Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
12-13 Маусым 2019
Нур-Султан, Қазақстан

2018 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі: бағдарламаның қалыптасу кезеңдері

19-22 маусым аралығында Астанада 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі өтеді. Әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда емес, тіпті ТМД аумағында алғаш рет өткізілуде. Мерейтойлық ДТК өткізуге Қазақстанның таңдалуы кездейсоқ емес. Мемлекет ресурстары бай минералдық-шикізаттық базадан құрылған: жер қойнауында периодты кестенің 99 элементі табылған, 5000 жұмыс істейтін кен орны, 60 тан астам элемент өндірісте пайдаланылады.

ТМК нарығы көрсеткіштері бойынша 2017 жыл Қазақстан үшін табысты аяқталғанын айтып кету қажет. Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,1%-ға өскен. Түсті металл кенін өндіру көлемі 8,2%-ға көбейіп, темір кенін өндіру көлемі 6,9%-ға өскен. Металлургия секторындағы көрсеткіштер жағымды серпінді көрсетеді, бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты: қара металлургияда көлем 6,6%-ға өскен, ал түсті металлургияда өндіріс 5,5% құрған.

2017 жылдың 27 желтоқсанында қол қойылған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс енгізілімі ең таңдамалы әлем тәжірибесіне сай: халықаралық есептілік стандарттары жүйесін енгізу тұрғысынан заң шығаруды жетілдіру жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау рәсімін жеңілдетіп, жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға себептеседі.

Қазақстандағы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі «Инновациялық басымдық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді. Конгресс шеңберінде саланың инновациялық шешімдеріне, тау-кен өндірісіндегі жетекші әлем компаниялары саласына инвестицияларды тартуға арналған бірнеше тақырыптық сессиялар өтеді. Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы, Польшадағы Ғылым және техника Университетінің геомеханика факультетінің (AGH) деканы, 55-тен астам ғылыми жұмыс авторы Марек Цала кіріспе сөз айтады. Марек Цала – тау жынысы Механикасы (ISRM) халықаралық қоғамының, сондай-ақ Жер қыртысы және Геотехника (ISSMGE) халықаралық қоғамының мүшесі.

Тау-кен саласының әлем сарапшылары «Тау-кен өндірісіндегі технологиялық инновациялар және озық тәжірибе – болашақ бүгін басталады» атты пленарлық отырысқа қатысады. Тарау модераторы – Вирджиния көмір және энергетика саласындағы зерттеулер орталығының директоры Микаэль Кармис. Шақырылған спикерлер арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бакытжан Сагинтаев, ERG S.a.r.l менеджерлер кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), Rio Tinto бас орындаушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American бас орындаушы директоры Марк Катифани (Ұлыбритания), Торонто қор биржасының жетекшісі. Сессияға қатысуын растағандар - Роберт Барнс – London Stock Exchange жаһандық басшысы, Кайрат Келимбетов – «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы, Скот Фостер – БҰҰ(Швейцария) Еуропалық экономикалық комиссия директоры, Майкл Хитч – жаңа оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) профессоры, Хуа Гуо – 2021 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы (Австралия).

ДТК қанық бағдарламасында тау-кен металлургия кәсіпорындарының әлем көшбасшылары саланың маңызды мәселелерін талқылап, жеке тәжірибелерін ұсынатын және тыңдаушыларды өнеркәсіптегі жетекші әлем компанияларының тәжірибесімен таныстыратын тақырыптық пікірталастар болады. Атап айтқанда, PwC Ресей директоры Максим Баранов тау-кен металлургия кешенінің жетекші көшбасшыларымен бірлесе ТМК-де заманауи тәсілдемелерді қолдану саласындағы басты аспекттерді ашады. Пікірталас тараулары өнімге сұранысты қалыптастыруға, тау-кен руда компанияларының технологияларды әзірлеуші-компаниялармен өзара әрекеттестігіне, инновациялардың ТМК дамуына және ел экономикасына әсеріне қатысты сұрақтарды қамтиды. «Инновацияларға инвестициялар» атты тараудың соңғы бөлігі сауал-жауап үлгісінде ұсынылған.

Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін салтанатты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің, Польша Республикасы Президентінің, Қытай Халық Республикасы Төраға Орынбасарының, Ресей Федерациясы үкімет Басшысының, Австралия Генерал-губернаторының қатысуы күтілуде.

Қазіргі кезеңде 35 мемлекеттен 200-ден астам баяндама қабылданды. Сонымен қатар, 48 мемлекеттен 265 ассоциация шақырылды, 37 мемлекеттен 132-ден астам ассоциация мен халықаралық ұйым өзінің ДТК-не қатысуын растады.

Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің демеушілері: Гауһар Серіктесі – «Еуразиялық Топ» ЖШС, Алтын Серіктестері - «Kazzinc Holdings» ЖШС, KAZ Minerals тобы, Polymetal International PLC, күміс серіктесі - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, сол сияқты қола Серіктестері - «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС, «AAEngineering Group» ЖШС жоба-құрылыс тобы және "КАІ" компаниялар тобы.

  • Created on .