KOMATSU CENTRAL ASIA КОМПАНИЯСЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ AMM 2025 КОНГРЕСІНІҢ КҮМІС СЕРІКТЕСІ АТАНДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР AMM 2025 КҮМІС СЕРІКТЕСІ РЕТІНДЕ KOMATSU CENTRAL ASIA КОМПАНИЯСЫН ЖАРИЯЛАУҒА ҚУАНЫШТЫ.
Бұл компания – тау-кен өнеркәсібіне арналған жоғары технологиялық жабдықтардың жетекші жеткізушісі. Komatsu Central Asia – карьерлік және құрылыс техникасын өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналатын Komatsu Ltd. компаниясының өңірлік өкілдігі. Компания автоматтандыру, тұрақты даму және тау-кен жұмыстарының тиімділігін арттыру саласындағы озық шешімдерімен танымал. Komatsu Central Asia компаниясымен серіктестік өңір өнеркәсібіне заманауи стандарттар мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді. AMM 2025 аясында компания өздерінің жаңа әзірлемелерін ұсынады, сондай-ақ конгрестің іскерлік бағдарламасына қатысып, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Бизнес өкілдерін, салалық сарапшылар мен кәсіби мамандарды AMM 2025-ке қатысып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен металлургия саласының басты іс-шарасының бір бөлігі болуға шақырамыз. Еске сала кетейік, 15-ші Халықаралық тау-кен металлургия Astana Mining & Metallurgy конгресі 4-5 маусым аралығында Астана қаласында өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
- -де жасалған