25 мамыр күні Астана қаласында VIII Халықаралық тау-металлургиялық Конгресс және «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі жұмысын бастайды
АММ-2017 жұмыс тәртібін делегаттарға өз құттықтау хатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министр Ж. Қасымбек белгіледі. "Конгресс "Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің жаңа жобасымен екіжылдық жұмыс істеу қорытындыларын шығаруға, инвестицияларды тау-металлургиялық кешенге тарту бойынша жоспарларды белгілеуге және «Индустрия 4.0» ағымдағы әлемдік тренді аясында ең перспективалық инновациялық өнімдер мен технологияларды енгізу мүмкіндігін қарауға арналған".
"ТМК үшін стратегиялық өсу драйверлері" пленарлық отырысында шолу баяндамаларымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлейді.
Саланың проблемалары мен келешектерін бөлек өндірістер жағынан "Полиметалл УК" АҚ президенті Игорь Финогенов, «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрағасы Никола Попович, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон және ATK Holdings бас директоры Абдумалик Мирахмедов ұсынады.
Инвестициялар және даму министрлігі бастамашылық еткен "Нарық көшбасшылары. Даму стратегиялары" форумының бірінші сессиясында саладағы ірі сала кәсіпорындарының, салалық бірлестіктерінің басшылары және шетел сарапшылары ТМК жағынан «Жаңғырту 3.0»-ді, нарықтың инвестициялық болжалдары мен үрдістерін талқылайды. Сессия тәртібінде - ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың, "Республикалық Тау-кен және тау-металлургиялық кәсіпорындары ассоциациясы" ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовецтің, «KAZMinerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедовтың, "Казақмыс Корпорациясы" Басқарушы кеңесінің бас директоры Бахтияр Крыпкпышевтың, Global Mining Corporation президенті Кейт Спенстің және Boston Consulting Group директоры Андрей Новицкийдің баяндамалары.
Конгресстің екінші сессиясы геологиялық барлаудың инвестициялық әлеуетіне арналған. Делегаттарға ірі инвесторлардың қаржы жағдайына шолу және Қазақтандағы жобаларға қойылатын талаптар және тау-кен компанияларды АХҚО биржасы арқылы қаржыландыру механизмдері ұсынылады. CRIRSCO-ға мүшелік еткен бірінші жылы қорытындыларын өз сөзінде KAZRC атқарушы директоры Сәуле Уразаева жалпылайды.
АММ үшінші сессиясы Жаңғырту және Индустрия 4.0 қамқорлығымен өтеді. Қазақстандағы ТМК цифрлендіру туралы "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков әңгімелейді. ТМК-дегі шетелдік цифрлендіру тәжірибесін Chemtech Siemens бизнесті дамыту бойынша инженері Бернардо Мариньо (Бразилия) ұсынады.
АММ-2017 көрмелік бөлігі дәстүрдегідей ТМК арналған ең жаңа жабдықтарын, кәсіпорындарды басқару және өндірістік қауіпсіздік саласындағы инновациялық технологиялық және бағдарламалық шешімдерді, сала үшін аудиторлық және консалтинг қызметтерін ұсынады. Сонлымен қатар көрме аясында "Қазақстандағы Австралия ТМК күндері" презентациялар сериясы өтеді.
Биылғы жылдың экспозициясында ерекше орынды АММ инновациялық әріптесі - "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ-ның START UP Projects area алаңы алады, мұнда «Индустрия 4.0» қазақстандық және шетелдік стартаптары ұсынылатын болады. Бұдан басқа, Конгресс делегаттары үшін "ИТП" «Индустрии 4.0. ТМК кәсіпорындарында деректерді тереңдетілген талдау және аддитивтік технологияларды енгізу» семинарын өткізеді.
АММ-2017 дөңгелек үстелдерінің бағдарламасы саланың ағымдағы мәселелерін талқылауға бағытталған: ТМК үшін жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, тау-кен кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанда зергерлік өндірісті дамыту, пайдалы қазбалар кен орындарын тиімді іздеу негізі ретінде аймақтық геологиялық-түсіру жұмыстары. Сонымен қатар дөңгелек үстелдер форматында "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің тұжырымдамалық сұрақтары және Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ Болат комитетіне кіруі тұрғысынан қара металлургиядағы мемлекеттік саясаты талқыланатын болады.
АММ-2017 аясында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық сыйлығымен марапаттау салтанатты рәсімі өтеді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі сала озаттарын бағалау және қазақстандық компаниялардың қоғамдағы жетістіктерін көпшілікке тарату мақсатында құрған сыйлықты тіпті сегізінші рет табыстайтын болады.
АММ-2017, 2018 жылы 25-ші Дүниежүзілік Тау Конгресін өткізу үшін дайындау алаңы ретінде, халықаралық салалық байланыстарды кеңейтуіне бастамашылық етті - АММ жұмысына Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Иран, Канада, Норвегия, Ресей, Сауд Арабиясы, Франция және басқа елдерден келген делегациялар қатысатын болады. Дегенмен тіпті қазір, АММ-дегі алдағы қездесуді күтпей-ақ, Астанада өтетін Дүниежүзілік Тау Конгресіне деген қолдауын және қатысуын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ISSA Mining және Дүниежүзілік Көмір Ассоциациясы растады.