Дүниежүзілік тау-кен Конгресі - 2018: Қазақстандағы ткмк дамытудың драйвері
Астана қаласында өтетін тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі басты әлемдік іс-шара - 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресінің басталуына екі аптадан аз уақыт қалды.
Әлемдік маңызы зор осындай ірі ауқымды оқиға тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында да бірінші рет өткізілмек. Бұл әлемдік тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі Қазақстанның беделін айқындайды.
ДТК-2018 Ұйымдастыру комитеті АГМП-мен бірге ТКМК саласы мен үрдістеріне қысқаша шолу жасады.
Қазақстанның минералды-шикізат базасы мол: периодты кестенің 99 элементі табылған, елде 85 ірі және 79 орта ТКМК кәсіпорындары бар.
Үрдістерге шолу. Қазақстанның тау-кен металлургия саласы.
Мамандардың болжамы бойынша, алдағы жылдары Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін тұрақты өсу кұтіп тұр, оған базалық металдар бағасының өсуі, сондай-ақ 2017 жылы жүзеге асырылған заңнамалық түрлендірулер мүмкіндік туғызады.
2017 жылдың соңында қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс, ең үздік әлемдік тәжірибеге сай: құжатта есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін енгізу қарастырылған, жер қойнауын пайдалану құқығын алу рәсімдері жеңілдетілген, әлемнің ең үздік әкімшіліктендіру тәжірибелері енгізілуде.
Сектордың ұзақ мерзімді өсуі металдарға деген сұраныстың өсуі және артып келе жатқан ішкі сұраныстың есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның ТКМК заңнамалық ғана емес, сонымен қатар технологиялық түрлендірулерді бастан кешуде. 2017 жылдың желтоқсан айында Еуразиялық топ (ERG) темір рудасы өндірісін интеграциялау үшін мониторинг пен жасанды интеллект (AI) пайдаланылатын Қашар темір кенішінде «ақылды кеніш» жобасының іске қосылуы туралы жариялады. Индустрия 4.0 элементтері сектордағы басқа да бірқатар кәсіпорындарда енгізілген. ДТК-2018 шеңберінде осы бағытқа ерекше назар аударылатын болады. «Инновациялар мен Индустрия 4.0» сессиясында цифрландыру және тау-кен ісінде робототехниканы пайдалану мәселелері қаралады, халықаралық сарапшылар жаһандық тау-кен өнеркәсібіндегі табысты мысалдар мен бизнес –кейстермен бөліседі.
Еуразиядағы экономикалық және географиялық әсерді кеңейтуге бағытталған Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Орталық Азиядағы қытай инвестицияларының көлемін арттыруға әкеледі. Қазақстан өзінің мыс, алтын және уранға бай кен орындарымен инвестициялардың басымды нысаны болып қалады. Астана қаласында ДТК-2018 алаңында тау-кен секторына капитал және инвестициялар тарту бойынша жетекші халықаралық іс-шаралар сериясы - Mines&Money Eurasia халықаралық инвестиция жөніндегі конференция өтеді. Mines & Money Eurasia конференциясының мақсаты - Қазақстан нарығындағы сәтті жобалар мүмкіндігін көрсету. Қор акцияларын басқарушылар, жеке сауда палаталар, хедж-қорлар, отбасылық кеңселер, сондай-ақ Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге дайын юниор компаниялармен кездесулер ұйымдастырылады. Конференция шеңберінде Орталық Азияда тау-кен өндіру бойынша өз жобаңды қаржыландыру жолдары; әлемдік қаржы нарықтары мен валюта динамикасының 2018 жылы және келешекте алтынның бағасына қалай әсер ететіні және қандай металдарға инвестициялау керектігі; Жер қойнауы туралы заңның күшіне енуінен кейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін не өзгеретіндігі туралы және одан да басқа сұрақтар көтеріледі.
2017 жылғы негізгі көрсеткіштер:
• Тау-кен өнеркәсібі 9,3% , өңдеу өнеркәсібі - 5,1% өсті;
• Түсті металдар мен темір рудаларын өндіру 8,2% және 6,9% сәйкесінше өсті;
• Қара металдар өндірісі 6,6% -ға, түсті металдар - 5,5% артты.
ТКМК өндірісі құрылымында үлестер мынадай түрде бөлінеді:
• 60% - түсті металдар
• 20% - қара металдар
• 17% - көмір
• шамамен 3% - басқалары
ТКМК секторында одан әрі өсу үшін шешімдерді табуға септігін тигізу үшін 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресінің бағдарламасы ТКМК үшін өзекті және геологиялық барлау, өндіру және байыту технологиясы, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кадрлар дайындау, қаржылардыруды тарту және жаһандық тау-кен саласын дамытуды болжауға арналған тақырыптарды қамтитын бірқатар мамандандырылған сессияларды қарастырады. Сондықтан, мысалы, «Әлемдік бизнес» сессиясында Австралия, Латын Америкасы, Африка, Канада және басқа да елдердің нарығының мысалында жаһандық тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жалпы нарықтық тенденциялар; бизнес-үдерістерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері; салаға инвестициялар құюдың тиімділігі және тау-кен өнеркәсібіндегі 10 негізгі бизнес-тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланады.
«Ашық тау-кен жұмыстары» сессиясында геологиялық жағдайлардың асқынуы, кедей кен орындарын дамытуға қатысу, тау-кен жұмыстарын тереңдету, экологиялық жағдайдың нашарлауы және «жасыл» экономикаға көшу қажеттігі бірқатар технологиялық проблемаларды көтеретіндігі жайлы айтылады, оларды ғылым, өндіріс және әлемдік деңгейдегі озық технологияларға негізделетін инновацияларды құрудың тығыз өзара байланысы, инвестициялық және технологиялық серіктестік арқылы жүйелі түрде шешу мүмкін.
«Экология, қалдықтарды өңдеу» сессиясында Жер қойнауы туралы жаңа кодекстің мәнмәтінінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнмалық базасын жетілдіру, өндірістік қалдықтарды өңдеу және кен орнын пайдаланғаннан кейін оның топырақ құнарлығын қалпына келтіруге қатысты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Экожүйенің тұтастығын сақтау қағидаттарын ұстанатын табиғи ресурстарды белсенді пайдаланушылар ретінде тау-кен өндіру компаниялары үшін осы мәселелер түбегейлі маңызды болып саналады. Сессияда Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің тұжырымдамасын таныстыру жоспарда бар.
Тау-кен металлургия кешені үшін саланы кадрлық қамтамасыз ету тақырыбы да маңызды. Сондықтан ДТК шеңберінде «ТКМК кадрлары» сессиясында кадрларды дайындау саласында мәселелердің тұтас ауқымы: сандық технологияларды және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге және белгілі бір мамандықтар бойынша сұраныстың төмендеуіне байланысты қызметкерлерді қайта даярлау, ТКМК саласында қосарлы оқыту жүйесін енгізу және т.б. қаралатын болады.
«Жаһандық бизнес» сессиясы қатысушыларының басты назарында тау-кен өнеркәсібі дамыған аймақтарда жалпы нарықтық үрдістер, негізгі бизнес тәуекелдер, капиталды басқару, тау-кен өнеркәсібінде сандық теңсіздік мәселелері болады.
Әлемдік мұхитқа шыға алмайтын Қазақстан үшін алыс шетел нарықтарына өз өнімдерін, әсіресе ТКМК өнімдерін тасымалдау қиын. Осы мәселеде Еуропа одағының теңізге шыға алмайтын мүше елдерінің тәжірибесі үлгі аларлық, олар ЕО бойынша өз әріптестерінің көлік, порт инфрақұрылымын пайдаланады. Осындай зәру мәселелер «Көлік және логистика» сессиясында көтеріледі.
Тиімді өндіру мен өндірістің негізгі факторларының бірі жоғары сапалы инновациялық жабдықтар мен жаңа технологиялар болып табылады. 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде MiningWorld Central Asia - 24-ші «Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту» халықаралық көрмесі өтеді. 300-ден астам бренд ұсынатын әлемнің 200-ден астам компаниясын жинайтын экспозиция жыл сайын өтеді. Экспонент компаниялар табысты іскерлік байланыстар орнатып, серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға, бірлескен кәсіпорындарды ашуға, жаңа жобаларды іске асыруға және жаңа өндірістік алаңдарды жабдықтауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қатысушылар әлеуетті тапсырыс берушілермен танысып, олардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігіне ие болады.
Конгресс жұмысы барысында ДТК қатысушыларына Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысуға мүмкіндік беретін бірқатар экскурсиялар жоспарланған. Бүгінгі күні, көретін нысандар тізіміне «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты (Астана қ.), Васильковское алтын кенорны Altyntau Kokshetau (Ақмола облысы), KAZ Minerals компаниясының «Бозшакөл» мыс кеніші (Павлодар облысы), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның «Казахстанская» шахтасы (Қарағанды облысы Шахтинск), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды облысының Теміртау қаласы) кіреді.
2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресі Астанада «ЭКСПО-2017» аумағындағы Конгресс орталығында өтеді. Оның жұмысына 50 елдің 1200 делегаты, 37 елден 368 баяндамашы авторлар, 23 елден 58 бірлестіктер, 27 елден 79 жоғары оқу орындары, соның ішінде Австралия, Австрия, Канада, Норвегия және Франция делегациялары қатысады,
Монғолияның тау-кен ісі министрі Долгорсурейнг Сумьяабазар, Польша Кәсіпкерлік және технология вице-министрі Тадеуш Кошчинский, Африкадағы тау-кен өнеркәсібіндегі EY басшысы және тау-кен өнеркәсібіндегі сандықтаудың жетекші сарапшысы Джеймс Маттер, Zijin Mining Group Ltd (Қытай) атқарушы директоры Джордж Фанг, Dean McPherson, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясының (Германия) вице-президенті Франц Вольперс және тағы да басқа көптеген құрметті қонақтардың келуі күтілуде.
ДТК 2018 ұйымдастырушысы:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ДТК 2018 бірлескен ұйымдастырушысы:
Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы
Дүниежүзілік тау-кен конгресінің ұраны:
«Инновациялық артықшылық - әлемдік тау-кен өнеркәсібін дамытуға алға қадам»,
Күні мен өткізілетін жері:
19-21 маусым 2018 жыл, Астана қаласы (Қазақстан), «ЭКСПО-2017» Конгресс орталығы