14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» БАЙҚАУЫ - ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУҒА ЫНТАЛАНДЫРУ.

16 маусым күні Нұр-сұлтан қаласында АММ конгресі аясында жыл сайын өтетін «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2022 жылдың негізгі тақырыбы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ТМК рөлі және адам капиталының құндылығы болды. Бүгінгі таңда «Алтын Гефест» байқауы металлургтер үшін ең ірі және беделді сыйлық болып табылады. Осы байқауға қатысу мамандардың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оларды үнемі өсіп, дамуға ынталандырады.

02

«Алтын Гефест» металлургиядағы, сондай-ақ ғылыми қызметтегі және салалық журналистикадағы жетістіктерге тікелей қатысты 14 номинацияны қамтиды. Тау-кен металлургия кешенінің кәсіпқойлары мен жас мамандары үшін байқаудың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, бұған сала мамандарының үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығы дәлел бола алады. Биыл байқауға қатысуға рекордтық өтінімдер берілді, «Алтын Гефест» сыйлығын алу құқығы үшін геология, тау-кен ісі және металлургия саласында жұмыс істейтін 46 компанияның 202 қатысушысы, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы туралы жазатын журналистер күресті.

01

Жеңімпаздардың есімдерін өз ісінің мықты кәсіпқойлары мен мемлекеттік құрылым өкілдерінен тұратын құзыретті қазылар алқасы анықтайтынын еске саламыз. «Алтын Гефесттің» он екі жыл ішінде қазылар алқасы номинанттардың 2 184 жұмысын қарады.

03

Биыл «Алтын Гефест» иегері атанды:

  • Жыл геологы – Каменский Николай Геннадьевич, «Два Кей» ЖШС Бас директоры
  • Жыл кеншісі – Үнгітбаев Мұқан Жалғасұлы, «Қазақмыс» корпорациясы филиалының «Нұрқазған» кенішінің директоры
  • Жыл металлургі – Бисенов Галипулла, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының алтыншы разрядты ферроқорытпа балқытушысы, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы
  • Жыл шахтері – Шнель Владимир Александрович, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Саран" шахтасының директоры
  • Жыл кәсіпқойы – ТМК-дегі әйелдер - Кокорева Евгения Владимировна, «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешенінің бас инженер-байытушысы
  • Жыл жобасы - Eurasian Resources Group бизнестің тиімділігін арттыру құралы ретінде ERG Way өндірістік жүйесін дамыту үшін
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы - «Тау-Кен Алтын»
  • Үздік ESG стратегиясы - «ESG-2030» стратегиясы бар Eurasian Resources Group
  • Жыл педагог-ғалымы - Пак Юрий Николаевич, Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • Жылдың дипломдық жұмысы - Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен Стекольникова Анастасия Вадимовна
  • Баспасөз және интернет-ресурстардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс - Гусев Олег Иванович
  • Теледидардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс - Азғанбаев Жалғас Базарбайұлы «Элемент 29» деректі фильмі үшін
  • ТМК Еңбек адамы туралы үздік журналистік материал - Демченко Марина Антоновна «Өнеркәсіптің жаңа тынысы» мақаласы үшін
  • ТМК-дегі үздік digital-шешім (ERG-ден арнайы сыйлық) - технологияларды пайдалана отырып, байыту комбинатын қайта жаңартқаны үшін DIPCO LTD компаниясы.

05

06

Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының» өкілдері ТМК құрметті кәсіпқойларын еңбек жетістіктері үшін ерекше мемлекеттік марапатпен атап өтті. «Еңбек даңқы» төсбелгісімен саланың 7 маманы марапатталды.

07

08

Байқаудың тең ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, шараның Бас серіктесі - ERG (Еуразиялық Топ).

Іс-шараны ұйымдастырушы - Iteca Қазақстандық көрме компаниясы.