Қазақстанның ТКМК саласының өнеркәсіптік саясаты Астана қаласында өтетін Конгресте талқыланады
17-18 маусым күндері Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында тау-кен металлургия кешені саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - «Astana Mining & Metallurgy» 6-шы Халықаралық конгресі (АММ 2015) өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания).
AMM 2015 конгресінің басты тақырыбы «ТКМК саласының өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар, Жаңарту, Өндіріс». 2015 жылы Қазақстан Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыруға көшті, оның басым бағыттарының бірі ТКМК саласы болып табылады. 2014 жылдың нәтижесі бойынша сала еліміздің экономикасында жалпы қосылған құнның 18%-ын және Республикада халықты жұмыспен қамтудың 2,9%-ын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні ТКМК саласының алдында жоғары қайта өңделген және дайын өнім өндірісін дамыту, сондай-ақ инновациялық және ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізу мақсаты тұр. Үкімет саланы заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету саласында шаралар кешенін жүзеге асыру; саланы реттеуде мемлекеттік жүйені жетілдіру; минералдық-шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету; ҚР саланы құру және дамытуды ғылыми-технологиялық қамсыздандыру; сирек кездесетін металдар өндірісін құру және кеңейтуді қарастыратын «2015-2019 жылдар аралығында тау-кен металлургия кешенінің сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі жоспарын» іске асыруда.
Осыған байланысты АММ пленарлық сессиясының шеңберінде Республикамыздың тау-кен өнеркәсібі кешеніне инвестицияларды тарту жөніндегі мәселелер талқыланады. Сессияның спикерлері ретінде ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ауғаныстанның шахта және тау-кен өнеркәсібі саласының министрі Дауд Шах Саба, KAZ Minerals Plc Басқармасының төрағасы Олег Новачук, «Korea Resources Corporation» KOPEC кореялық ұлттық корпорациясының вице-президенті Шин Ки Хым және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.
Дөңгелек үстелдер мен сессиялар барысында мына бөлімдер бойынша баяндамалар мен алғашқы таныстыру рәсімдері ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібін дамыту перспективасы;
-Алтын өндіру саласын дамыту, аффинаж кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрамында асыл металдары бар қазақстандық шикізатты өңдеу үшін күш шоғырландыру;
- Тиімді энергия – тау-кен өндіру және металлургия саласын дамыту факторы;
-Made in France: француз компанияларыме бірге өнімділікті арттыру;
- ТКМК саласына қажет кадрлар.
Конгрестің спикерлері ретінде Ұлттық компаниялар, ірі тау-кен компаниялары, сервистік компаниялар мен халықаралық агенттіктердің бірінші басшылары, Австарлия, Ауғаныстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Франция елдерінің ғылым және бизнес өкілдері сөз сөйлейді.
Алты жылдан бері АММ әр түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары, консалтингілік компаниялары, қаржы, ғылыми институттары үшін тиімді сұхбат алаңы, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің кездесу орны болып табылады. Алдағы оқиғада бірнеше кездесулер мен келіссөздер В2В және G2B пішімінде өтпек.
Сонымен қатар, АММ саланың жаңа жетістіктерін, шетелдік және отандық компаниялардың озық әрі инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Конгрестің көрмелік алаңында 9 мемлекеттен 37 қойылым орын алады. Осы жылы көрмеде жаңа бөлім – «ТКМК үшін Қазақстанда жасалған» бөлімі ашылады, ол жерге қазақстандық өндіріс өнімдері қойылады.
17 маусым күні сағат 14.00 Конгрестің алаңында ынтымақтастық туралы екіжақты құжатқа қол қойылмақ:
1. Шығыс Қазақстан облысындағы Новокрестьянский және Черкасовский учаскелерінде полиметалл кен орындарын барлау бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі жөніндегі «Казгеология» АҚ және «KOREA RESOURCES CORPORATION» оңтүстік кореялық ұлттық корпорациясының арасындағы ниет туралы хат;
2. Қарағанды облсындағы Бесшоқы алаңында түсті және асыл металдарды барлау бойынша ортақ қызмет туралы «Казгеология» АҚ және «Ulmus Besshoky» ЖШС (Улмус Бесшокы) арасындағы келісімшарт (Консорциалды келісім).
Конгрестің тұрақты қатысушыларының арасында АММ 2015 алтын серіктестері – «Казцинк», «ERG», «KAZ Minerals» компаниялары; АММ 2015 күміс серіктестері – «Қазақмыс корпорациясы», «Ақтөбе мырыш компаниясы»; АММ 2015 қола серіктестері – «Қазақалтын» және «SAP» компаниялары бар.
AMM 2015 «Самрұқ-Қазына», «Тау-кен Самрұқ», «Казгеология», «АГМП», «НПП», «World Mining Congress» және «CERBA» ресми қолдауымен және қатысуымен өтеді.
17 маусым күні «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді, байқаудың Бас серіктесі – Еуразиялық топ. Байқауға қатысу үшін 12 номинация бойынша 110 өтінім өткізілді. «Алтын Гефест» байқауының мақсаты тау-кен және металлургия саласындағы оң тәжірибелерді жариялап, кең түрде тарату үшін осы саладағы компаниялар мен мамандардың жетістіктерін мойындау болып табылады. Жеңімпаздар арнайы сыймен марапатталады, кейбір номинациялар бойынша ақшалай сыйлық қарастырлған.
Оқиға жайлы толығырақ ақпарат www.amm.kz ресми сайтында орналастырылған.