15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Жеңіс Қасымбек: сирек кездесетін элементтерді іздеуге инвестиция тарту үшін ынталандыру тетіктері қажет

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында геология және жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты жасаған баяндамасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан жинақталған тәжірибелер мен әдістемелерді пайдалана отырып, шикізаттың дәстүрлі түрлері бойынша жұмыс істеуді жалғастырып келеді. Ал, қазіргі заманауи тенденциялар мен технологиялар жаңа міндеттерді талап етеді.

«Мысалы, электромобильдердің қозғалтқыштары мен смартфондарға пайдалану үшін қажет сирек кездесетін металдарға деген сұранысты күрт күшейтті. Бағаның шикізат конъюнктурасы өзгерді. Кобальт, литий, палладий екі есеге өсті. Сарапшылар галлий, скандий, индий және басқа да сирек кездесетін металл бағаларының өсетінін болжап отыр.

Қазақстанның осы бағытта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қосымша бюджеттік қаржыландыру және инвестиция тарту үшін ынталандыру тетіктері қажет», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Осыған байланысты, Қазақстан юниорлық компаниялар арқылы геологиялық барлауға инвестиция тартуға мүдделі. Ол үшін 15-ші қыркүйектен бастап "Бірінші келді – Бірінші алды" принципі бойынша шамамен 85 мың блокты барлауға лицензия алу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бұл 197 мың шаршы километрден астам аумақ. Лицензия алу мерзімі бар болғаны 10 күн. 2019 жылы осы принцип бойынша блоктарды қосымша шығару жоспарлануда. Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта Қазақстанда 1,2 млн. км2 геологиялық зерттеуге қол жетімді екенін айтты. Талап етілген деңгейде 21% ғана зерттелді.

Геологиялық барлауға инвестициялар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары аясында "Қазгеология" АҚ Ұлттық компаниясы арқылы тартылады. Бұл Қазақстанның РиоТинто, Иллюка, Илдырым, Улмус сияқты геологиялық барлауға әлемдік көшбасшыларды тартуға мүмкіндік берді.

Бұл компаниялар тек ел аумағын зерттеп қана қоймайды. Сонымен қатар, технологиялар әкеледі.

Бұдан бөлек, соңғы үш жылда нормативтік-құқықтық базаны өзгерту бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

«Геология және жер қойнауын пайдалану саласы бойынша Инвестициялық тартымдылықты бағалайтын негізгі әлемдік рейтингті Фрейзер институты жасайды. Бұған дейін Қазақстан осы жерде 73-ші орынды иеленген болатын. Реформа жасағаннан кейін біз 49 позицияға көтеріліп, 104 елдің ішінен 24-ші орынға шықтық. Сонымен қатар, ескі келісімшарттарды жаңа режимге көшіру жөніндегі жұмысты бастадық және осы Кодекстің өтпелі ережелерінің бір бөлігін өзгертуді жалғастырамыз», - деді Инвестициялар және даму министрі.

Геологиялық дерек базасының және инфрақұрылымның сапасын арттыру үшін "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында "Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі құрылуда. Мұндай базалар Тау-кен мателлургия кешені нарығының барлық көшбасшы мемлекеттерінде бар. Бұл барлық тарихи геологиялық деректерді біріктіретін және оларды маңызды форматта қамтамасыз ететін жүйе. Бұл мемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің ашықтығын, берілген ақпараттың сенімділігін қамтамасыз етеді. Бұл инвесторлардың жер қойнауын пайдалануына қол жетімділігін жеңілдетеді және инвестиция ағынын арттырады. Бұл жобаны Қазгеология ұлттық компаниясы қаржыландырады және 2019 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Сонымен қатар Қарағанды қаласында халықаралық стандарттарға сай келетін халықаралық аккредиттелген коммерциялық зертхана құрылуда. Бұл инвесторларға ел ішінде қажетті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындарында 1 600-ден астам студент білім алып жатыр. "Болашақ" бағдарламасы бойынша 41 маман дайындалды. Дегенмен, салада кадр тапшылығы әлі де бар.

Көзі