Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

Тақырыбы: Нұр-Сұлтанда «Astana Mining & Metallurgy» X - Халықаралық кен-металлургия конгресі өткізілуде

X Мерейлі «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) конгресінің бірінші күні нәтижелі өтті.

Конгресс бағдарламасын «Әлемдік кен өндіру өнеркәсібінің даму стратегиясы» тақырыбындағы пленарлық мәжіліс ашты, оның барысында кен-металлургия саласының көшбасшылары өздерінің компанияларын цифрлық өнеркәсіп жағдайында дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Конгресс ашылуында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр кен-металлургия саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын атап өтті. «Үкімет алдында шикізат индустрияларын, табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін сындарлы ойластырып қайта ұйымдастыру, оның ішінде ең үздік технологияларды трансферттеу мен заңнаманы өзектендіру есебінен өндірістерді жаңғырту міндеті тұр. Қазіргі таңда, ғаламдық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық қажетті жағдай мен ресурстарды иеленген кезде, алдымыздағы басты міндет – қолда бар әлеуетті іске асыру», - деді министр.

Биылғы Конгресс аясында іске жаңадан кіріскен кәсіпкерлерге, бағдарлама құрушылар мен стартапшыларға арналған «Mining Challenge – 2019» хакатон алғаш рет ұйымдастырылды. Алға қойылған міндеттерге сай қатысушылар 24 сағат ішінде түрлі құрал-саймандар мен ақпараттық технологиялар көмегімен шешім тауып, кен-металлургиялық компанияларға арналған прототиптер құрды. Алынған шешімдер компанияларға өндірістік процестерді, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек ресурстарын және қаржы ағындарын басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік жасайды. Сайыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар ақшалай жүлде алады және өздерінің жобаларын өндірісте немесе кәсіпорында сынау мүмкіндігін иеленеді.

«АММ – 2019» Конгресін ұйымдастырушылар Tech Garden Инновациялық серіктесімен бірлесіп, Хакатонның негізгі мақсатын – корпорацияларды нақты ІТ-шешімдерді қолдану арқылы практикалық цифрландыруға тарту және қазақстандық ІТ-қызмет көрсетушілердің біліктілігін кеңейту деп белгіледі.
Биылғы жылы «AMM» Конгресі жаңа пікірталас үлгісінде өткізіліп жатқанын естеріңізге салайық. Іс-шараның негізгі лейтмотиві – «Цифрландыру және инвестициялық мүмкіндіктер».

Іс-шараның түрлі пікірталас алаңдарында SAP, Hatch, FLSMIDTH, FreeportMcMoRan сияқты ірі компаниялар цифрландыру жобаларын енгізудегі өздерінің табысты кейстерін отандық кәсіпорындарға таныстырды. Киберфизикалық және роботтандырылған жүйелерді енгізу, мол деректерді талдау мен 4.0 Индустрия технологияларын қолданудың арқасында өндіріс пен көлік шығындарын азайту, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-моделдерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыру мүмкін болатынын атап айту қажет.

Конгрестің алғашқы күні аяқталғанда «Алтын Гефест» салалық жүлдесін табыстау салтанатты рәсімі болып өтті, мұнда жыл бойынша ең үздік аталған геологтар, кеншілер, металлургтар мен алдыңғы қатардағы кәсіпорындар, ең үздік студенттік жұмыстар мен еңбектері кен-металлургия секторының қызметін жұртшылыққа кеңінен таныстырған журналистер мараптталды.

Биыл Конгресс жұмысына әлемнің 19 мемлекетінен келген 711 делегат қатысуда.

Конгресс пен АММ 2019 көрмесінің мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Алтын серіктестері: Евразиялық Топ (ERG), «Казцинк» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС.
Ұйымдастырушылары: Iteca Қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Компаниялар тобы.

  • Created on .