AMM 2026: ЖАҺАНДЫҚ СЕРІКТЕСТІК, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

2026 ЖЫЛҒЫ 11–12 МАУСЫМДА АСТАНА ҚАЙТАДАН ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ.

Осы күндері Қазақстан астанасында 16-шы Халықаралық тау-кен металлургия Astana Mining & Metallurgy – AMM 2026 конгресі өтеді. Он бес жылдан астам уақыт бойы AMM Конгресі мемлекет пен бизнес арасындағы өзара әрекетті нығайтудың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың және жер қойнауын пайдалану, металлургия және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы стратегиялық бастамаларды ілгерілетудің маңызды алаңы болып келеді.

Дәстүрлі түрде AMM 2026 Конгресс пен ТМК секторының жетекші өндірушілерінің бірегей әзірлемелері мен ұсыныстары ұсынылатын көрмеден тұрады. Биылғы жылы экспозиция Австралия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония сияқты 15 елден келген 69 компанияны біріктіреді.

Көрме халықаралық бизнестің Қазақстан нарығына және оның жаһандық шикізат пен өнеркәсіптік күн тәртібіндегі рөліне деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Қатысушылардың жалпы санының ішінде 40 компания Қазақстанның атынан қатысса, 29 компания шетелдік экспоненттер болып табылады. Сонымен қатар, 36 компания көрмеге алғаш рет қатысады, бұл халықаралық қатысудың кеңейіп келе жатқанын және AMM алаңында ұсынылатын технологиялық шешімдердің үнемі жаңарып отыратынын көрсетеді.

Экспозиция геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеуден бастап өнеркәсіптік автоматтандыруға, цифрлық технологияларға, жасанды интеллектке, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікке, логистикаға, машина жасауға және инжинирингтік қызметтерге дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

2026 жылы Конгресс Бельгия, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ, Қазақстан, Канада, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, Швеция және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, 16 елден шамамен 1 500 делегатты жинайды. Бағдарлама аясында халықаралық деңгейдегі 190-нан астам спикердің қатысуымен 21 тақырыптық сессия және 3 мамандандырылған салалық форум өтеді. Конгреске мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және жетекші компаниялардың өкілдерінен құралған ірі шетелдік делегациялар қатысатынын растады. Олардың қатарында Еуропалық комиссия, Канада, Қытай, Сауд Арабиясы, АҚШ және Швецияның делегациялары бар.

AMM 2026 пленарлық отырысының басты тақырыбы: «Жер қойнауынан интеллект шыңдарына: ТМК болашағы үшін жаһандық әріптестік» болады. Қатысушылардың назарында саланы технологиялық жаңғырту, халықаралық кооперация, аса маңызды минералдарды жеткізу тізбектерін дамыту, озық цифрлық шешімдерді енгізу және тау-кен металлургиясы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері болады.

Іскерлік бағдарламада халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылады. Негізгі іс-шаралардың қатарында АҚШ–Қазақстан еларалық дөңгелек үстелі, EU–Kazakhstan жабық үкіметтік кездесуі, Канаданың ұлттық панелі, сондай-ақ сындарлы минералдарға арналған мамандандырылған воркшоп бар.

Бірінші күннің іскерлік бағдарламасы саланың кең ауқымды мәселелерін қамтиды, оның ішінде «Инвестициялық ахуал және реттеуші орта», «Жоғары волатилділік жағдайындағы металдар саудасы: баға тәуекелдерін басқару», «Eurasia Minerals: ТМК кешенінде қаржыландыру тарту стратегия лары», «Стратегиялық маңызы бар минералдар әлеуетінен – іске асырылатын инвестициялық жобаларға дейін», «Тау-кен металлургия кешеніндегі салық салу», сондай-ақ «Геологиялық барлау: технологиялық серпіліс негізгі сын-қатерлерге жауап бола ала ма?» атты сессиялар өтеді.

Сондай-ақ тиісті сессия аясында старательдік өндіруді заңдастыру және дамыту мәселелеріне, сондай-ақ «ТМК-дегі көлік жне логистика: Орталық Азиян ың жаһандық жеткізу тізбекте ріне интеграциясы» сессиясы аясында көлік және логистикалық интеграция тақырыптарына ерекше назар аударылады.

Конгрестің екінші күні, 12 маусым, саланың технологиялық трансформациясына арналады. Негізгі тақырыптардың бірі «Тау-кен өндіру және өңдеу саласындағы жасанды интеллект: рактикалық п кейстер жне енгізу сын-қатерлері» атты сессия болады. Сонымен қатар «Өңдеу және металлургия: жоғары қайта өңдеу сатылары мен қосылған құнға өту» және «Минералдық шикізатты қайта өңдеудің заманауи шешімдері» атты сессиялар аясында минералдық шикізатты өңдеу мен жоғары қайта бөлулер металлургиясын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ екінші күннің бағдарламасында Қазақстан алтын өндірушілер форумы, Көмір өңдірушілер форумы және Қазақстан зергерлерінің конгресі, геомеханикалық процестерді басқару мәселелеріне арналған сессиялар, «ТМК кешенінің медиадағы бейнесі: күшті бедел кімге тиімді?» атты PR-кездесу және GR Meet Up өтеді.

Конгресс бағдарламасында жыл сайын еліміздің тау-кен металлургиясы саласы өкілдерінің үздік жетістіктерін атап өтетін Ұлттық «Алтын Гефест» салалық байқауы ерекше орын алады. 2026 жылы марапаттар кәсіби жетістіктердің кең ауқымын және отандық ТМК-ның дамуына қосқан үлесті қамтитын 15 номинация бойынша табысталады. Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде салалық қауымдастықтың ең көп күтілетін іс-шараларының бірі болады.

Бүгінде AMM – бұл Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешенінің ең ірі коммуникациялық алаңы ғана емес, сонымен қатар шешімдер әзірлеуге, жаңа серіктестіктер қалыптастыруға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған халықаралық деңгейде мойындалған платформа. Конгресс Қазақстанның минералдық ресурстардың жаһандық нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі және жаһандық өнеркәсіптік әрі технологиялық күн тәртібін іске асырудағы сенімді серіктес ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

 

Мемлекеттік серіктес: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бас серіктес: «Qarmet» АҚ

Алтын серіктестер: Eurasian Resources Group (ERG), KAZ Minerals, Kazzinc, Қазақмыс

Күміс серіктестер: Komatsu Central Asia, Aktobe Copper Company

Қола серіктестер: Turan Industrial & Redpath, Dassault Systemes, Solidcore Resources, Axellect, AltynGold PLC