14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

4.0 ИНДУСТРИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ ЕСЕБІНЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

4.0 ИНДУСТРИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ ЕСЕБІНЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

logo сolour

Tech Garden «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры

Tech Garden компаниясының бағыты өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялауда қолдау көрсету және 4.0. индустрия технологияларын белсенді енгізуді ынталандыру үшін экожүйені дамытуға бағытталған

Көрмеде ұсынылатын брендтер:

  • Индустриялық даму орталығы
  • Intellisense-Lab ТДО
  • Blockchain&Bigdata Lab ТДО
  • BIM+ зертханасының ТДО
  • Smart Industry Management Platform (SIMP)

лого IDClogo bim

 

 

 

Logo Blockchainлого IntellisenseLab

 

 

 

Компания активінде өнеркәсіптік компанияларды цифрландыруға арналған бірқатар құралдар бар.

• Smart Industry Management Platform (SIMP)

SIMP технологиялық платформасы өнеркәсіптің, технологиялық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, ЖОО-ң және тәуелсіз сарапшылардың өзара іс-қимылы үшін құрылған. Платформа технологиялық міндеттерді орналастыруға, қолайлы шешімдерді іздеуге, мемлекеттік қолдау шараларын алуға, бос жұмыс орындарын орналастыруға, сондай-ақ қызметкерлерді оқытуға және сертификаттауға мүмкіндік береді.

• Brains.app жасанды интеллекттің өнеркәсіптік платформасы

Вrains.app жасанды интеллекттің өнеркәсіптік платформасы тау-кен металлургия саласының өндірістік процестерін өндіруден жөнелтуге дейін оңтайландырады. Бұл платформа нақты уақыт режиміндегі деректермен үздіксіз синхрондалатын, мүмкін болатын «қиындықтарды» анықтайтын, технологиялық операциялардың орындалуын болжайтын және операторларға тиімді шешімдер қабылдауға көмектесетін цифрлық үдеріс екітармақтарын жасайды.

• Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін басқаруға арналған Blockchain және Big Data технологиялары

Бұл шешім кез келген ауқымдағы және құрылымдағы ұйымдардың қаржылық және операциялық көрсеткіштерін басқаруды жақсартуға арналған. MIS аналитикалық платформасы ішкі АТ-жүйелері, кеңсе пакеттері, интернет және әлеуметтік желілер, мобильді құрылғылар, аппараттық сенсорлар және т. б. қоса алғанда, гетерогенді көздерден алынған ұйымның сандық білімінің үлкен көлемін зияткерлік өңдеуге мүмкіндік береді.

баннер 1

• Консалтинг, оқыту және сертификаттау

Компания сарапшылары өнеркәсіптік кәсіпорынның бизнес және технологиялық процестерінің скринингін, цифрландыру стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірлеуді, технологияларды іріктеуді, пилоттық жобаларды сүйемелдеуді және іске асыруды, сондай-ақ 4.0. Индустрия бағыттары бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады

• AR / / VR виртуалды және толықтырылған нақтылық технологияларын қолданумен корпоративтік оқыту

Виртуалды және толықтырылған нақтылық (AR/VR) технологиялары бүкіл әлем бойынша тау-кен металлургия индустриясына интеграцияланды және қызметкерлерді оқыту үшін белсенді қолданылады: жабдықпен жұмыс, қауіпсіздік техникасын пысықтау және төтенше жағдайларға ден қою (нақты кеңістікті немесе модельденген локацияны немесе сценарийлерді виртуалдық 3d360 түсіруге негізделген ситуациялық интерактивті оқыту тренажерлері).

Көрмеде ұсынылатын өнім түрі:

  • Жасанды интеллект технологиялары
  • AR//VR оқыту технологиясы
  • Blockchain және BigData технологиясы
  • SIMP технологиялық платформасы
  • 4.0 Индустрия бағыттары бойынша оқыту және сертификаттау
  • Цифрландыру стратегиясын әзірлеу
  • Консалтинг және технологиялық жобаларды сүйемелдеу