14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМК ТИІМДІЛІГІНІҢ ӨСУ БАҒЫТТАРЫ.

PR07

PR05

Қазақстан астанасында 16 маусымда Astana Mining & Metallurgy - АММ 2022 12-ші Халықаралық тау – кен металлургиялық конгресі өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша АММ Конгресі тағы да орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық және халықаралық компаниялар, инвестициялық қорлар өкілдерінің және ірі кәсіпорындар басшыларының кездесу орнына айналды. Конгресс жұмысының бірінші күні ішінде сарапшылар тау-кен металлургия саласының мәселелерін, оның даму перспективаларын, саланың алдында тұрған өзекті трендтер мен сын-тегеуріндерді талқылады. 2022 жылы Конгреске әлемнің 13 елінен 817 делегат келді (Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Иран, Қазақстан, Канада, Камерун, Моңғолия, Норвегия, Ресей, ОАР, Украина).

АММ жұмысының басталуы шараның құрметті қонақтарына арналған көрмені аралаумен өтті, оның ішінде Е.Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, М.Қарабаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, С.Ақышев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Конгресс бағдарламасын ДРАГМЕТ Қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстанның Алтын өнеркәсіпшілерінің III Форумы ашты. Форум аясында еліміздің ТМК-не инвесторларды тарту үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері, бағалы металдар саласын қолдаудағы әлемдік үрдістер, салық жеңілдіктері мен преференциялар, алтын өндіру жобаларының инвестициялық тартымдылығына салық режимі өзгерістерінің әсері талқыланды. М. Қарабаев өзінің кіріспе сөзінде алтын өнеркәсібінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Осылайша, сала мемлекетіміздің қаржылық-экономикалық әл-ауқатының кепілі болып табылатынын атап өтті.

PR09

«Алтын қоры 400 тоннадан асатын еліміз әлемде 12-ші орында тұр. Осылайша, біздің алтындарымыз елдің экономикалық тұрақтылығын сақтауға айтарлықтай үлес қосуда. Осының барлығына мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді, соның нәтижесінде біз саламызды реттейтін «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңды қабылдадық. Осы Заңның арқасында алтынның өндірістік тізбегінің барлық циклі Қазақстан ішінде іске асырылуда - кен өндіруден тазартылған алтын өндірісіне дейін», - деді вице-министр.

Күннің екінші жартысында «ТМК кәсіпорындарының елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлі» Пленарлық отырысы өтті. Отырысқа ҚР Премьер - Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, Камерун Республикасының тау-кен өнеркәсібі, индустрия және технологиялық даму министрлігінің Бас хатшысы Оумар Али, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары А. Гайдин, «Тау – кен өндіру және тау – кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры Н. Радостовец, BCG аға серіктесі және басқарушы директоры Г. Рубин қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары өзінің кіріспе сөзінде тау-кен металлургия кешенінің елді дамытудағы және қатардағы қазақстандықтардың, оның ішінде осы секторда еңбек ететін 230 мыңнан астам адамның әл-ауқатын арттырудағы тарихи рөлін атап өтті.

PR03

PR01

Вице-премьер сондай-ақ конгреске қатысушылардың назарын бүгінде мемлекет тау-кен металлургия кешенінің алдына қойған жаңа басымдықтарға, міндеттер мен мақсаттарға аударды. Е.Тоғжановтың айтуынша, Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы халықтың табыстылығын арттыруды бірінші кезекке шығарады. «Қазір өңдеу өнеркәсібінің 50 ірі кәсіпорны анықталды, олардың базасында ШОБ белдеуі құрылады. Олар офтейк-келісімшарттар мен кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасатын болады. Нәтижесінде отандық тауарлардың импортын 3 трлн теңгеге алмастыру күтілуде», — деді Е. Тоғжанов.

 Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Н. Радостовец өз сөзінде: «Қазір біз металл өңдеу мәселелерімен белсенді айналысудамыз. ТМК ірі компанияларының басшылары - Қазмырыш, Қазақмыс, ERG, Қазминералс - Үкіметке «қазақстандықты сатып ал» деген мәселені жай шешіп қоймай, әрі қарай жүру – «қазақстандықты құру» деген бастамамен жүгінді, осы идеяны жандандырып, олар жаңа жобаларды әзірлейтін болады. Біз қазір министрлікпен (ИИДМ) ұзақ мерзімге офсеттік келісімдер бойынша қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сатып алу схемасын пысықтап жатырмыз. Менің ойымша, шығатын жол бар. Біз тек көптеген нәрселерге жаңаша қарауымыз керек».

PR13

Сондай-ақ, бірінші күннің іскерлік оқиғаларының контентіне ERG-мен әріптестікте «Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану» Дөңгелек үстелі, цифрлық трансформация жөніндегі кейс-сессия, ECOJER-мен әріптестікте «Экономиканы декарбонизациялау: тау-кен металлургия секторының кәсіпорындары үшін сын-қатерлер» Панельдік сессиясы, Haller Lomax-пен серіктестікте «Жергілікті өндірушілер қауымдастығымен өзара әрекеттесу және ESG тұжырымдамасы» Панельдік пікірсайысы кірді.

PR10

PR11

AMM Конгресі дәстүрлі түрде Қазақстан, Қытай, Ресей және Швейцариядан 21 компанияны таныстырған көрмені қамтыды, онда пайдалы қазбаларды іздестіру, өндіру және байыту, бағдарламалық қамтамасыз ету және кен орындарын цифрландыру үшін жабдықтар мен технологияларды ұсынады.

Кешке жыл сайынғы «Алтын Гефест» салалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы сыйлыққа қатысуға 46 компаниядан 202 қатысушы – рекордтық адам саны өтінім берді. Құзыретті қазылар алқасы үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады, ал бұл 14 номинация: Жыл кәсіпқойы (төрт номинация), Жыл жобасы, Жыл ғалым-педагогы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жылдың медиа-жобасы (үш номинация), ТМК-дегі үздік digital-шешім, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы, ТМК-дегі әйелдер. Және жаңа номинация: Үздік ESG-стратегия. Сондай-ақ, «Алтын Гефест» аясында Қазақстан Республикасының «Еңбек даңқы» мемлекеттік марапатына ТМК-ның жеті кәсіпқойы ие болды.

PR06

 Екінші күннің бағдарламасымен ТМКҚ серіктестігімен жыл сайын өтетін III Көмір форумын өткізу жоспарланған. Сарапшылар көмір саласын дамыту перспективалары мен декарбонизация Стратегиясын талқылайды. Сондай-ақ, ТМКҚ ТМК үшін кадрлар даярлау және ЖОО түлектерін тиімді жұмысқа орналастыру бойынша дөңгелек үстел өткізеді. Amm2022 делегаттары мен келушілерін мазмұнды іскерлік бағдарлама, B2B және B2G кездесулері, Жасыл экономика бойынша дөңгелек үстел , панельдік сессиялар және пленарлық пікірталас күтеді. Сондай-ақ Конгресс алаңында алғаш рет «Жасыл күн тәртібі» зияткерлік ойыны өтеді.

Ресми қолдау: Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі, бағалы металдарды өндірушілердің Республикалық Қауымдастығы, тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы (ТМКҚ), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Visit Nursultan.

Мемлекеттік серіктес: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Алтын Серіктестері: ERG, «Қазмырыш» ЖШС, KazMinerals, Arcelor Mittal Temirtau, Kazakhmys.

Қола Серіктестері: AVEVA, Engineering Dobersek, Kesarev.

Шараны ITECA Қазақстандық көрме компаниясы ұйымдастырды.

  • -де жасалған