Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
16-17 маусым 2021
Нур-Султан, Қазақстан

Астанада өтетін тау-кен және металлургия конгресіне 15 мемлекеттен 650 делегат қатысады

Маусымның 17-18 күндері Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында AMM-2015 - «Astana Mining & Metallurgy - 2015» VI Халықаралық Тау-кен және Металлургия конгресі мен көрмесі өтеді.

AMM-2015 конгресінің бас тақырыбы: «ТМК өнеркәсіптік саясаты: Инвестициялар. Жаңғырту. Өндіріс».

Конгрестің ұйымдастырушылары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі - ITE Group Plc (Ұлыбритания).

AMM-2015 конгресінің аясында алғаш рет B2B және G2B форматындағы бизнес-кездесулер ұйымдастырылмақ. Бұл, тау-кен және металлургия саласының көшбасшылары болып саналатын «Қазмырыш», «KAZ Minerals», «Қазақмыс», «Еуразиялық Топ», «Тау-Кен Самұрық», «Қазгеология» компанияларымен тиімді жеке келіссөз жүргізудің бірегей мүмкіндігі.

Конгрестің тағы бір жаңалығы «ТМК үшін Қазақстанда жасалды» таныстырымдарының сериясы болады (жабдықты, технологияларды, арнайы киімді, мұнай химиясын және басқа да тауарлар мен қызметтерді ТМ кәсіпорындарына жеткізетін отандық жеткізушілер өз таныстырымдарын жасай алады).

Форумның пленарлық сессиясында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Ауғанстанның Шахталар және тау-кен өнеркәсібі министрі Дауд Шах Саба, «Korea Resources Corporation» KOPEC Корея ұлттық корпорациясының вице-президенті Шин Ки Хым және басқалар сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Форумға әлемнің 15-тен астам елінен келетін 650 делегат қатыспақ. Конгреске Ауғанстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея мен Франция елдерінің ресми делегациялары қатысады.

АММ аясында бірнеше мамандандырылған іс-шаралар өткізіледі:

  • ҚР Энергетика Министрлігінің қолдауымен өтетін «Қазақстанның көмір өнеркәсібінің даму келешегі» дөңгелек үстелі.
  • «Тау-Кен Алтын» компаниясының қолдауымен өтетін «Алтын өндіру саласын дамыту, аффинаждық кәсіпорындарға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрамына асыл металдар кіретін қазақстандық шикізатты қайта өңдеуге күш салу».
  • EY, ҚР МШКҚӨ ҰО қолдауымен өтетін «Энергия тиімділігі - тау-кен өндіру және металлургия саласының даму факторы» дөңгелек үстелі.
  • Франция елшілігінің қолдауымен өтетін «Made in France: француздық компаниялармен өнімділікті арттыру» таныстырымдар сериясы.
  • ТМКҚ қолдауымен өтетін «ТМК үшін кадрлар» дөңгелек үстелі.

Конгресс «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады. Сыйлықтың Бас Серіктесі - «Еуразиялық Топ» ЖШС. Конкурсқа қатысу үшін 12 номинация бойынша 109 өтінім берілді.

АММ 2015 конгресінің тұрақты қатысушыларының арасында - «Қазмырыш», «ERG», «KAZ Minerals», «Қазақмыс Корпорациясы», «Ақтөбе мыс компаниясы», «Қазақалтын» және «SAP» компаниялары бар.

AMM-2015 конгресі «Самұрық-Қазына», «Тау-кен Самұрық», «Қазгеология», «ТМКҚ», «ҰКП», «World Mining Congress» және «CERBA» ресми қолдауымен және қатысуымен өтеді.

Пайдалы сілтемелер:
ҚР ИДМ - mid.gov.kz
АММ - www.amm.kz