ӨСУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ: АММ ФОРСАЙТ-СЕССИЯСЫ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖИНАДЫ
АММ 2025 КОНГРЕСІНІҢ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН «ФОРСАЙТ-СЕССИЯ: ҚОРЫТЫНДЫЛАР» БІРЕГЕЙ ІС-ШАРА БОЛЫП САНАЛДЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСТЫ СЕССИЯЛАРДЫҢ БІРІ ДЕУГЕ БОЛАДЫ.
Бұл сессияның ерекшелігі — модераторлар спикер ретінде сөз сөйлеп, Конгресс аясындағы панельдік сессиялардың қорытындыларын ұсынды. Олардың барлығы тау-кен металлургия саласын реформалау бойынша дайын стратегиялық ұсыныстар іспеттес болды. Сессияның модераторы — Qarmet компаниясының стратегиялық даму жөніндегі директоры Тұрар Жолмағамбетов. Төменде қатысушылардың пікірлерінен үзінділер келтірілген:
- Ғалымжан Төребек, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары: «Болашақтағы жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде: графиттің кен орны – әлемдегі ең таза кендердің бірі, сондай-ақ молибден өндірісі шетелдік серіктестермен — әлемдік ірі ойыншылармен бірге жүзеге аспақ. Сонымен қатар, ол Конгрессің салалық маңызын ерекше атап өтті: «Бұрын АММ көбіне отандық бизнес үшін алаң болса, бүгінде біз ондаған компаниядан тұратын шетелдік делегацияларды қабылдаймыз және олармен диалог жүргіземіз».
- Қанат Байтов, «Драгмет» қауымдастығының атқарушы директоры: «Біз алтын өндірушілердің алтыншы форумын өткіздік. Қазіргі таңда Қазақстан кәсіпорындарындағы алтын өндіру көлемі 70 тоннаға жетті. Бұрын бұл қиял сияқты болатын, ешкім сенбейтін. Алайда қазір біз бірнеше жылдан бері аффинирленген алтын өндіріп келеміз, әрі бұл көрсеткіш өсіп жатыр. Келесі кезең – зергерлік өнеркәсіптегі өңдеуді арттыру. Алтын бар – енді қосылған құн жасауымыз керек».
- Тимур Одилов, Haller Lomax компаниясының серіктесі: «Біздің сессиямыз қазіргі және жаңа инвесторлармен, оның ішінде шетелдік және отандық жер қойнауын пайдалануға сенген тараптармен сұхбат түрінде өтті. Олардан: «Қазақстаннан не күтесіздер, не себепті жаңа жобаларға инвестиция құясыздар?» – деп сұрадық. Барлығының жауабы бір: «Ережелердің тұрақтылығы мен біртіндеп ілгерілеу қажет. Біз осы шарттармен келдік және солардың негізінде дами бергіміз келеді. Қайта кері бұрылыс болмасын».
- Николай Радостовец, Тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры: «Қазір болып жатқан жағдайлардың барлығы Конгресс қорытындысы бойынша жинақталған құжат әзірлеуді талап етеді – жәй ғана жиналып, пікір алмасу жеткіліксіз. Қоғам АММ-де салалық пікірлер бір арнаға тоғысқанын білуі тиіс. Біз бәріміз бұл жұмысқа қатысып, тау-кен металлургия қауымдастығының конструктивті ұстанымын біріктіруіміз керек. Шешуді қажет ететін және реформа сұранып тұрған көптеген мәселелер бар».
- Виктор Коваленко, EY компаниясының Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және тұрақты даму қызметтерінің аймақтық директоры: «Қазақстанға критикалық минералдар секторын дамыту үшін халықаралық стандарттарға сәйкес қорларды бағалау, яғни сапалы бағалау қажет екенін талқыладық. Сондай‑ақ, серпінді технологиялар, су ресурстарын тиімді пайдалану, білікті кадрларды дамыту, юниорлық компанияларды ілгерілету және елде металлургияның жалпы дамуы үшін бағдарлау керек. Сала үшін мемлекет тарапынан ойын ережелері түсінікті болуы, заңнаманы кенет өзгерістерсіз сақтау, сондай‑ақ өндіру мен тасымалдауға арналған инфрақұрылымды дамыту маңызды».
- Ерлан Ғалиев, ҚР Ұлттық геологиялық қызметі төрағасының орынбасары: «Көптеген спикерлер Қазақстанда геологияны дамыту бірінші кезектегі міндет болуы тиіс екенін айтты. Өйткені жер қойнауын білу инвестициялық климатты ғана емес, экономика негізін қалыптастырады».
- Ербол Исмаилов, Qarmet басқарушы директоры: «Біз сарапшылар ретінде еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарауды және жақсартуды, сондай-ақ біліктілік талаптары мен аттестацияға деген көзқарастарды өзгерту керектігін ұсындық. Қақтығыстарды басқару мәселелеріне арналған сессияда нақты кейстер қаралды. Негізгі қорытынды: «үнсіздік – алтыннан қымбат», өйткені ол үлкен репутациялық және өндірістік тәуекелдерге әкеледі».
- Александр Шурилов, ERG Exploration бас геологы: «АММ жыл сайын іс-шараның көрсетушілігі бойынша жоғары стандарттар қояды және сақтайды. Геологиялық барлау – өте ауқымды тақырып, оны бір сессияда түгел ашу мүмкін емес. Бірақ біз геологиялық барлаудың негізгі аспектілеріне – жаңа инновациялық әдістерге, компаниялардың кейстеріне нақты тоқталдық. Сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде ескеру қажет әлеуметтік және экологиялық процесстерді де қарастырдық».
Форсайт-сессия іскерлік бағдарламаның жай ғана қортындысы ғана емес, сала бойынша сарапшылардың пікірін біріктіру және даму үшін нақты қадамдар жасау алаңы болды. Осындай форматтар АММ-ді жыл сайынғы кәсіби кездесуден тыс, елдің барлық тау-кен металлургия кешені үшін стратегиялық күн тәртібін қалыптастыратын нақты құралға айналдырады.
Іс-шараны ұйымдастырушы — Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Мемлекеттік серіктесі: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Алтын серіктестері: Еуразиялық Топ (ERG), Solidcore Resources, KAZ Minerals, Kazzinc, CoreX Holding, Kazakhmys.
Күміс серіктестері: Komatsu Central Asia, Hatch, Qarmet.
Қола серіктестері: Telko Central Asia, SGS Kazakhstan, Fakoor Sanat Tehran Engineering, Dassault Systemes, Beeline Business Kazakhstan, TURANINDUSTRIAL.
- -де жасалған