Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
16-17 маусым 2021
Нур-Султан, Қазақстан

Тау-кен металлургиялық көкжиек

2013 жылғы 12-13 маусымда Астана қаласында өткен Astana Mining & Metallurgy (АММ 2013) IV Халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі – жарқын және кездейсоқ оқиға, оған біздің еліміздің және алыс, жақын шетелдердің жетекші тау-кен металлургия компанияларының өкілдері қатысты. Форум барлық қатысушыларға сағатты салыстыруға және Қазақстан тау-кен металлургиясы саласының даму келешегін талқылауға мүмкіндік берді.

АММ Конгресі үйлескен дәстүр бойынша Қазақстанның тау-кен металлургиясы (ТКМ) кешені күндерін ашты. Қазақстан ТКМ күндерінің Бас ұйымдастырушысы ITE Group Plc (Ұлыбритания) халықаралық серіктесімен Iteca Қазақстан көрме компаниясы.

«Әлемдік тұрақсыз экономика жағдайында ТМК технологиялық дамуының келешегі» тақырыбына шоғырланған көп ұлтты кеңістік диалог үшін алаң болып табылды. 20 елден және 176 компаниядан келген 1200 делегат – кәсіпқойлар диалогының сала мәселесін тиімді шешуге ықпал жасай отырып, жұмыс тәртібінде өткендігін куәландырады. АММ 2013 көрмесіне 6 елден 33 компания қатысты: Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Норвегия, Түркия және Франция. Мұндай іс-шарада әр шаршы метрге жиналғандардың рекордтық саны үйлестірілсе – бұл «бір ауыздан» анық ақпарат алуға жақсы мүмкіндік береді.

АММ 2013 көрмеге және конференцияға қатысушылардың жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерімен ғана емес, сонымен қатар, көпшілікке мәлімдеумен де есте қалады.

Инвесторлар және тұтынушылар тарапынан қызығушылыққа ие Қазақстанның әлеуеті туралы Премьер-министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев конгресте жасаған баяндамасында атап өтті:

«Тау-кен металлургия кешені – Қазақстан үшін шешуші салалардың бірі. Оған ІЖӨ 9% тең келеді, 18% жуығы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі және сыртқа шығару ширегі. Жалпы металлургия өнімін өндіру 2012 жылы қолданыстағы баға бойынша 13 (12,9) млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде: қара металлургия – 4,7 млрд. АҚШ долл., түрлі түсті металлургия – 8,2 млрд. АҚШ доллары. Дайын метал өнімдері өндірісі – 850 млн. АҚШ долл. Өздеріңіз байқағандай, мемлекет алға қойылған жоспарды және өзіне жүктелген міндеттерді орындайды», - деп атап өтті Әсет Исекешев.

«Біз базалық металл өндіруді бастадық, металлдардың ішкі өңдеу көлемін ұлғайттық. Павлодарда бастапқы алюминий өндірісі екі есеге ұлғайды, Өскемен титан-магний комбинатында титан құймасы шығарыла бастады, «Қазцинк» компаниясы «Жаңа металлургия» жобасы бойынша катодты мыс өндіруді, «Алтынтау Көкшетау» алтын өндіруді, Ақтөбе мыс компаниясы мыс концентратын өндіруді ұлғайтты», - деп Исекешев мырза сөзін жалғастырды.

АММ-2013 конгресі саланы дамытуда негізгі мәселелер бойынша мемлекеттің ұстанымы жарияланған мінбе болды: 2030 жылға дейінгі республиканың ТКМ дамыту концепциясының ашылу рәсімі өтті.

Жоспарланып отырған Стратегия аясында, бірінші кезекте, саланы мемлекеттік реттеуді жақсарту үшін нормативтік-заңнамалық базаны жетілдіру жұмысы аяқталатын болады. Қазақстан халықаралық стандарттарға көшіріледі, қазіргі кезде шет елдердің тәжірибесі зерттелуде. Аталған салада шараларды жеңілдету және ТКМ инвестиция тартуды арттыру үшін жер қойнауын пайдалану туралы заңға түзетулер енгізу жоспарда бар.

Конгресте мемлекет биылғы жылы бюджеттен геологиялық барлау жұмыстарына 8 млрд. теңге бөлгені жөнінде белгілі болды. «Алайда бұл соманың жеткіліксіз екендігін», - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мойындады. Оның айтуынша, «бұл соманы біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр, іздестіру-барлау жұмыстарына 2019 жылға дейін 60 млрд. теңге қаржы бөліну қажет». Сонымен қатар, саланы жақсартуды арттыру мақсатында геологиялық ақпараттың ақылылығы алынып тасталды, құпиясыздығы жүргізіліп, ресурстық базаны дамыту туралы ақпарат ашылды.

Саланың жемісті дамуының және жоспарды жүзеге асырудың шешуші шарты саланы жергілікті білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. АММ 2013-те жақын арада жұмысшы мамандар даярлау және менеджерлер даярлау бойынша қос білім беруді дамыту шеңберінде ірі компаниялармен бірлесіп тау-кен саласында мамандарды даярлау бойынша Қазақстан-америка мектебін құру туралы хабарланды.

АММ Конгресі және көрмесі ертеден бері мамандар тарапынан Қазақстан тау-кен металлургия индустриясы айналасындағы ақпараттық аяның маңызды факторы ретінде қабылданады.

АММ – ITE және Iteca компаниялары ұйымдастырған, аймақта тау-кен металлургиясы тақырыбындағы бір ғана іс-шара емес. Алматыда 20 жыл бойы MiningWorld Central Asia - Қазақстанның және ОА елдерінінің ірі көрмесі өткізіледі. Аталған шара жыл сайын әлемнің ондаған елдерінің 400-ден астам компанияларын таныстырады.

2014 жылы АММ Конгресі Астана қаласында сол күні, сол орында өткізіледі – 12-13 маусым Тәуелсіздік сарайы. Уақиға туралы толығырақ ақпарат www.amm.kz арнайы сайтында орналастырылды.