МАНСАПТЫҚ ӨСУГЕ АРНАЛҒАН ПЛАТФОРМА: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА AMM 2025 АЯСЫНДАҒЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ
2025 ЖЫЛДЫҢ 4–5 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА HILTON ASTANA ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ ӨТЕТІН 15-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ASTANA MINING & METALLURGY – AMM 2025 КОНГРЕСІ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауына байланысты, бұл жәрмеңке ерекше маңызға ие. Бұл шара жұмыс табу алаңы ғана емес, сонымен қатар ел экономикасының дамуына негіз болатын мамандар еңбегінің маңыздылығын мойындаудың белгісі болмақ.
Президент Тоқаев «Кәсіптік білім беру реформасы экономиканың өсуі мен оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды» екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «адал әрі табанды еңбегімен жетістікке жеткен адамдар әрдайым құрметке ие болуы тиіс» деп мәлімдеді. Бұл сөздер мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және жас мамандардың лайықты еңбек етуі мен мансаптық дамуына жағдай жасауға ұмтылысын көрсетеді.
AMM 2025 аясындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тәжірибесі бар мамандар мен жас мамандарға ERG, KAZ Minerals, Kazakhmys, Qarmet, Solidcore Resources және Kazzinc секілді саланың жетекші компанияларында жұмыс табуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Қатысушылар бұл компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, қазіргі және болашақтағы бос орындар туралы ақпарат алып, жұмыс берушілердің талаптары мен үміттері жайлы біле алады.
Бұл компаниялар тау-кен металлургия кешенінің әртүрлі бағыттарын қамтитын кең ауқымды бос жұмыс орындарын, тағылымдамаларды және даму бағдарламаларын ұсынады.
Неліктен жәрмеңкеге қатысу маңызды:
- Саланың жетекші жұмыс берушілерімен тікелей байланыс;
- Қазіргі және болашақтағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
- Компаниялардың талаптары мен үміттері жайлы білу;
- Мансаптық мүмкіндіктерге арналған мастер-класстары мен таныстырылымдарға қатысу.
Жылдың ең ірі салалық іс-шарасының бір бөлігі болуға және жаңа мансаптық мүмкіндіктерге қадам жасауға асығыңыз!
Жәрмеңкеге қатысу тегін. Қатысу үшін amm.kz ресми сайтында AMM2025JOB промокоды арқылы алдын ала тіркелу қажет.
Өткізілетін күні мен орны:
- Күні: 2025 жылғы 4–5 маусым
- Орны: Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14, Астана, Қазақстан
- -де жасалған