26 мамырда Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «ЭЫДҰ Болат комитетіне Қазақстан Республикасының кіру аясындағы қара металлургия бойынша мемлекеттік саясат» атты дөңгелек үстел өтеді.
Бейінді министрліктердің, ЭЫДҰ Болат комитетінің, «Сауда саясатын дамыту орталығының», «Қазақстан индустрияны дамыту институтының», салалық ассоциациялар мен сала кәсіпорындарының жұмыс кездесуі елдің қара металлургия бойынша қолданыстағы және болашақтағы мемлекеттік саясатының Қазақстан Республикасының 2016 жылы ЭЫДҰ Болат комитетіне мүше болу үшін берген өтініміне сәйкес ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруге арналады.
Кроме того, Советом рассмотрен План действий по повышению уровня участия в рабочих органах ОЭСР, а также вопросы реализации Страновой программы сотрудничества.
Дөңгелек үстел Astana Mining & Metallurgy – 2017 Конгресінің пікірталас бағдарламасы аясында өткізіледі. АММ пікірталас бағдарламасы жылда саланың жедел мәселелер бойынша кәсіби ұсыныстар жасау қажеттілігін ескере отырып дайындалады. Бірақ Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің жаршысы ретінде Конгресс 2017 көп жылдық бағдарламалар бойынша белгілік қорытынды талқылауға бастама жасайды. Ол ЭЫДҰ Болат комитетіне мүшелік те, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жобасының тұжырымдамалық мәселелері де, өндірісті басқарудың операциялық жүйелерін енгізу жағдайындағы таукен өндіру кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі де, деректердің үлкен массивтеріне терең талдау да, және кәсіпорындарға аддитивті технологиялар енгізу мен осы технологиялардың инженер-техникалық мамандарын дайындау.
Сондай-ақ пікірталас бағдарламасы аясында мамандандырылған «Австралия ТМК күндері Қазақстанда» атты дөңгелек үстел өткізіледі, оған Ресейдегі, Қазақстан мен ТМД Австралия елшісі Петер Теш мырза, Еуропа, Қазақстан мен Ресейдегі Автсралияның бас сауда өкілі Ричард Лэзер, Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, австралиялық және қазақстандық ТМК компаниялары мен Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті Таукен ісі факультетінің делегациясы қатысады. Барлық таукен ісі мәнмәтініндегі Австралияның табыстылығының сенімде дәлелдемелері, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мемреттеу деңгейінде тәжірибе алмасумен толықтырылғанына әкеліп соқты – ҚР Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексін әзірлеу барысында австралиялық заңнама моделі негізгі үлгі ретінде қабылданды. Алдымызда болатын мамыр айындағы кездесудің мақсаты – қатты табиғи қазбаларды өндіру бойынша геологиялық барлау саласында қазақстандық-австралиялық ынтымақтастықты әрі қарай жүргізу.
VIII-ші Халықаралық тау-металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 Көрмесінің бағдарламалық пікірталастары, меморандумдары мен келісімдері халықаралық салалық байланыстарды дамыту тұрғысынан жаңалық әкелетін және Астананы Дүниежүзілік Таукен Конгресін қабылдауға дайындайтын шара деп күтілуде.