Әлемнің 20 елінен 1200-ден астам делегат Қазақстанның тау-кен металлургия кешені күндеріне қатысты
Астанада Қазақстанның тау-кен металлургия кешені (ТМК) күндері өтуде, оған 176 компаниядан 1200 делегат қатысты. Делегаттар географиясы 20 елді қамтиды.
«Astana Mining & Metallurgy» (АММ 2013) IV Халықаралық тау-кен металлургиясы конгресінде 7 елдің 25 спикері сөз сөйледі: Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытайжәне Түркия. АММ 2013 Конгресінің тақырыбы (12 маусым): «Әлемдік тұрақсыз экономика жағдайында ТМК технологиялық дамуының келешегі».
Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Astana Mining & Metallurgy» IV Халықаралық тау-кен металлургиясы конгресін аша отырып:«Бүгінгі таңда тау-кен металлургиясы саласында 300 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, сондықтанЖИИДМБ (жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына) мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Бұл бағдарламаның аясында 10 мың тұрақты жұмыс орны бар тағы да қосымша 20 жаңа өндіріс ашу көзделіп отырғандығын» мәлімдеді.
Қарқынды жұмыс бүгінгі күнге, яғни, 13 маусымға жоспарланды: Үш дөңгелек үстел және қара және түсті металл сынықтары бойынша 1-ші Қазақстан конференциясы өткізіледі.
Мақсаты өткен жылдағы ТМК компаниялары мен мамандарының жетістіктерін мойындау болып табылатын, «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Толығырақ келесі баспасөзден қараңыз.
Индустрияландыру картасының шеңберінде тау-кен металлургиясы саласында, құрылыс барысында 33 мың жұмыс орнын құрайтын және пайдалануға беру кезеңінде 33 мың жұмыс орнын қамтитын жалпы сомасы 1 трлн. 830 млн. теңге болатын 78 жоба іске асырылуда.
Қазақстанның тау-кен металлургия кешені күндерінің Бас ұйымдастырушысы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылатындығын естеріңізге саламыз. Тау-кен металлургия өндірісі жұмысшыларының Съезін ұйымдастырушы – серіктесі Тау-кен металлургия өндірісі қызметшілерінің кәсіподағымен бірге Тау-кен өндірісі және тау металлургиясы кәсіпорны республикалық ассоциациясы. АММ Конгресін ұйымдастырушы ITE Group Plc халықаралық серіктесімен (Ұлыбритания) бірге ItecaҚазақстан көрме компаниясы. Ресми қолдаушылар: Астаны қ. әкімдігі, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Тау-Кен Самруқ» АҚ, Қазақстан Республикасының шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы. АММ 2013 демеушілері 8 ірі кәсіпорын. Алтын демеушілер: «ENRC»және «Казцинк». Күміс демеушілер: «ArcelorMittal Temirtau», «Қазақмыс» корпорациясы, «Ақтөбе мыс компаниясы»және«Sat & Co». Қола демеушілер: «Қазақалтын» және «WorleyParsonsKazakhstan».