16-шы Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

КАЗЦИНК – AMM КОНГРЕСІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ

«КАЗЦИНК» КОМПАНИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒЫ 4–5 МАУСЫМДА АСТАНАДА ӨТЕТІН XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ АТАНДЫ. 

kazccink logo

«Казцинк» — мырыш өндіру бойынша ірі біріктірілген кәсіпорын, сондай-ақ мыс, бағалы металдар мен қорғасынның қатар жүретін өндіріс үлесі де жоғары. Компанияның кәсіпорындары Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан. «Казцинк» 1997 жылы құрылған. Негізгі инвесторы — Glencore International AG. Компания осы уақыт аралығында өндірістік қуаттарын арттырып, өнім көлемін едәуір ұлғайтты. 

«Казцинк» түсті металдарды өндірудің толық цикліне: кен өндіруден бастап металдарды алуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын интеграцияланған сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және еңбекті қорғау менеджмент жүйесін жасап, сертификаттады. Сонымен қатар, бұл жүйеге инфрақұрылым, көлік, ресурстармен қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелер де кіреді. Компания өз қызметін жүргізіп отырған өңірлердің әлеуметтік дамуына белсенді қатысып, маңызды жобаларға инвестиция салады, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізе отырып, Қазақстандағы цифрлық өндіріс көшбасшыларының біріне айналуға ұмтылады. 

  • -де жасалған