15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ҰЛТТЫҚ «АЛТЫН ГЕФЕСТ» 2025 БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ АШЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ASTANA MINING & METALLURGY (АММ) КОНГРЕСІ АЯСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН ӨТЕТІН БЕДЕЛДІ «ЗОЛОТОЙ ГЕФЕСТ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫН ҚУАНА ХАБАРЛАЙМЫЗ.  

Биылғы іс-шара 2025 жылғы 4-5 маусым аралығында Қазақстан астанасы – Астана қаласында өтеді. 

«Алтын Гефест» байқауы – тау-кен металлургия кешені (ТМК) мамандарына арналған республикалық деңгейдегі басты кәсіби марапат. Бұл – саладағы үздік жетістіктерді мойындау, кәсіби өсуді қолдау, тәжірибе алмасу және инновациялық идеяларды насихаттау үшін бірегей алаң. 

Байқаудың маңыздылығы оның тау-кен металлургия саласының әртүрлілігі мен кешенділігін көрсететін кең ауқымды номинацияларымен айқындалады. 2025 жылы байқау келесі номинацияларды қамтиды:  

  • Жыл геологы  
  • Жыл тау-кеншісі 
  • Жыл металлургы 
  • ТМК саласындағы әйелдер 
  • Жыл кеншісі  
  • Жыл байытушы маманы 
  • Жылдың үздік әлеуметтік жобасы  
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы  
  • Жыл тәлімгері  
  • Жыл педагогы  
  • Үздік дипломдық жұмыс  
  • Жыл медиа жобасы - ТМК туралы баспасөз бен Интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс  
  • Жыл медиа жобасы - ТМК туралы ТВ-дағы ең үздік журналистік жұмыс  
  • Үздік ESG стратегиясы  
  • ТМК саласында үздік digital-шешім 

Конкурсқа қатысу барлық мүдделі мамандар мен ұйымдар үшін ашық. Кандидаттарды кәсіпорын ұжымдары ұсына алады немесе өз бетінше қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 20 мамырға дейін жалғасады. 

Халықаралық тау-кен металлургия АММ конгресі – бұл сала мамандары үшін маңызды іс-шара, оның аясында байқау өтеді. Қатысушыларды конференциялар, көрмелер және панельдік пікірталастардан тұратын мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді.  

«Алтын Гефест 2025» байқауына қосылып, Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жылдың басты іс-шарасының бір бөлігі болыңыз! 

Конкурс туралы толығырақ ақпаратты www.miningtalents.kz сайтынан біле аласыз. 

  • -де жасалған