АСТАНАДА ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ IV ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Жаңа шындық көмір өнеркәсібіндегі жаңа үрдістерді қажет етеді. Қазіргі уақытта көмірді жеткізудің жаңа экспорттық бағыттарын іздестіру, қатты отынды байыту және жоғары құнды өнімдерге қайта өңдеу бойынша заманауи технологияларды енгізу, көмір химиясы мен көмірді таза және тиімді пайдаланудың басқа да жолдарын дамыту, өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көміртексіздендіру саясаты аясында көмір өндіру перспективаларын айқындау, өндірістің тиімділігін арттыру мәселелері өткір мәселе болып тұр.
Саланың осы және басқа да өзекті мәселелері 2023 жылғы 1 маусымда Astana Mining & Metallurgy XIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі шеңберінде өтетін Қазақстанның көмір өнеркәсібінің IV форумының алаңында талқыланатын болады.
«Жаңа энергетикалық парадигма жағдайында көмір саласын дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) ұйымдастырады.
Биылғы жылы Форум өз алаңында саланы дамытудың тұжырымдамалық мәселелерін талқылау, оны қазіргі жағдайда дамыту векторын айқындау, тәжірибе алмасу және әлеуетті әріптестермен іскерлік байланыстарды кеңейту үшін мемлекеттік органдардың, көмір өндіруші кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың басшыларын төртінші рет жинап отыр.
Қазақстанның көмір өнеркәсібі - экономиканың ірі салаларының бірі, ол Қазақстандағы электр энергиясының 70%-дан астамын өндіруді отынмен қамтамасыз етеді, кокс-химия өндірісінің толық жүктемесін қамтамасыз етеді, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 117 млн. тоннадан астам көмір өндірілді, бұл өткен жылғы өндіру деңгейінен бір жарым пайызға артық. 2022 жылы көмір экспорты 32,5 млн тоннаны құрады. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халық үшін 11,03 млн тонна, энергетикалық кешендерге – 64,4 млн тонна және өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,97 млн тонна көмір жөнелтілді.
Көмір табиғи жағдайларға тәуелділігі аз, ең арзан энергия ресурсы болып қала береді. Көмір өндіру құны баламалы және жаңартылатын энергия көздерінен едәуір төмен, бұл халық үшін электр энергиясының қолжетімділігіне, сондай-ақ отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, біздің елімізде барланған көмір қоры шамамен 34 миллиард тоннаны құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемдегі көшбасшы елдердің ондығына кіреді. Өнеркәсіп ондаған мың жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, елге экспорттық кіріс әкеледі.
Форум негізгі салалық іс-шара және көмір өнеркәсібінің өзекті мәселелерін кеңінен талқылауға, саланы бәсекеге қабілетті және инвестициялық тартымды етуге мүмкіндік беретін оны дамыту стратегиясын әзірлеуге арналған алаң болып табылады. 2019, 2021 және 2022 жылдары көмір форумын өткізудің оң тәжірибесі Қазақстан экономикасы үшін маңызды саланы дамыту бойынша мамандардың, жұртшылық пен мемлекеттік органдардың пікірлерін шоғырландыру үшін іс-шараның маңыздылығын растайды.
Байланыс деректері:
Форумға делегаттардың қатысу мәселелері бойынша мына телефон бойынша хабарласуға болады: +7-7172-689-612, электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
БАҚ аккредитациялау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7-701-027-89-74, электронной почте: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Форумға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://docs.google.com/forms/d/17TfhkKghyMJD4Ly8WVHULaACWS2f2HlX0PW1TL5-IF8/viewform?edit_requested=true
Форумға қатысу тегін.
ТМКҚ-ның баспасөз қызметі