Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
18-19 Маусым 2020
Нур-Султан, Қазақстан

Тау-кен металлургиясы саласының үздіктері анықталды

2019 жылғы 12 маусымда Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында мерейтойлық «Алтын Гефест» республикалық салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңіске жеткен номинанттар ТМК саласының озық мамандары арасында өздерінің лайықты кәсіби жетістіктерін мойындатты және қаржылай марапатталды, ал Жылдың үздік дипломдық жұмысымен жеңіске жеткен студент тау-кен металлургиясы саласындағы дүниежүзі бойынша озық компаниялардың біріне тәжірибелік жұмысқа қабылданады.

«Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстанның тау-кен металлургия саласының ең беделді марапаты болып табылады және тау-кен металлургиясы саласының кәсіпқойлары мен жас мамандары үшін өте маңызды. Он жыл бұрын «Алтын Гефест» сыйлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталған болатын, осылайша конкурстың болашақ қатысушыларының жобаларына кәсіби және шығармашылық талаптардың жоғары деңгейін берген.
Бүгінгі таңда салада 350-ден аса тау-кен және 270 металлургиялық компаниялар жұмыс жасауда, 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
2019 жылы «Алтын Гефест» сыйақысынан 184 геология, тау-кен және металлургия саласындағы мамандар, жобалық, ғылыми, оқыту мекемелері және кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиясы саласы туралы жазатын тілшілер үмітті.

«Алтын Гефест-2019» 13 номинациядан тұрады, оның жүлдегерлері қатарында мамандар мен сарапшылардан бөлек, бизнес-процестерде жаңа тәсілдерді қолданған алпауыт компаниялар да бар. Олар: Жыл кәсіпқойы (Жыл геологы, Жыл кеншісі, Жыл металлургы), Жыл жобасы, Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы, Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы, Жылдың ғалым-педагогы, Жылдың дипломдық жұмысы, Жыл медиа-жобасы (Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс, ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік жұмыс (арнайы сыйақы)), ТКМ-дегі үздік digital-шешім (Еуразиялық Топ (ERG) арнайы сыйақысы) және Үздік шетел серіктесі.

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Жыл геологы» атағы үшін мамандықтың 20-дан аса озық өкілдері сынға түсті. «Асбест геологиялық барлау мекемесі» ЖШС бас директоры Джафаров Низами Наджафоглы үздік деп танылды. Ол хризотил-асбесттің пайда болуының геологиялық-генетикалық үлгісін және кен орнын сақтауды ойлап тапты, Қазақстанның минерагениялық аудандарының картасын әзірлеп және Республикада хризотил-асбесттің минералды-шикізаттық әлеуетін анықтады. Бүгінгі таңда оның басшылық етуімен Қазақстан және Ресей аумағында көптеген кен орындарын зерттеу бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

img press relisses 01

«Жыл кеншісі» номинациясының жеңімпазы «Коппер Технолоджи» ЖШС техникалық директоры - бас инженері Чернобровкин Игорь Юрьевич атанды. Өзінің қызмет жылдарында ол бұрғылап-жару жұмысының параметрлерін оптимизациалады, бұл өз кезегінде қума метрден шығуды арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ол кен шығарылатын орынның шекті жиегінде кен құламаларын өңдеу технологияларын әзірледі, сондай-ақ кенді сапалы орталықтандыру үшін кен қоймаларын қайта құрды.

«Жыл металлургы» болып «Kazakhmys Smelting» компаниясының Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері Қасымбеков Бексұлтан Жұмагелдіұлы танылды. Бексұлтан Жұмагелдіұлы компанияның мыс қорытатын өндірісінде агрегаттар мен технологияларды қайта құру және жетілдіру бойынша жұмыстарға белсенді қатысты. Жезқазған мыс қорытатын зауытта РТБ жаңартуына белсенді қатысты. Қазіргі уақытта қорытудың осы технологиясы Жезқазған шикізатын толық қайта өңдеу мүмкіндігі бар жалғыз технология болып табылады.

«Жыл жобасы» - «Цифрлық кенші» атағының иегерлері, «Алтыналмас АК» Акционерлік қоғамының қызметкерлері. Жоба цифрлық технологияларды және 4.0 Индустриясының элементтерін енгізу шегінде жүзеге асырылады. Жобада жер асты және ашық кен жұмыстарын автоматтандыру, алтын өңдейтін компания фабрикаларын автоматтандыру, онлайн режимде өндірістік процесс туралы ақпарат алу мүмкіндігімен интеграцияның бірнеше деңгейлерін автоматтандыру және шешім қабылдау үшін күрделі талдамаларды орындау қарастырылған.

Табиғи ресурстарды қазу және қайта өңдеу бойынша халықаралық ірі компания - «Востокцветмет» «Kaz Minerals» тобы «Қазақстандық мазмұн бойынша көшбасшылар» номинациясын иеленді.

«Инновациялық көшбасшы» атағын «Ғылыми әзірлемелерді өңірлік және халықаралық инновациялық ортаға біріктіру» жобасымен «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді қайта өңдеу бойынша Ұлттық орталық» иеленді.

Ерекше күтілген жаңа номинация «ТКМ-де үздік digital-шешім болып табылады» (Алтын серіктес «ERG» компаниясының арнайы сыйақысы). «Казцинк» компаниясы және оның «Жаңа бизнес – талдау» жобасы номинация жеңімпазы атанды. Аталған жоба «Altyntau Kokshetau» алтын өндіретін компаниясының негізінде іске қосылды, ол «Казцинк» компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Жаңа бизнес – талдау геологиялық барлаудан басталып байыту фабрикасында дайын өнімді шығарумен аяқталатын барлық процесстерден тұратын, ауысымдық-тәуліктік өндірістік есептілікті толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сыйақы барысында сала үшін жоғары білікті кадрларды дайындайтындарға да құрмет көрсетілді – «Жыл ғалым-педагогы» болып Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, академик, техника ғылымдарының докторы Исагулов Аристотель Зейнуллинович таңдалды.

img press relisses 01

Талантты жас кадрлар – мемлекеттің ТМК саласының болашағы да назарсыз қалған жоқ, «Жыл дипломдық жұмысы» номинациясын «Кентіректерді жобалау үшін біріктірілген, автоматтандырылған веб құрал» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың авторы Маденова Еркежан Кенжебекқызы иеленді. Еркежан биылғы жылы Назарбаев Университетінің Тау кен ісі және жер ғылымдары мектебін үздік аяқтады.

Журналистиканың біздің өміріміздің барлық салаларындағы маңызы зор және тау-кен металлургиясы саласы үшін де ерекше. Ең көп күткен номинациялардың бірі журналистерге арналды.

Карягина Светлана Александровнаның «Барлығы тек қана теория негізінде жұмыс істеуде» атты мақаласы «Жыл медиа-жобасы Баспа және интернет-ресурстардағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» деп танылды.

«ТВ-дағы ТКМ туралы үздік журналистік жұмыс» сыйақысына Азғанбаев Жалғас Базарбайұлы және оның «26-шы элемент» деп аталатын документалдық фильмі ие болды, онда Қазақстанның темір-кен алыбы - Соколовско-Сарбай тау-кен байыту өндірісінің бірлестігі батырларының өмірлері көрсетілген.

«ТКМ-де Адам еңбегі туралы үздік журналистік материал» арнайы сыйақымен авторы Викторя Ляхова және оның «Тау-кен металлургиялық өнеркәсібі» журналында жарияланған «Мирасқорлық бойынша металлургия» материалы белгіленді.

«Үздік шетелдік серіктес» номинациясын FLSmidth компаниясы жеңіп алды, ол Қазақстан нарығында KazMinerals-пен және оның серіктес компанияларымен ынтымақтасып жұмыс істейді. FLSmidth инженерлерінің Ақтоғай и Бозшакөл кен орындарында тұрақты болуы жергілікті персоналға технологиялық жабдықты жеткізу және қызмет көрсету бойынша дүниежүзілік көшбасшының технологиясы мен жабдығы туралы озық білімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған сыйлықақының беделі жыл сайын артып келе жатқанын атап өту керек. Он жыл ішінде 120-дан аса мамандар мен сала ұйымдары марапатқа ие болды. Қазақстанда 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізудің арқасында «Алтын Гефест» сыйақысы дүниежүзілік құрметке ие болды. Ол ең алдымен Инвестициялар және даму министрлігінің жан-жақты қолдауының арқасында және іс-шараның басты серіктесі - Еуразиялық Топтың (ERG) арқасында мүмкін болды.

«Алтын Гефест» конкурсы АММ тау-кен металлургиялық Конгресінің аясында өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Iteca қазақстандық көрме компаниясы.