15-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

АММ 2019 ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОНГРЕСС: ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ

AMM19 2602019 жылдың 12 маусымынан бастап 13 маусымы аралығында Астанада Орта Азиядағы тау-кен қазу және өңдеу өнеркәсібінің орасан зор бизнес-шарасы – 10-шы Мерейтойлық Конгресс және «Astana Mining & Metallurgy» - АММ 2019 өтеді.

IMG 6461 500

Бүгінгі таңда АММ Конгресі үкімет, бизнес және ғылым өкілдерінің арасында өзара әрекеттесуге арналған ең тиімді салалық алаңның бірі болып танылды. Болатын, саны бойынша оныншы кеншілер және металлургтардың кездесуіне дүниежүзінің 60 астам сарапшылары, 12 мемлекеттен 500 делегат қатысады.

Екі күн ішінде қатысушыларды оқиғаға толы іскерлік бағдарлама күтіп тұр. Қазіргі таңда «АММ» Конгресінің - «Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық мүмкіншіліктер» негізгі лейтмотиві және негізгі тақырыптық сессиялары анықталды: «Өндіру және қайта өңдеуді сандық жүйеге ауыстыру, ТКК өндірістік процесстерінің тиімділіктерін арттыру», «Инвестицияларды тарту және минералды-шикізаттық қорды толтыру», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодексте құқықтық реттеудің тартымды аспектілері». Бағдарлама АММ Форумынан, презентациялық сессиялардан, техникалық семинарлардан, дөңгелек үстелдер және мастер-класстардан тұрады.

12 маусымда «АММ форумында» сессия шеңберінде дүниежүзілік және қазастандық ТКК көшбасшылары жаппай сандық жүйеге ауыстыру шарттарында өз компанияларын дамытудың болашағы туралы айтып тау-кен қазу саласының теңгерімсіздік мәселелерін қарастырады. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінің өкілдері, IBM, SAP, Kaspersky Lab, Outotec GmbH&Co, «Алтыналмас» АҚ компанияларының топ-менеджерлері және т.б. сипкер болады.

Конгресстің бірінші күнінде тау-кен металлургиялық саланың сарапшылары Қазақстан Республикасының Жер қойнауы туралы Кодексіне ерекше назар аудармақшы. Пікірталас алаңында сарапшылар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігімен бірлесіп, кодексті қабылдаған кезде қандай өзгерістер болғанын, өткен мерзімде неге қол жеткізілгенін, сондай-ақ мемлекет, жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлар үшін барлық минустар мен плюстарды талқылайды. Пікірталас сұрақ-жауап түрінде өтеді.

Конгресс жұмысы күнінің екінші жартысында 12 маусымда ТКК-да сандық технологиялар бойынша техникалық семинарлардың сериясы өтеді, мұнда Schneider Electric, SAP, Outotec, KPMG жетекші сарапшылары баяндамамен шығады.

АММ конгресінің екінші күні шеңберінде, 13 маусымда сарапшылар «Инвестициялар үшін күресте кім жеңеді?» сессиясында кездеседі. Сессияларға Resource Capital Fund (Америка), Kazakh invest топ-менеджерлері, Астана халықаралық қаржылық орталық биржасы қатысады. Сол сияқты аталған сессияның шеңберінде арнайы шақыртылған шетелдік инвестор сөз сөйлейді де инвестициялау әдістері мен жаһандық нарықтағы жағдайларды қоса алғанда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы өз ойымен бөліседі.

Инвестициялық сессиямен қатар, 13 маусымда тау-кен қазу компнаияларының тұсаукесері өтеді. ERG және «Казцинк» ЖШС сияқты жергілікті және шетелдік компаниялар баяндамамен шығады, олар өз ұйымдарында сатып алуларды жүргізу процедуралары туралы айтады.

АММ 2019 ұйымдастырушылары Назарбаев Университетімен бірлесіп 13 маусымда HR мамандарына арналған «Болашақтың тау-кен инженерлері - «Smart mining» шарттарында маман қандай болуы керек» семинарын өткізеді. Сол сияқты бағдарлама шеңберінде GR және PR мамандарына арналған мастер-класстар қарастырылған.

Дәстүрлі АММ Конгресі заманауи ғылыми және тәжірибелік қызметті көрсететін, сонымен қатар мамандардың іскерлік әңгімелсу орны болып табылады. АММ 2019 бағдарламасын сапалы толықтыру және форматын ауыстыру саланың проблемалық мәселелерін ғана ашып қоймай, сол сияқты олардың шешімін де табуға мүмкіндік береді, бірақ диалогтар үшін көптеген жаңа алаңдарды ашады.

Нетворкингті, хакатон және «Алтын Гефест» конкурсын қосу АММ Конгресін өте жоғарғы деңгейге шығаруға және оған салалық сарапшылардың, бизнесмендердің, мамандар мен ғалымдардың оған сөзсіз назар аударуына мүмкіндік береді.

Конгресстің АММ 2019 көрмесінің мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі.

Алтын серіктестер: Еуразиялық Топ (ERG), «Казцинк» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Корпорация Казахмыс» ЖШС.

Ұйымдастырушылары: Iteca Қазақстандық көрме компаниясы және оның ITE компаниясы тобының халықаралық серіктесі.