«АЛТЫН ГЕФЕСТ» КОНКУРСЫ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ІЗДЕСТІРУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ КӨЗДЕЙДІ
Қатарынан 10-шы рет болып жатқан (АММ) «Astana Mining&Metallurgy» конгресінің шеңберінде өткізілетін, жыл сайынғы «Алтын Гефест» конкурсына сұраным қабылдануда. Осы конкурсқа қатысуға геология, тау-кен ісі және металлургия саласындағы мамандар, жобалау, ғылыми, оқу мекемелерінің және кәсіпорындарының жұмыскерлері, Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургиясы туралы жазатын журналисттер шақырылады.
Әсіресе, «Алтын Гефест» конкурсы сала қатысушыларына аса маңызды – бұл ТКМК мамандарына арналған республикалық мәні бар ең беделді мадақтамасы. Алғаш «Алтын Гефест» мүсіншесі Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталып, сонымен келешек конкурсқа қатысушылар жобаларының кәсіби және шығармашылық талаптарына жоғары деңгей қойылды.
Қазіргі таңда бұл салада 350-ден астам кен өндіру және 270 металлургиялық компаниялар өз қызметін жүргізіп келеді, 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Конкурстың қазылар алқасы компанияның ТКМК секторындағы жетістіктерін дұрыс бағалай отырып, мамандардың бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттырып, олардың үнемі өсуіне және кәсіби дағдыларының дамуына ынталандырады.
«Алтын Гефест» конкурсына 13 номинация кіреді, олар: Жыл кәсіпқойы (үш номинация), Жыл жобасы, Қазақстандық қамтылым бойынша көшбасшы, Жыл ғалым-педагогы, Жыл дипломдық жұмысы, Инновациялар жыл көшбасшысы, Жыл медиа жобасы (үш номинация), ТКМК ең үздік digital- шешім, Ең үздік шетел серіктесі.
Сұранымдарды жинау басталды және 2019 жылдың 20-мамырына дейін созылады. Құзыретті қазылар алқасының құрамына кірген мемлекеттік құрылымдардың өкілдері және индустрияның беделді мамандары 13 номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Hilton Astana отелінде, АММ конгресінің шеңберінде 12 маусым күні жеңімпаздарды марапаттайды. Жеңімпаз атанған жобалар қаржылай марапат алады, студенттерде ірі компаниялардан тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері болады, журналисттердің материалдары халықаралық басылымдарға шығарылады. «Алтын Гефест» конкурсын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі қолдайды , ал Еуразиялық Топ (ERG) конкурстың Бас Серіктесі болып табылады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Iteca қазақстандық көрме компаниясы қатысушылардың марапат алудағы жоғары қызығушылығын белгілеп отыр. Ал жеңімпаздар өз тарапынан алынған марапат маманның және барлық ұжымның сіңдірген еңбегінің бағалануы, сондай-ақ ТКМК дамытқаны үшін қоғам мен толық мемлекеттен құрмет белгісі деп білгенін айта кетті.
Арнур Айдарханов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС бас технологы, «Алтын Гефест» конкурсы «Жыл металлургы» номинациясының жеңімпазы: «Бұл марапатты алғаннан кейін кәсіпорнымызда оңтайландырғыштыққа қызығушылық өсті. Біз қазір өнімнің өзіндіқ құнын төмендету, қолданыстағы қуаттылықтарда оның санын және сапасын арттыру бойынша жұмыс атқарып келеміз. Менің алған марапатым оларға ынталануға түрткі және мен сияқты әрқайсысының осылай танылуына белгі болды. Тек қана күш салып және де өз ісін сүю қажет».
Нурасыл Батталғазы, «Алтын Гефест» конкурсы «Жыл дипломдық жұмысы» номинациясының жеңімпазы: «Бұл марапатқа қол жеткізу мен үшін өте маңызды. Менің ғылыми мансабым одан да қызығырақ бола түсті. Дәл осы марапат менің басқа конференцияларға қатысуыма түрткі болды. Мен Австралия елі, Брисбен қаласы «Complex Orebodies 2018»-де тиісті тақырып бойынша баяндама оқыдым.Бірақ бұл тек қана менің күшім емес, сондай-ақ менің ғылыми жетекшім, доктор Насер Маданидің және де Назарбаев Университетіндегі Жер туралы ғылымдардың және барлық тау-кен ісі мектебінің күші».