Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

«Тау-Кен Самұрық» жасөспірімдер компаниялары жобаларына 5-тен 100 млн. АҚШ долларына дейін инвестициялауға дайын

TaukenSamruk 260«Тау-Кен Самұрық» ҰТК Қазақстанның тау-кен-металлургия секторында жұмыс істейтін юниорлық компаниялардың жобаларын инвестициялауға дайын. Бұл туралы компания басшысы Қанат Құдайберген Халықаралық Тау-кен металлургиялық конгресінің шеңберінде өткен Алтын өнеркәсіпшілерінің форумында айтты.

Геологиялық барлауға бағытталған юниорлық компанияларға Тау-Кен Самұрық бірегей өнім - бір терезе қағидаты бойынша жан-жақты жәрдемдесуді ұсынады. Әңгіме компанияның тау-кен секторын дамытуды жəне минералдық-шикізат базасын өндіруді ынталандыру бойынша міндеттерінің шеңберінде қаржылай, сараптамалық, сондай-ақ маркетингтік және мемлекеттік қолдау туралы болып отыр. Юниорлық компания – бұл дамудың бастапқы сатысындағы жобаларға бағдарланған шағын компания екенін атап өтеміз.

Қанат Құдайберген: «Тау-Кен Самұрық жобаға қатысу үлесі үшін жобаларды 5-тен 100 млн. АҚШ долларына дейінгі сомада инвестициялауға дайын. Қаржыландыруды Ұлттық компанияның өз қаражаты, стратегиялық әріптестердің жеке капиталы есебінен немесе қарыздық қаржыландыру жолымен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инвестициялар қатысу үлесін сату, IPO-ға шығу немесе дивидендтер арқылы қайтарылатын» айтты.

Қанат Құдайберген жобаларды іріктеу тетігі барынша ашық болатын түсіндірді. Ынтымақтастық пен бизнес жоспардың оңтайлы схемасы толық айқындалғаннан кейін Тау-Кен Самұрық геологиялық барлау жоспарын жоспарланған кезеңге дейін, яғни, JORC бойынша қорларды бекіту, ТЭН/BFS әзірлеуді аяқтау, немесе өндірісті іске қосуға дейін сүйемелдейді.

Сонымен бірге, форумға қатысушылар бастаманы қолдады және "əлемдік тәжірибеде юниорлық компаниялар геологиялық барлауда және жаңа кен орындарын ашуда анағұрлым табысты, сондықтан, юниорлық компаниялардың қызметі үшін қолайлы орта құру сала әлеуетін толық көлемде іске асыруға көмектесетінін" атап өтті.

Анықтама: "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы ұлттық компания болып табылады жəне қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу саласында жер қойнауын пайдалану бойынша тиімді қызметті, қоғамға табысталған тау-металлургия саласы акциялар пакетін тиімді басқаруды, тау-металлургия өнеркәсібінде жаңа ғылымды және тиімді технологияларды қажетсінетін салаларды әзірлеу мен енгізуді, республиканың минералды шикізат базасын молайтуды, кен орындарының баланстан тыс запасын игеруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ баспасөз қызметі

  • Created on .