Қазақстан Президенті Жер қойнауы туралы кодекске қол қойды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске қол қойғаны туралы Мемлекет басшысының пресс-қызметі хабарлады.
Құжат пайдалы жер қазбаларының қорлары бойынша есептіліктің халықаралық стандарттар жүйесін және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бекітудің жеңілдетілген әдістерін енгізуді көздейді және осы саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларды жүйелеуге бағытталған.
Хабарламада айтылғандай, Кодекс мемлекеттің «Қазатомпром» ұлттық компаниясы арқылы уранды өндіруге басымдық құқық беруді көздейді, бұл ретте бірлескен кәсіпорындардағы ұлттық компанияның үлесі 51% кем болмауы тиіс.
Осыдан біраз бұрын Энергетика вице-министрі Махамбет Досмухамбетов: "Қазақстан үшін уран стратегиялық маңызды шикізат. Бұл жерде тиімділік талабын қоя отырып, уран кен орындарында оны өндіруге, игеруге мен бақылаудың балама шаралары сақталуы тиіс. Уранның жалпы қатты пайдалы қазбалар тізімінен бөлініп алынып, оған бөлек бөлімнің арналуының негізгі себебі осы болып табылады», - деп атап өткен.
Кодекстің басқа жаңашылдығы, жер пайдалану құқығын «бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша беретін австралиялық модельді енгізу, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің халықаралық жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттық қолжетімдігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын дайындау, уранды, көмір қабаттарының метанын игеруді реттеу, пайдалы қазбаларды старательдік игеруді енгізу болып табылады.
Сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар саласында жер қойнауын пайдалануға беру тәртібі лицензиялау арқылы жеңілдетілетін болады, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу барысында экологиялық және өнеркәсіп қауіпсіздігінің басымдылығы, қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу секторына инвестицияларды ынталандыру, жерасты суларын реттеу мәселелерін су заңнамасы иелігіне беру көзделеді.
Бұдан басқа, құжат лицензиялар мен келісімшарттар мазмұнын реттейтін нормаларға сәйкес ережелер орнату арқылы жер қойнауын пайдалану талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Құжат сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді және жер қойнауы мен оған байланысты объектілерді пайдалану құқығын беретін құзіретті органнан рұқсат алуды талап етпейтін жағдайларды да анықтайды.
«Базалық құрылыс материалдары» терминінің орнына «жалпы тараған пайдалы қазбалар» ұғымы енгізіледі, жалпы тараған пайдалы қазбалар тізбегіне жатқызылатын қазбалар нақтыланады.
Жер қойнауын пайдалану лицензиялары мен келісімшарттары көздеген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен игеруге және басқа да мәселелерге қатысты лицензия алу үшін өтінім беру барысындағы рұқсат алу процедураларының нормалары нақтыланады.
Сонымен қатар президент жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге жасалған сәйкес түзетулерге де қол қойды.