15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ERG – «АЛТЫН ГЕФЕСТ» ҰЛТТЫҚ САЛАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ БАС СЕРІКТЕСІ ЖӘНЕ AMM 2025 КОНГРЕСІНІҢ АЛТЫН СЕРІКТЕСІ

2025 ЖЫЛДЫҢ 4-5 МАУСЫМЫНДА АСТАНАДА XV МЕРЕЙТОЙЛЫҚ AMM ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ.

Бұл – саланың ірі оқиғаларының бірі, онда бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығы бас қосады. Дәстүр бойынша, Eurasian Resources Group (ERG) Конгрестің алтын серіктесі, ал «Алтын Гефест» ұлттық салалық сыйлығының бас серіктесі ретінде қатысады. 

erg logo

ERG – Қазақстандағы жетекші өндірістік кәсіпорындардың бірі және ферроқорытпалар, мыс пен кобальт өндіретін әлемдік ірі өндірушілердің бірі. Компания цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, өндірісті басқаруда орнықты тәсілдерді дамытып, көміртек ізін азайту мен энергия тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. 

«Алтын Гефест» премиясын алғашқы күннен бастап қолдап келе жатқан ERG компаниясы салалық стандарттарды жетілдіруге, кәсіби жетістіктерді тануға және тау-кен металлургия саласының беделін арттыруға зор мән береді. Бұл марапатты иелену – кәсіби мойындаудың белгісі және саланың жоғары сапа өлшемі саналады. 

AMM 2025 Конгресі мен «Алтын Гефест» сыйлығы сияқты екі ірі салалық оқиғаның серіктесі болу – ERG компаниясының сала дамуына, жас таланттарды қолдауға және озық бастамаларды ұлттық әрі халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосып отырған үлесін айқын көрсетеді. 

  • -де жасалған