14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Қазақстан Лондон биржасында KAZRC стандарттарын тану жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Ұлыбританияда CRIRSCO стандарттарының есептілігі бойынша халықаралық комитет мүшелерінің жыл сайынғы жиналысы басталды. Қазақстан атынан ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев, KAZRC ассоциациясының атқарушы директоры Сауле Оразаева, Қазгеология АҚ төрағасының орынбасары Қадыржан Қауылдашев, ПОНЭН атқарушы комитетінің мүшесі Николай Еньшин қатысуда.

Әлемдік тау-кен өндіру секторында пайдалы қазбаларды іздеу және барлауға инвестиция тартуда бәсекелестік күшеюде және бұл ұсынатын компаниялардың минералды ресурстар мен қорларды сапасына, толықтығына және бағалаудағы сенімділікті жоғарылатады.

100 нақты қадам Ұлт жоспарының 74 қадамына сәйкес, Қазақстанда CRIRSCO минералды ресурстар және қорларды бағалау, геологиялық барлау жұмыстары бойынша халықаралық есептілік стандарттарын енгізу бойынша белсенді жұмыстар жасалуда.

Осы мақсатты іске асыру барысында қазақстандық KAZRC стандарттары жасалып, 2016 жылы CRIRSCO стандарттарының құрамына қабылданған болатын. 2017 жылы KAZRC стандарттары ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану Кодексінде заң жүзінде бекітілді және оған өту екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа барлау және өндіру лицензияларына сәйкес KAZRC стандарты міндетті болып табылады. Кодекс күшіне енбес бұрын келісілген жер қойнауын пайдаланудағы қолданыстағы келісімшарттарға есептілік 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ҚР МҚК жүйесі бойынша ұсынылатын болады. Өтпелі кезеңде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану Кодексі бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарының тәртібін қадағалаудың кешенді нормативтік құқықтық актілері әзірленді.

CRIRSCO жыл сайынғы жиналысында жаңартылған халықаралық үлгісі қарастырылатын болады және оны бекіткен жағдайда KAZRC қауымдастығы KAZRC стандарттарына тиісінші өзгертулер енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарастыратын болады.

Және де жиналыста CRIRSCO мүшелігіне кіру бойынша Қытай, Индия, Малайзия, Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты үміткер-елдердің құжаттары қарастырылады. Қазақстанның CRIRSCO-ге қосылғаннан кейін 2016 жылы Индонезия, Колумбия және Түркия елдері халықаралық стандарттар комитетінің жаңа мүшелері болып бекіді.

Инвестиция тарту үшін маңызды факторлардың бірі алдыңғы қатарлы қор биржасы, атап айтқанда Лондон биржасы KAZRC стандарттарын мойындау.

Қазақстандық делегаттар Лондон биржасына (London Stock Exchange Group) барады және KAZRC стандарттарын танудың LSE талаптары мен механизмдерін талқылайды.

Көзі

  • -де жасалған