Мәжіліс жер қойнауы туралы кодекс жобасын мақұлдады
ҚР Парламент Мәжілісі Палатаның жалпы отырысында сәрсенбі күні екінші оқылымда жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасын мақұлдады, деп хабарлайды “Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің тілшісі.
Бұрын хабарланғандай, жобада пайдалы қазбалар қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін енгізу және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасаудың оңайлатылған әдісі қарастырылған және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың нормаларын жүйелендіруге бағытталған.
Екінші оқылымда Мәжіліс депутаттары бірқатар өзгертулер енгізді, соның ішінде: лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшартында көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу; жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды жарамсыз деп тану негіздерін айқындау және тағы басқалар.
Еске сала кетейік, жаңа кодекс “Қазатомөнеркәсіп” ҰК арқылы уран шығаруға мемлекеттің басым құқығын қарастырады, ал ұлттық компанияның бірлескен кәсіпорындардағы үлесі 51% -дан кем болмауы тиіс.
“Уран Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар шикізат болып табылады, мұнда ұтымдылық талаптарымен бірге уран өндіру, уран кен орындарын игеруге қатысты мемлекеттік бақылаудың тиісті шаралары сақталуы қажет”. Бұл уранды қатты пайдалы қазбалардың жалпы тізімінен алынып, оған бөлек бөлім арналғанының басты себебі”, - деді Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетов.
Кодекстің басқа да инновациялары - жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін австралиялық модельді енгізу, “бірінші келген бірінші алар” қағидаға негізделген, пайдалы қазбалардың қорларын есептеудің халықаралық жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу, уран, көмір қабаты метанды игеруді реттеу, пайдалы қазбаларды алтынгерлік өндіру болып табылады.
Ол сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар саласында лицензиялау арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдетеді, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басымдықты, қатты пайдалы қазбаларды өңдеуге инвестицияларды ынталандыруды, жерасты суларын өндіруді реттеу мәселелерін су заңнамаларын жүргізуге өткізуді көздейді.
Бұдан басқа, заң жобасы лицензиялар мен келісімшарттардың мазмұнын реттейтін нормаларда тиісті ережелерді белгілеу арқылы жер қойнауын пайдаланудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты нысандарды, сондай-ақ құзыретті органнан жер қойнауын және онымен байланысты нысандарды пайдалануға құқықты табыстауға рұқсатты талап етпейтін жағдайларды анықтайды.
“Кең таралған пайдалы қазбалар” ұғымы “негізгі құрылыс материалдары” термині орнына енгізіліп, кең таралған болып табылатын пайдалы қазбалар тізімі айқындалуда.
Жер қойнауын пайдалану бойынша лицензия мен келісімшартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленуде, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия алуға өтінім беру кезінде рұқсат етілетін рәсімдер бойынша нормалар айқындалуда.
Үкіметтің қорытындысына жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою бойынша операторды енгізу, жер қойнауын пайдаланудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияны қайтарып алуға негізді, кең таралған пайдалы қазбаларды игеруді реттеуді көздейтін бірқатар өзгерістер жіберілді.
Кодекс жобасының нормалары “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодекс жобасының (Салық кодексі) ережелерімен үйлестірілді.
Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ілеспелі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.