2025 ЖЫЛҒЫ 4 МАУСЫМДА АСТАНАДА 15-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕТАЛЛУРГТЕР КОНГРЕСІ АЯСЫНДА «ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР – БАРЛЫҒЫ БІР ЖЕРДЕ: КАНАДАДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЕШІМДЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ТА
СЕССИЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КАНАДАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Іс-шара барысында тау-кен өндіру, инженерлік шешімдер, цифрландыру және орнықты технологиялар саласындағы жетекші компаниялардан құралған канадалық бизнес-миссия өкілдері өз мүмкіндіктері мен озық тәжірибелерін ұсынды.
Сессияны «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы Нариман Абсаметов ашып, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін дамытуда халықаралық технологиялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара Конгресс қатысушылары — қазақстандық компаниялар, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Талқылау барысында Канада тарапынан сәтті іске асырылған жобалар ұсынылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сессия қорытындысы бойынша тараптар тау-кен металлургия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.
- -де жасалған