15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

АММ КОНГРЕСІНІҢ ҚОЛА СЕРІКТЕСІ – TELKO КОМПАНИЯСЫ

2025 ЖЫЛҒЫ 4-5 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ASTANA MINING & METALLURGY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ.  

telko logo

Көп жылдан бері АММ іскерлік байланыстар орнатудың, инвестиция тартудың және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі алаңы болып келеді. Бұл өзара әріптестіктің маңызды бөлігі сала көшбасшыларымен әріптестік орнату болып саналады. Биыл Telko Орталық Азия компаниясы Конгреске қола серіктес ретінде қатысып, салалық диалогтың дамуына және озық тәжірибе алмасуға өз үлесін қосады. 

Telko Орталық Азия компаниясы тау-кен металлургия өнеркәсібіне арналған өнімдерді импорттау және тарату сегментінде жетекші орын алады. Компанияның жоғары технологиялық логистика және сақтау жүйесі кенді байыту және металдарды өндіру процестерінің тиімділігін арттыру үшін қажетті еріткіштер мен химиялық өнімдердің кең ассортиментін жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. 

Telko Орталық Азия компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстанда ExxonMobil Chemicals өнімдерінің ресми дистрибьюторы бола отырып, сенімді және кәсіби серіктес ретіндегі беделін тұрақты түрде дәлелдеп келеді. 15 жылдан астам уақыт бойы Telko компаниялар тобы Шығыс Еуропа, Балтық елдері және ТМД елдерінде ExxonMobil Chemicals өнімдерін ұсынып келеді, бұл компанияның жоғары құзыреттілігін және орнықты серіктестік қатынастарын көрсетеді. 

Telko Орталық Азия компаниясының АММ Конгресімен әріптестігі қатысушылар мен қонақтарға бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Бұл химиялық өнімдерді жеткізу саласындағы озық технологиялар мен сараптамалық білімдерге қол жеткізуге жол ашады, соның арқасында кәсіпорындардың өндірістік тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығы артады. Іс-шара қонақтары Telko компаниясының инновациялық тәсілдерімен танысып, оларды нақты өндірістік жағдайда қолдану бойынша практикалық ұсыныстар ала алады. 

Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қосылыңыз, кәсіби өсудің және технологиялық прогрестің жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз. 

  • -де жасалған