Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

«Тау-Кен Алтын» өзінің жобалық қуатына қол жеткізді

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 2019 жылғы қараша айында өзінің жобалық қуатына қол жеткізіп, 25 тонна алтын өндірді. 12 айдың қорытындысы бойынша 27 тонна металл аффинаждау жоспарланып отыр, бұл жоспардың 108%-ын құрайды.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген журналистерге арналған брифингте «зауыт өзінің 6 жылдық жұмыс кезеңінде 92 тоннадан астам алтын тазартты, оның ішінде 11,52 тоннасы – толлинг қызметтері, 82,62 кг зергерлерге өткізілді, 80,83 тоннасы ҚР Ұлттық Банкіне тапсырылды. Осылайша, зауыт өнімінің негізгі көлемі елдің алтын валюта қорын толтыруға жұмсалып отыр» деп баяндады».

Сонымен қатар, Қанат Құдайберген ««Тау-Кен Алтын» өнімдерінің жоғары өтімділігі Лондондық бағалы металлдар нарығы қауымдастығыны (The London Bullion Market Association, LBMA) «GoodDelivery» сертификатымен расталғанын» атап өтті.

Зауыттың жобасы бағалы металлдарды тазарту саласындағы әлемдік ең үздік жобаларға сәйкес әзірленген. «Тау-Кен Алтын» ЖШС директоры Рүстем Мақұлбековтың айтуынша «өнімділігі жоғары және энергиялық тиімді жабдықтар, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдер өндірістік процесстердің қоршаған ортаға және адамдарға теріс әсер ету қатерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені, кәсіпорын қаланың ішінде орналасқан».

ҚР тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеке аффинаж өндірісінің стратегиялық маңыздылығын атап өткенін естеріңізге саламыз. 2011 жылғы индустриялық-инновациялық форумда Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда алтын өндіретін зауыт салу жөнінде тапсырма берген. «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының құрылысы 2012 жылғы 3 шілдеде басталды, ал 2013 жылғы желтоқсан айында кәсіпорын тазалығы 99,99%-ды құрайтын алтынның алғашқы құймасын шығарды.

Зауыт құрылысына салынған инвестиция сомасы - 5,5 млрд теңге. 2019 жылғы қазан айының соңындағы жағдай бойынша жиналған таза табыс (пайдалануға енгізілген сәттен бастап) шамамен 10 млрд. теңгені құрады. 2020 жылы «Тау-Кен Алтынның» мерзімінен бұрын өтімділікке шығуы жоспарланып отыр.

АНЫҚТАМА: «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың индустриалдық паркінің аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты – жылына 25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна тазартылған күміс. Штат саны – 65 адам.

Лондан қымбат бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығының (TheLondonBullionMarketAssociation, LBMA) «GoodDelivery» (сенімді өнім беруші) сертификаты – бұл алтынның халықаралық стандарттарға (сынамасы, мөлшері, салмағы, құймасының сыртқы түрі) сәйкестігін растау, сонымен қатар, оның кіршіксіз заңды тазалығына, сондай-ақ, кәсіпорын қызметінің сенімділігіне, ашықтығына және жақсы беделіне кепілдік болып табылады. «GoodDelivery» сертификаты бар бағалы металлдар барлық әлемдік биржаларда саудаға шектеусіз қабылданады.

Компанияның веб-сайтына кіріңіз

  • Created on .