14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

Қазақстандағы ТКМК мамандары үшін әлемдік деңгейді мойындау!

«АЛТЫН ГЕФЕСТ» СЫЙЛЫҒЫ-2018 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі - саланың жаһандық деңгейдегі басты оқиғасының аясында өтті.

2018 жылдың 19 маусымында «Алтын Гефест» республикалық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі тоғызыншы рет өтті.

Сыйлықтың ұйымдастыру комитетіне ТКМК саласының жетекші өкілдері, журналисттер, студенттер мен бейінді факультеттің оқытушыларынан жүздеген өтінім келіп түсті. Осы жылы сыйлықтың маңызды мәнге ие болуына халықаралық мәртебе - 2018 жылдың жеңімпаздары 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресінің ашылу салтанаты шеңберінде марапатталуы ықпал етті.

Бұл сыйлықтың дәстүрліге айналғанын атап өткен жөн, саланың өкілдері арасында марапат алудың беделі жыл сайын өсіп келе жатыр. Бұл ең алдымен, Инвестициялар және даму министрлігі мен іс-шараның басты серіктесі - Еуразиялық топтың (ERG) жан-жақты қолдауы арқасында мүмкін болды.

ТКМК секторының үздіктері 14 номинация бойынша таңдалды, мамандар және сарапшылармен қатар бизнес-үдерістерінде жаңа тәсілдерді қолданған тұтас компаниялар да сыйлықтың иеленушілері болды: Жыл кәсіпқойы (Жыл геологы, Жыл кеншісі, Жыл металлургы), Жылдың жобасы, Инновация бойынша жыл көшбасшысы, Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы, Жыл педагог ғалымы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жылдың медиа жобасы (Баспада және Интернет-ресурстарында ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс, Теледидардағы ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс, ТКМК Еңбек адамы туралы үздік журналистік материал (арнайы сыйлық)), ТКМК-де үздік digital-шешім (Еуразиялық топтың (ERG) арнайы сыйлығы) және Үздік халықаралық серіктес (ДТК-2018 аясында арнайы номинация).

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Жылдың геологы» атағын алу үшін мамандықтың 20-дан астам жетекші өкілдері сайысқа түсті. «Востокцветмет» ЖШС Орлов өндірістік кешенінің бас геологы Лысенко Николай Ильич үздік болып танылды. Николай Ильич 2016 жылдан бастап Орлов өндірістік кешенінде “DATAMINE” бағдарламасын енгізуді ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл технология барынша дәлдікпен кен денесін қазуды жоспарлауға және ықтимал құнарсыздандыруды және шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

«Жыл кеншісі» номинациясында тау-кен өнеркәсібінде 30 жылға жуық тәжірибесі бар сарапшы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Атқарушы директоры Аменов Сайран Султанович жеңімпаз атанды. Оның басқаруымен бүкіл «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының бүкіл технологиялық үдерісі бақыланады. Сайран Султанович тау-кен рудалы кен орындарын игеру технологияларын қайта құру және жетілдірудің бастамашысы болып табылады.

«Жыл металлургы» болып қожды екінші қайтара өңдеу, байытылған үрлеу қолданылатын тотықтандырылған балқыту және т.б. инновациялық технологияларды ойдағыдай енгізгендігі үшін «Тау-Кен Алтын»,ЖШС Бас технологы Айдарханов Арнұр Елеусизович танылды.

«Жылдың жобасы» атағының иегері – Қашар ашық кенішінің тау-кен тасымалдау кешенінің автоматтандырылған басқару жүйесі, авторы - ERG Еуразиялық тобының құрамына кіретін, темір рудаларын өндіру және байыту бойынша ең ірі қазақстандық кәсіпорын болып табылатын «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» Акционерлік қоғамының қызметкерлері.

Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат және тау-кен компаниясы болды.

Инновациялық көшбасшысы болып жоғары бірлік қуаты, технологиялық үдерістерді жоғары механикаландыру және автоматтандыру деңгейі бар заманауи жабдықтарды пайалану арқасында тауарлы хризотил-асбест өндіретін тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны «Қостанай минералдары» АҚ танылды.

ТКМК-де үздік digital-шешім атты жаңа номинация (Сыйлықтың Бас серіктесі «ERG»-ден арнайы номинация) асыға күтілген номинация болды. «Қазақстанның өндірісін цифрландыру «Кәсіпорынды басқару» жобасымен «Лев Интеграция» компаниясы жеңімпаз атанды. Жобаның мәні – BI талдаудың кең ауқымын пайдалану арқылы ірі және орта бизнесті автоматтандырудың үздік әлемдік және отандық тәжірибелерін ескере отырып, көп бейінді өндірістер/кәсіпорындар қызметін басқарудың кешенді ақпараттық жүйелерін құру бойынша инновациялық шешім. Бұл жоба кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектілерін басқару үшін бірыңғай ақпараттық жүйені ұйымдастыруға және BI бейнеленетін бұлттық шешімдерді талдаудың өндірістік үдерісіндегі өзгерістерге on-line режимінде жедел әсер етуге мүмкіндік беретін өндірістерді автоматтандырудың кешенді шешімі болып табылады.

Сыйлықтың аясында сала үшін жоғары білікті кадрларды дайындайтындар да марапатталды – жылдың педагог ғалымы білім беру саласында 56 жылдан астам тәжірибесі бар маман, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, техникалық ғылымдар докторы – Нұрпеисова Маржан Байсановна болды. Талантты жас кадрлар – еліміздің ТКМК саласының келешегі де назардан тыс қалмады, «Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясындағы марапаттың иегері Батталғазы Нұрасыл Бекасылұлы (Назарбаев Университетінің студенті) болды, оның дипломдық жұмысының тақырыбы: «Темір кеніштерінде алюминий аймақтарын ықтималдық орналастыру»!

Журналистиканың бүгінгі күні өміріміздің барлық салаларында маңызы зор және тау-кен металлургия секторы ерекшелік емес. Асыға күтілген номинациялардың бірі журналистерге арналды.

«Жылдың медиа жобасы - Баспада және Интернет-ресурстарында ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс» сыйлығының жеңімпазы ТКМК тақырыбына арналған 10 байқаулық жұмыстың авторы, журналист Демченко Марина Антоновна және оның материалы «Мақсат – кен орындары және нарықтар» болды.

«Жылдың медиа жобасы - Теледидардағы ТКМК туралы үздік журналистік жұмыс» сыйлығын республикалық маңызы бар «Хабар» телеарнасында көрсетілген Қостанай облысында жаңа кен орнының ашылуына арналған телевизиялық сюжеттің авторы Қалиев Мағауия Назымович алды.

Арнайы сыйлықпен белгіленген ТКМК Еңбек адамы туралы үздік журналистік материал - аты аңызға айналған қазақстандық кенші, профессор, орден иегері, еңбек ардагері және Қарағанды облысының құрметті азаматы Николай Александрович Дриджтің өмірбаянына арналған «Николай Дриджтің 90 жасы, 64 жыл жұмыс өтілі, ұшан-теңіз игі істері, қайраттылығы мен оң көзқарасы» атты мақала. Авторы - Турабаева Жанна Сапаровна.

Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберіндегі арнайы Үздік шетелдік серіктес номинациясы Euro-Energie-MaschinenGmbH (Евро ЭнерджиМасшинен Джи эм би эй джи) (Германия) еншілес компаниясы, «Giessenhaus» (Гиссенхаус) компаниясының өкіліне қосындыланған алюминий өндіру бойынша жобасы үшін берілді. Бұл жобаның инновациялылығы Қазақстанда теңдесі жоқ технологиялық жабдықтарды пайдалану болып табылады. Қазақстанда алғаш рет сұйық метал 20 км-ден астам қашықтыққа тасымалданады. Жобаның серіктесі - ERG компаниясы атынан Қазақстан электролиз зауыты. Кәсіпорындардың өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарда бағытталған, ТМД және Еуропа нарықтарына жеткізу әлеуеті бар. Eurasian Resources Group (ERG) табиғи ресурстарды өндіру және байыту саласындағы әлемдегі жетекші және әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады, ол толықтай біріктірілген тау-кен өндіру, қайта өңдеу, энергетика, тасымалдау және маркетингтік операциялар жүргізеді.

«Алтын Гефест» сыйлығы саладағы алдыңғы қатарлыларды марапаттап, қазақстандық компаниялардың қоғамдағы жетістіктерін танымал ету мақсатында құрылды. ТКМК - елімізді индустрияландырудың негізі болып табылатын қала түзуші сала, сондықтан саланың қызметкерлері бүкіл республикалық, ал елімізде ДТК-2018 өткізілуі арқасында әлемдік мойындауға лайық.

Номинациялар жеңімпаздарына «Алтын Гефест» мүсіншесі берілді. БАҚ, студенттер мен педагогтарға арналған номинациялар ақшалай сыйлықтарды да қамтиды. Сыйлықтың Бас серіктесі 9-шы жыл Еуразиялық топ (ERG) болып табылады.