Астана ТМК Күндерінің басталуына дейін санаулы күн қалды
Астана ТМК Күндерінің басталуына дейін санаулы күн қалды
2012 жылғы 4 шілдеде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің күндерін ашады, олардың аясында халықаралық және жалпы республикалық деңгейде бірнеше оқиға болып өтеді. Іс-шаралар жоспарына: Astana Mining & Metallurgy (АММ-2012)Үшінші Халықаралық таукен-металлургия конгресі, Таукен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің Үшінші Съезі, «ТМК-дегі инновациялар» және «ТМК-ге арналған кадрлар» тақырыптық дөңгелек үстелдері және «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсын өткізу кіргізілген.
Астанаға Беларусь, Қытай, Түркия, Украинаның үкіметтік делегациялары келеді. Қазақстанда аккредитацияланған 14 төтенше және өкілетті елші және 21 елшіліктің 40-тан астам дипломаты өздерінің іс-шараға қатысатындарын растады.
АММ-2012 Конгресіне 18 елден келген 1000-нан астам делегат қатысады. Қазақстан, Австралия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Ресей, Түркияның 20-дан астам спикері баяндама жасайды деп жоспарланып отыр. AMM 2012 көрмесіне, алдын ала телемаркетинг бойынша, Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің таукен-металлургия кешенінің 1500 астам өкілі келеді.
Съезге 370 делегат қатысады, олардың ішінде таукен-металлургия кешені кәсіпорындарының, ТМК және көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподақ бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың, даму институттарының жетекшілері, ҚР Парламентінің депутатттары бар.
Қазақстанның Таукен-металлургия кешенінің Күндерінің бас ұйымдастырушысы - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.