KAZ MINERALS – AMM 2025 АЛТЫН СЕРІКТЕСІ
KAZ MINERALS ТОБЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ 4–5 МАУСЫМЫНДА АСТАНАДА ӨТЕТІН XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ AMM 2025 ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ АТАНДЫ.
KAZ Minerals – Қазақстанда ірі көлемді, аз шығынды карьерлік мыс өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті жоғары тау-кен компаниясы. Топ Абай облысындағы Ақтоғай мыс кеніші мен Орлов кеніші және аттас байыту фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кен орнында, Шығыс Қазақстан облысындағы екі жер асты кеніш пен байыту фабрикасында, сондай-ақ Қырғызстандағы мыс-алтын Бозымчак кен орнында өндірістік қызмет жүргізеді. 2024 жылы KAZ Minerals компаниясының жалпы мыс өндіру көлемі 380 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, қосалқы өнім ретінде 145,8 мың унция алтын, 3,7 млн унция күміс және 42,8 мың тонна мырыш концентраты өндірілді.
Компанияның негізгі өндірістік активтері – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы өндіріс көлемінің алдыңғы қатарлы өсімін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты әлемдік деңгейдегі ашық мыс кеніштері басым ресурс портфелі бар компанияға айналдырды. Сульфидті кенді өңдеу қуаттылығын екі есе арттыруға бағытталған Ақтоғай кен орнын кеңейту жобасы 2021 жылғы қазанда ресми іске қосылып, алғашқы өнім жеткізілімдері желтоқсан айында басталды.
KAZ Minerals Қазақстан мен Қырғызстанда 14 000-нан астам қызметкерді жұмыспен қамтып отыр және білікті кадрларды даярлау мен жұмысшы мамандықтарын қолдауға баса мән береді. Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы жариялануына байланысты, KAZ Minerals-тың AMM 2025 шарасына алтын серіктес ретінде қатысуы ерекше маңызға ие – бұл компанияның өндірістік сектор мен жұмысшы кәсіптердің тұрақты өнеркәсіптік өсудің негізі ретіндегі рөлін алға жылжытуға деген берік ұстанымын көрсетеді.
- -де жасалған