Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі
12-13 Маусым 2019
Нур-Султан, Қазақстан

2017 құттықтау хаттары

Құрметті ханымдар мер мырзалар!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан қатысушыларды VIII «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің ашылуымен құттықтаймын.

2017 жылғы Конгресс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің» жаңа жобасы бойынша екі жылдық жұмыс қорытындысын жасауға,
тау-кен металлургия кешеніне инвестициялар тарту бойынша амбициялық жоспарларды белгілеуге және «Индустрия 4.0» - ағымдағы әлемдік тренд шеңберінде неғұрлым перспективті инновациялық өнімдер мен технологияларды қарастыруға бағытталған.

Осы үш вектор Министрліктің басымды назарында болып отыр, себебі
тау-кен металлургия саласының дамуы бойынша негізгі болжамды күтілімдер нақты осыларға байланысты.

АММ-2017 «Тау-кен металлургия кешенінің өсуіне арналған стратегиялық драйверлер» атты басты тақырыбы шеңберінде жедел инновацияларды енгізу әдістері, Жер қойнауы туралы кодекс, инвестициялар тарту, тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі энергия ресурстары, ТМК кәсіпорындарының маңайындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және басқа да өзекті мәселелер осы саланың жаңа жағдайына бейімделу тәсілі ретінде талқыланатын болады.

АММ-2017, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін өткізу үшін дайындық алаңы ретінде халықаралық салалық байланысты кеңейтуге бастама жасады – АММ жұмысына Аустралия, Бразилия, Иран, Канада, Норвегия, Сауд Арабиясы, Ресей, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің делегациялары қатысады.

25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін Астанада өткізуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ISSA Mining және Дүниежүзілік Көмір Қауымдастығы қолдады.

АММ-2017 Конгресін өткізу инвестициялар тартуға, Қазақстан кәсіпорындары мен шетелдік өнеркәсіп компанияларының арасындағы серіктестіктің даму мен технологиялар трансфертіне ықпал ететініне сенімдімін. Жемісті жұмыс тілеймін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек