14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

АЛТЫН ГЕФЕСТ 2019 КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жыл Геологы

«Алтын Гефест» конкурсын өткізу тау-кен металлургиялық саласының мамандары үшін өзін көрсете алатын бірегей мүмкіндік болып табылады. Құжаттар тапсыратын жеткілікті қарапайым процедура мемлекеттің жер қойнауын игеруге үлесін қосатындардың барлығына конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Конкурс нәтижесін күту – қатысушы үшін, әсіресе сен өмір бойы айналысқан өзіңнің кәсібің туралы айтып жатқанда үнемі толқитын сәт. Биылғы жылы менің Қазақстанға Баку қаласында университетті аяқтап, жас маман ретінде жолдама бойынша келгенімен нық 40 жыл толады. Мен – геологпын және өз мамандығымды мақтан тұтамын, себебі геологиялық барлау жұмыстарының сала және мемлекет үшін рөлі мен маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Маған салтанатты түрде марапаттауды ұйымдастырудың жоғары деңгейі өте ұнады, мұнда саланың басшылары салтанатты түрде саланың көптеген өкілдері мен шетелдік қонақтардың алдында ардақты мүсіншелерді тапсырды. Әсіресе марапаттау салтанатының мәдени бағдарламасы көріністі болды. Марапаттаудан кейін мен үшін ең күшті тосын сый болғаны ол – маған Конгресстің тек қана қазақстандық қатысушылары ғана емес, сондай-ақ шетелдік қонақтардың жақындауы және жоғары марапатқа құттықтаулары болды. Әрине, марапат алған өте жақсы, бірақ бұл адамға ерекше жауапкершілікті де артады, бұдан әрі конкурс жеңімпазы деген жоғары мәртебені ақтаймын деп сенемін.

Конкурстың ұйымдастырушыларын оған қатысуға мүмкіндік бергендері үшін және өткізілген іс-шараның жоғары деңгейі үшін, ал конкурстық комиссияның мүшелеріне менің еңбегімді жоғары бағалағандары үшін алғыс білдіремін.

Құрметпен, Низами Джафаров


Жыл Металлургы

Конекурсттың ұйымдастырушыларына оған қатысуға мүмкіндік бергендері үшін, әсіресе менің еңбегімді жоғары бағалап Алтын гефестті тапсырғандары үшін алғысым шексіз.

Күн сайын өз жұмысыңды атқара отырып, біз кей кездері өз мемлекетіміздің игілігіне жұмыс істеп, қаншалықты маңызды миссия орындайтынымызды және біздің үлгі – жас буынға біздің қиын, бірақ паториоттық мамандығымызды таңдауға уәждеме болатынын түсінбейміз.

Конкурстың барлық қатысушыларына өз отанымыздың игілігі үшін өздерінің игі істерін жалғастыруларын, ал ұйымдастырушыларға – жаңа қызықты жұмыс пен лайықты жеңімпаздарды тілеймін!

Қасымбеков Бексұлтан Жұмаділдәұлы, Балхаш мыс балқыту зауытының бас инженері, «Kazakhmys Smelting» ЖШС.


Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы

2019 жылы 12 маусымда АММ 2019 Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінің шеңберінде «Алтын Гефест 2019» жыл сайынғы конкурсы өткізілді.

МШКӨ ҰО Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің тау-кен металлургиялық кәсіпорындарына өздерінің ғылыми әзірлемелерін енгізген айналымы үшін «Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» номинациясында сыйақымен ерекшеленді.

Алтын Гефестті салтанатты түрде МШКӨ ҰО Бас директоры Жарменов Абдрасул Алдашұлына ҚР ИДМ жауапты хатшысы Пшембаев Мереке Құдайбергенұлы тапсырды.

Біздің ғылыми орталық әсіресе «Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» номинациясында ерекшеленгені өте жағымды. Себебі тек қана ғылым біздің заманауи қоғамды ілгеріге жетелейді.

Құрметпен, Ляззат Шамганова, Д.А. Қонаев атындағы ТІИ ғылыми жұмыс бойынша директорының орынбасары, ҚР ҰҒА мүшесі, т.ғ.д.


Жыл Ғалым Педагогы

Бүгін мыңдаған мектеп бітірушілер өздерінің болашақ мамандықтарды таңдадаы немесе әлі де болса іздеу үстінде. Көптеген мамандықтардың ішінде бірнеше мыңжылдықтар бойы адами өркениеттің дамуын анықтайтындар да бар. Олардың ішіндегі біреуі – аңыздарға бөленген, батылдықты, айрықша жігерді, табандылықты, білім мен тәжірибені талап ететін – металлург мамандығы. Дәл осы мамандық біздің Бірінші Президентіміз – Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың өмірінде жолдама болғаны да кездейсоқтық емес. От пен металлға байланысты мамандыққа деген құрмет әлемде кеңінен таралғандардың бірі Кузнецов деген тектен көрінеді (Смит, Шмидт, Ковальский және т.б.). Металлургия – өзіне мыңжылдықтардың тәжірибесін жинаған және бұрынғыша цифрлау дәуірінде сұранысқа ие күрделі процесс. Ол ғылым, үздік тәжірибе және жоғары шығармашылықтың қорытпасы болып табылады. Сондықтан болар, металлургтардың өз «Оскар» – Алтын Гефесті бар.

Менің инженер-металлург болуымда екі есе жолым болды, себебі Қарағанджы мемлекеттік техникалық университетінде инновациялық ой қабілеті бар бәсекеге қабілетті, заманауи өндірістің технологиялық міндеттерін шеше алатын инженерлерді дайындау бойынша 38 жыл жұмыс істеймін.

Қазіргі уақытта университетте тау-кен металлургиялық бағытта 900 аса студент оқиды. Мені марапаттау салтанатына қатысушы ретінде шабыттандырғаны «Алтын Гефест» дүниежүзілік атаққа ие болды. Мерейтойлық республикалық салалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырушылар заманауи технологияларды қолдана отырып – жасампаздық әзірленген бағдарламамен іс-шараны керемет өткізді. Көптеген достар таптым. Бәрі тамаша болды. Мейреке үшін рахмет!

Исагулов Аристолель Зейнуллинович, ҚарМТУ бірінші пророекторы, т.ғ.д., профессор, ҚазҰТҒА академигі.


Жыл медиа жобасы – ТВ-дағы ТКМ саласы туралы үздік журналисттік жұмыс

Тау-кен металлургиялық сектор мемлекеттің экономикасы мен дамуында ерекше рөлге ие. Қазақстанның активінде Менделеев кестесінің барлық элементтері бола тұра, тәуелсіздіктің барлық жылдарында пайдалы қазбаларды белсенді өндіріп, қайта өңдейді.

Бұның бәрі біздің шахтерлеріміздің, байытушыларымыздың, металлургтер мен тау-кен металлургиялық кешеннің барлық жұмыскерлерінің зор еңбегі екені сөзсіз. Көптеген жайғдайларда олар күн сайын өз жұмыстарын істейтін қарапайым еңбек адамдары. Осындай «Алтын Гефест» сияқты салалық конкурстардың арқасында, біз олар жайлы көбірек біліп қана қоймай, олардың еңбектерін ұлттық деңгейде белгілей аламыз.

Мен мемлекетіміздің көптеген шахталарына түсіп, әр түрлі кен орындарына бардым. Біздің командамыз арнайы репортаж және деректі фильмдер арқылы көрермендерге кеншілердің еңбегін көрсетуге тырысты. Фильмдердің біреуі «26-шы элемент» деген атқа ие болды, мұнда көрермен темір кен алыбы – Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің қызметімен танысты.

Қуантарлығы бұл фильм «Алтын Гефест» сыйлығына «ТВ-дағы ТКМ саласы туралы үздік журналисттік жұмыс» номинациясына лайықты болды. Бізге мерекелік мүсіншені сыйлағанда екі есе керемет болды. «Алтын Гефест» алу одан әрі даму үшін ынталандырып қана қоймай, сол сияқты ұлттық салалық конкурстың сенімін ақтауға үлкен жауапкершілік артады.

Iteca көрме компаниясына конкурсты ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіремін. Конкурс барысында ақпараттық технологияларды қолданғанын, гала-рәсімнің жедел және керемет ұйымдастырылуын ерекше атап өткім келеді. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамын және жаңа іс-шараларда сәттіліктер тілеймін!

Азғанбаев Жалғас Базарбайұлы


ЖЫЛ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Мен үшін «Алтын Гефест» конкурсына қатысу өте толқулы және қызықты болды. Түлек-студент ретінде менің жұмысымды сарапшылардың бағалауы және «Жыл дипломдық жұмысы» марапатын тапсыруы атқарылған жұмыстың көрсеткіші болды.

«Алтын Гефест» конкурсы мені келесі жобаны қолға алуыма шабыттандырды, мен сол үшін өте қуаныштымын. Осындай конкурстар тау-кен қазу саласының мамандарын көтермелейді және одан әрі дамуға сенімділікті арттырады деп санаймын.

Марапаттау салтанатын қоса алғанда конкурс өте жоғары деңгейде өткенін атап өткім келеді, оған қатысушылардың жанарларында тұрған жарқыл мен қуаныш куә болды. Ұйымдастырушыларға шабыттандыратын кеш үшін рахмет айтамын және өркендеу мен сәттіліктер тілеймін!

Маденова Еркежан Кенжебеккызы, Назарбаев Университеті, Факультет: Тау –кен ісінің мектебі және Жер туралы ғылым