – деп атап өтті.

amm25 p3 05

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан: «2024 жылы ТМК-ның ЖІӨ-дегі үлесі 8% құрады, ал өндірілген өнім көлемі 14,3 трлн теңгеден асты. Инвестициялар 12%-ға артып, $3,6 млрд деңгейіне жетті. Өнім экспорты $21,4 млрд құрады. Жақын болашақта жалпы құны 3,5 трлн теңгеден асатын бес ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл шамамен 8 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Соңғы 10 жылда алтын құрамды кен өндіру 2,2 есе, ал аффинирленген алтын өндірісі 2 есе артты. Бұл Қазақстанға әлемдегі алтын қоры бойынша ТОП-20 елдің қатарына кіруге мүмкіндік берді.

amm25 p3 06

Бұл көрсеткіштер саланың жоғары даму деңгейін және оның жаһандық экономикамен тығыз интеграциясын көрсетеді», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Министр 2025 жылы Қазақстанда алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылатынын айтты. Жаруға төзімді никель қорытпаларын, галлий мен интерметаллидтерді өндіру технологиялары дамып жатыр. Болашақтағы басым бағыт – бұл химиялық және технологиялық қайта өңдеу сатыларын ел ішінде жүзеге асыру және стратегиялық маңызы бар компоненттерді өндіру. И. Шархан атап өткендей, Қазақстан салада жан-жақты даму жолында біртіндеп ілгерілеп келеді.

Конгресс аясында күн бойы В2В кездесулер белсенді түрде басталды. Барлығы 387 В2В кездесу жоспарланған, олардың мақсаты – серіктестік орнату және бірлескен бастамаларды іске асыру.

АММ 2025 Конгресі аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – үкіметаралық кездесу болды, онда Еуропалық комиссияның өнеркәсіптік саясат жөніндегі директоры Жоаким Нуньес де Алмейда «Сарытоған» жобасының Еуропалық Одақтың стратегиялық жобалар тізіміне ресми түрде енгенін жариялады.

Бұл мәртебенің берілуі Еуропалық комиссияның «Сарытоған» жобасын дамытуға инвестиция тарту процесін бастағанын білдіреді. Бағалауларға сәйкес, жобаның жалпы капиталы $62–344 млн аралығында болады. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия қазақстандық кәсіпорынға еуропалық серіктестермен оффтейк-келісімшарттар жасауға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, бұл өнім өткізу арналарының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жобаның инвестициялық тартымдылығын арттырады.

amm25 1st 14

Осы шешімнің маңыздылығын ескере отырып, АММ 2025 аясында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен арнайы марапаттау рәсімі өтті.

«Сарытоган» жобасы Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы өнеркәсіптік серіктестікті нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырылады, сондай-ақ ЕО-ның жасыл және цифрлық трансформацияға қажетті маңызды материалдармен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ стратегиясының бір бөлігі саналады.

Конгреспен қатар көрме де өз жұмысын бастады. Құрметті қонақтар мен Пленарлық отырыс спикерлері АММ 2025 көрмесінің экспозициясымен VIP тур аясында танысты. АММ 2025 көрмесіне 12 елден 50 компания қатысты, олардың қатарында Германия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция және Жапония бар. Қатысушылардың ішінде 35-і — қазақстандық компаниялар, бұл жергілікті өндірістік және технологиялық әлеуеттің артып келе жатқанын көрсетеді. Халықаралық блокты 15 шетелдік компания құрады, олар ТМК саласына арналған заманауи шешімдерді – автоматтандыру, цифрлық егіздер, еңбекті қорғау жүйелері, тұрақты қайта өңдеу технологияларын ұсынды.

Сонымен қатар, Конгресс аясында 6 стратегиялық панельдік сессия өтті. Олар мына тақырыптар бойынша ұйымдастырылды: «Техногендік минералдық түзілімдер мен қалдықтарды қайта өңдеу: ресурстарды тиімді басқарудың үздік тәжірибелері»; «Геосаяси өзгерістердің ESG үрдістеріне әсері»; «Қазақстанның ТМК: қиындықтарды еңсеру»; «Орта Азияның стратегиялық хабы: Қазақстан – Маңызды Шикізат Минералдары-ның жаһандық жеткізу тізбегінің бір бөлігі»; «Қазақстан Республикасындағы тау-кен кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету»; «Қазақстандағы геологиялық барлау – қазіргі жағдайы, сын-тегеуріндер және оларды шешу жолдары». Аталған сессиялар жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның тау-кен металлургия саласының жүйелі сын-қатерлері, трансформациялық процестері және орнықты дамудың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды зияткерлік алаңға айналды.

amm25 1st 01

Стратегиялық күн тәртібін толықтыра отырып, бірінші күні бірқатар халықаралық сессиялар өтті. Олардың қатарында: «Серіктес елдердің геологиялық қызметтерінің отырысы»; «Мүмкіндіктерді ашу – Швеция мен Қазақстан: орнықты тау-кен өндірісі, цифрлық шешімдер және жасыл трансформация»; «Жаңа технологиялар, тәжірибе және заманауи шешімдер – бәрі бір жерде: Қазақстанның тау-кен өндірісі үшін Канададан үздік үлгілер»; «Ұлыбритания мен Қазақстан: екіжақты ынтымақтастықтың кейсі» сессиялары болды.

Бұл сессиялар халықаралық диалогты нығайтуға, технология трансферін ілгерілетуге, сондай-ақ цифрландыру, декарбонизация және тау-кен металлургия кешенінің орнықты дамуына аймақтық және жаһандық деңгейде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етті. Инвестициялық Road Show CNMC және NFC: Казахстан – Қытай екі ел арасындағы өндірістік-технологиялық ынтымақтастықты тереңдету және инвестициялық әлеуетті көрсету үшін маңызды алаңға айналды.

Сонымен қатар, бейресми және достық форматта PR-ланч өтті, онда Қазақстанның жетекші салалық БАҚ өкілдері, баспасөз қызметтері мен PR-мамандар беделді басқару және дағдарысқа қарсы коммуникациялар мәселелерін талқылады.

Ертең, 5 маусым күні, АММ Конгресінің жұмысындағы екінші күні VІ Қазақстанның алтын өндірушілері форумы, VІ Қазақстан көмір өнеркәсібі форумы, Қазақстан зергерлерінің конгресі, сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өтеді: «Жасанды интеллект дәуіріндегі ТМК: жаңа жаңалықтар», «Тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі ілеспе технологиялар – өндіру тиімділігін арттыру», «Ел ішіндегі құндылық және салалар арасындағы кооперация» және «Инвестициялық мүмкіндіктерді ашу: Қазақстанның тау-кен секторын қаржыландыру». GR-мамандарға арналған арнайы сессиялар өтеді, онда қатысушылар тәжірибе алмасып, GR саласындағы қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылайды. HR, PR, GR meet-up – бұл мемлекеттік сектор өкілдерімен сапалы іскерлік байланыс орнатуға және дағдарыс жағдайындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін алаң. Іскерлік бағдарламаның соңында негізгі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар модераторларының қатысуымен сұхбат форматында Форсайт-сессия өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.

Мемлекеттік серіктесі: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Алтын серіктестері: Евразиялық топ (ERG), Solidcore Resources, KAZ Minerals, Kazzinc, CoreX Holding, Kazakhmys. Күміс серіктестері: Komatsu Central Asia, Hatch, Qarmet. Қола серіктестері: Telko Central Asia, SGS Kazakhstan, Fakoor Sanat Tehran Engineering, Dassault Systemes, Beeline Business Kazakhstan, TURANINDUSTRIAL.

  • -де жасалған