«АЛТЫН ГЕФЕСТ» 2026: ТМК САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ, ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ МОЙЫНДАУ
2026 ЖЫЛЫ 11 МАУСЫМДА АСТАНАДА 16-ШЫ ҰЛТТЫҚ «АЛТЫН ГЕФЕСТ» ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ — БҰЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ КЕШЕНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ КӘСІБИ СЫЙЛЫҚ БОЛЫП САНАЛАДЫ ЖӘНЕ ЖЫЛ САЙЫН САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ, КӘСІПОРЫНДАРЫ МЕН ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН АТАП ӨТЕДІ.
Дәстүр бойынша марапаттау рәсімі мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылым мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіретін Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық салалық алаң — Astana Mining & Metallurgy 2026 Конгресі аясында өтеді.
16 жыл бойы «Алтын Гефест» елдің тау-кен металлургиясы кешенінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетістіктерін мойындайтын беделді алаң болып келеді. Сыйлық үздік салалық тәжірибелерді кеңінен насихаттауға, кәсіптердің беделін арттыруға және саланы дамытудың жаңа тәсілдерін ілгерілетуге ықпал етеді.
Сыйлыққа дәстүрлі түрде қолдауды Eurasian Resources Group (ERG) көрсетіп келеді — жобаның бас серіктесі ретінде компания көптеген жылдар бойы кадрлық әлеуетті дамытуға және ТМК-да инновацияларды енгізуге жәрдемдесіп келеді.
Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғандықтан, биылғы жылы сыйлықтың маңызы арта түсуде. Сондықтан байқаудың негізгі басымдықтарының қатарында технологиялық даму, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау және өндіріске инновациялық шешімдерді енгізу бар.
Биыл сыйлық саланың дамуының негізгі бағыттарын көрсететін 15 номинацияны қамтиды — өндірістік жетістіктер мен кадрлар даярлаудан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология, әлеуметтік бастамалар мен медиа саласына дейін.
Марапаттар келесі номинациялар бойынша табысталады:
Жыл геологы;
Жыл тау-кеншісі;
Жыл металлургі;
Жыл кеншісі;
Жыл байытушы маманы;
ТМК саласындағы әйелдер;
Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы;
Жыл тәлімгері;
Жыл педагогі;
Жылдың үздік дипломдық жұмысы;
ТМК саласындағы үздік digital-шешім (Бас серіктес — ERG арнайы номинациясы);
Экология және су ресурстары саласындағы үздік жоба;
Жылдың медиа жобасы. Баспасөз беттеріндегі ТМК туралы үздік журналистік жұмыс;
Жылдың медиа жобасы. Интернет-ресурстардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс.
2026 жылы ұйымдастырушылар бірқатар байқау санаттарын да жаңартты. Медиа-номинациялар ақпаратты тұтынудың заманауи форматтарына бейімделіп, енді баспа басылымдарындағы және интернет-ресурстардағы журналистік материалдар жеке бағаланатын болады. Сонымен қатар ESG күн тәртібіне арналған номинация «Экология және су ресурстары саласындағы үздік жоба» санатына өзгертілді. Бұл экологиялық мәселелердің және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың саланың орнықты дамуы үшін маңыздылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Өзінің қызмет ету жылдарында «Алтын Гефест» жай ғана салалық марапат емес, Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешенінің болашағын айқындайтын үздік мамандарды, инновациялық жобалар мен бастамаларды дәріптейтін танымал кәсіби мойындау алаңына айналды.
Сыйлық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және бас серіктес — Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен өткізіледі.



