Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

2012 жылғы 4-6 шілдеде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің Күндері болып өтеді.

 

2012 жылғы 4-6 шілдеде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің Күндері болып өтеді.

Осы салада бұрын-соңды болып көрмеген жобаны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі отандық таукен-металлургия кешеніндегі (ТМК) жыл сайынғы және басты оқиға деп жариялады. ТМК Күндерінің бағдарламасына кіргізілген аса ірі екі іс-шараға - «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) Үшінші Халықаралық таукен-металлургия Конгресіне және Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезіне – 1000-нан астам адам қатысады.

Қазақстанның Таукен-металлургия Күндерін өткізудің тұжырымдамасы
бәсекеге қабілетті экспортты ұлғайту және қайта қорытылу деңгейі жоғары өнім жасау, инновациялық әзірленімдерді ендіру және Қазақстанның ТМК-сін озық позицияларға бастап шығаруға тиіс білікті кадларды дайындау жөніндегі мемлекеттің индустриалдық-инновациялық саясатының негізгі міндеттеріне сай келеді.

Іс-шараның бірінші күні – 4 шілдеде – «Astana Mining & Metallurgy» (AMM 2012) Үшінші Халықаралық таукен-металлургия Конгресі өз жұмысын бастайды. Конгресс Қазақстан ТМК-сінің стратегиялық проблемаларын талқылау және халықаралық серіктестік жасау үшін ашық алаң болып табылады. Форумның басты тақырыбы «Барлау. Өндіру. Өңдеу». Конгресс бағдарламасында Алқа мәжілісі және геологтардың, таукеншілердің және металлургтардың үш тақырыптық сессиясы қамтылған. Қазақстан, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Ресей, Түркиядан келген 20-дан астам спикердің баяндама жасауы жоспарланған. АММ 2012 Конгресінің жұмысына әлемнің жетекші таукен-металлургия державаларының үкіметтерінің басшылары мен өкілдері, қатысушы-елдердің төтенше және өкілетті елшілері, салалық қауымдастықтар, жаһандық таукен-металлургия компаниялары қатысады. Оқиғаның маңызын АММ 2012 Конгресінің демеушілерінің беделді құрамы да растап отыр: «Гауһар Демеуші» - «Kazzinc»; «Алтын Демеушілер» «ENRC» және «ArcelorMittal» компаниялары болып отыр; «Күміс Демеуші» - «Altyntau»; «Қола Демеуші»  - «WorleyParsons Kazakhstan». Ресми әуемен тасымалдаушы «Air Astana» компаниясы болып табылады.

ТМК Күндері шеңберінде «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары жарияланады, сондай-ақ геология, металлургия, таукен және көмір өнеркәсібіндегі жетістіктер үшін салалық жүлделер табыс етіледі. «Алтын Гефест» конкурсының Бас Серіктесі «ENRC» компаниясы болып отыр. Сонымен қатар  
конгрестің бағдарламасы аясында «ТМК үшін инновациялар» және «ТМК үшін кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу көзделген.

Екінші күні Республикалық Таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ) өткізетін Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезі болып өтеді. Дәстүр бойынша оған өнеркәсіп орындарының, салалық кәсіподақтардың делегаттары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. Бұл қазақстандық құрамды дамыту, әлеуметтік серіктестік, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі саланың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған тұрақты диалог алаңы.

Қазақстанның таукен-металлургия саласының жетістіктері ТМК Күндерімен қатар өтетін көрме экспозициясында назарға ұсынылады. Көрменің құрылымы өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік және білім беру қатарларынан тұрады, олардың қатысушылары таукен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар, ғылыми орталықтар мен зерттеу институттары, консалтингтік және қаржы ұйымдары, сондай-ақ бейіндік университеттер мен колледждер, тренинг орталықтары болып табылады. Конгрестің ұйымдастырушылары – Iteca көрме компаниясы және ITE компаниялар тобы – шетелдік компанияларды қатыстыру арқылы биылғы жылдың экспозициясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның тау-кен металлургия кешені Күндерінің басты ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезінің ұйымдастырушысы – Республикалық Таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ)
және Республикалық таукен өндіруші және таукен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы. АММ 2012 Конгресінің ұйымдастырушысы қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания). Ресми қолдау көрсетіп отырғандар Астана қаласының Әкімдігі, «Самұрық» АҚ ұлттық әл-ауқат қоры, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ҚР ұлттық орталығы.

Іс-шараға ақпараттық қолдауды Қазақстанның және ТМД елдерінің барлық жетекші мамандандырылған және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), сондай-ақ алыс шетелдердің мамандандырылған БАҚ-тары көрсетіп отыр.

Қазақстанның Тау-кен металлургия кешенінің Күндері туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс деректеріне хабарласуларыңызды өтінеміз:

ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі – тел. (7172) 241962,

Iteca баспасөз қызметі – тел. (727) 2583437, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

ТМКҚ баспасөз қызметі – тел. (7172) 689601, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

  • Created on .