Номинациялар сипаттамасы және бағалау өлшемдері
«АЛТЫН ГЕФЕСТ» ҰЛТТЫҚ САЛАЛЫҚ КОНКУРСЫ
«АЛТЫН ГЕФЕСТ» — Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласының үздігі атағына жыл сайын ұсынылатын Ұлттық премия. Байқау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның ТМК индустриясындағы қызметкерлерді, ғалымдарды, студенттерді, журналистерді және компанияларды ынталандыру мақсатында өткізіледі.
КОНКУРС КЕЗЕҢДЕРІ:
- Өтінімдерді қабылдау - 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап – 12 мамырға дейін
- Әділқазылардың дауыс беруі – 2023 жылдың 15 мамырынан бастап –21 мамыр дейін
- Марапаттау рәсімі – 2023 жылдың 2 маусымында өтеді
Конкурсқа қатысу үшін тіркеліп, таңдалған номинация бойынша қажетті құжаттарды жіберу қажет. Барлық құжат айналымы электрондық форматта болуы тиіс, сондай-ақ электрондық форматта дауыс беруге жіберіледі.
«АЛТЫН ГЕФЕСТ» КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
- 1. Жыл кәсіпқойы - Жыл геологы
2. Жыл кәсіпқойы - Жыл таукеншісі
3. Жыл кәсіпқойы - Жыл металлургы
4. Жыл кәсіпқойы - Жыл кеншісі
5. Жыл кәсіпқойы - Жыл байытушы маманы (жаңа номинация)
6. Жыл кәсіпқойы – ТМК саласындағы Әйелдер
7. Жылдың үздік әлеуметтік жобасы (жаңа номинация)
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы
9. Үздік digital-шешім (ERG Премиясының Бас серіктесінен арнайы номинация)
10. Жыл тәлімгері (жаңа номинация)
11. Жыл ғалым-педагогы
12. Үздік дипломдық жұмыс
13. Жыл медиа жобасы - ТМК туралы баспасөз бен Интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс
14. Жыл медиа жобасы - ТМК туралы ТВ-дағы ең үздік журналистік жұмыс
15. Үздік ESG стратегиясы
Барлығы 15 номинация
*Қашықтық (электрондық) форматта конкурсқа қатысу тегін
НОМИНАЦИЯЛАР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
1.Жыл геологы
2.Жыл тау-кеншісі
3.Жыл металлургы
4.Жыл кеншісі
Қатысуға шақырылады:
Минералды қорларды және металды барлау, өндіру және өңдеу бойынша коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымдарда жоғары кәсіби еңбек сіңірген және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар тау ісінің/геология саласының/металлургияның кәсіби-практигі. Бұл номинацияның үміткерлері ұйымдардың тарапынан, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы ұсыныла алады.
Бағалау критерийлері:
- 1. Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, өмірбаяны.
2. Жұмыста инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдану.
3. Ағымдағы жылдың өндірістік жетістіктері мен көрсеткіштері.
4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.
5. Кандидаттың жеке жетістіктері.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Байқауға қатысу үшін материалдар:
- • Жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, байланыс ақпараты көрсетілген түйіндеме.
• Үміткердің өткен жыл ішінде жүзеге асырған және әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуы, кадр бөлімінен үміткердің жеке жетістіктері көрсетілген мінездеме.
• Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
5. ЖЫЛ БАЙЫТУШЫ МАМАНЫ
Қатысуға шақырылады:
Минералды қорларды және металды барлау, өндіру және өңдеу бойынша коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымдарда жоғары кәсіби еңбек сіңірген және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар пайдалы қазбаларды өңдеу саласында кәсіби-практигі. Бұл номинацияның үміткерлері ұйымдардың тарапынан, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы ұсыныла алады.
Бағалау критерийлері:
- 1. Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, өмірбаяны.
2. Жұмыста инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдану.
3. Ағымдағы жылдың өндірістік жетістіктері мен көрсеткіштері.
4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.
5. Кандидаттың жеке жетістіктері.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Байқауға қатысу үшін материалдар:
- • Жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, байланыс ақпараты көрсетілген түйіндеме.
• Үміткердің өткен жыл ішінде жүзеге асырған және әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуы, кадр бөлімінен үміткердің жеке жетістіктері көрсетілген мінездеме.
• Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
6. ТМК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР
Қатысуға шақырылады:
Минералды қорларды және металды барлау, өндіру және өңдеу бойынша коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымдарда жоғары кәсіби еңбек сіңірген және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар тау ісінің/геология саласының/металлургияның кәсіби-практигі. Бұл номинацияның үміткерлері ұйымдардың тарапынан, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы ұсыныла алады.
Бағалау критерийлері:
- 1. Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, өмірбаяны.
2. Жұмыста инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдану.
3. Ағымдағы жылдың өндірістік жетістіктері мен көрсеткіштері.
4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.
5. Кандидаттың жеке жетістіктері.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Байқауға қатысу үшін материалдар:
- • Жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, байланыс ақпараты көрсетілген түйіндеме.
• Үміткердің өткен жыл ішінде жүзеге асырған және әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуы, кадр бөлімінен үміткердің жеке жетістіктері көрсетілген мінездеме.
• Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
7. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ
Қатысуға шақырылады:
ТМК кәсіпорындары, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жобаларды жүзеге асыратын шағын және орта бизнес.
Бағалау критерийлері:
- 1. Жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуға және қоғамдағы оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге ықпал етуге тиіс.
2. Жобада әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық тәсілі болуы керек.
3. Жобаның әлеуметтік әсері мен тиімділігі – нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер динамикасы болуы керек.
4. Жоба бар әлеуметтік мәселелерді шешуге/жеңілдетуге бағытталуы керек; жалпы облыс тұрғындарының және/немесе халықтың әлеуметтік осал топтары/топтар өкілдерінің және олардың қабілеттерін дамыту үшін ерекше қолдауды қажет ететін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, ұзақ мерзімді, тұрақты оң әлеуметтік өзгерістердің пайда болуы туралы және өзін-өзі жүзеге асыру керек.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 25 ұпайдан)
*Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:
- • Жобаның тұжырымдамасы: жобаның негізгі көрсеткіштері және орындаушы-компаниясы, уаықыты, мерзімі, жобаның географиясы, жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері;
• Жобаны жүзеге асыру кезінде қолданылатын технологияларды, әдістерді сипаттау;
• Қолдау көрсетілген мүдделі тараптардың ұсыныстары мен кері байланысы.
*Ұсынылған материалдар үшінші тұлғалармен бөлісілмейді және тек дауыс беру кезеңінде қарау үшін пайдаланылады (құпиялылық туралы келісім қолданылады).
8. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ
Қатысуға шақырылады:
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың нөлдік немесе ең төменгі деңгейін қамтамасыз ететін кәсіпорындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары стандарттарын ұстанатынын іс жүзінде дәлелдеген тау-кен металлургия секторындағы компания.
Бағалау критерийлері:
- 1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар.
2. Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру.
3. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жұмыстында ең соңғы технологияларды немесе бағдарламаларды қолдану.
4. Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 25 ұпайдан)
Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:
- • Компания туралы жалпы ақпарат;
• Үміткер компанияның соңғы жылда, кәсіпорында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндірісте қолданған технологияларының және әдістерінің, әзірлеген және жүзеге асырған ең сәтті жобаларының сипаттамасы;
• Серіктестерінің пікірлері мен ұсынымдары.
9. ТМК САЛАСЫНДА ҮЗДІК DIGITAL-ШЕШІМ
(ERG жүлдесі)
Қатысуға шақырылады:
Жобалау институттары, ғылыми-зерттеу институттары, автоматтандыру, IT, Big Data, Интернет нәрселер (IoT), 4.0.Индустриясы салаларында озық технологияларды, digital-шешімдердері қолданушы/енгізуші компаниялар мен кәсіпорындар.
Бағалау критерийлері:
- 1. ROIC (Инвестицияланған капиталдың рентабельдік коэффициенті), енгізу мерзімі.
2. Шешіммен қамтылған үрдістің ауқымы. Функционалдың толықтығы.
3. Еңбек нарығының трансформациясы және кадрлардың қажетті құзыреттерді игеруі және қатысуы бойынша ынтыландыру жүйесін құру.
4. ҒЗРКЖ жүйесінің болуы және оның сипаттамасы: өнертабыс саны, тиімді ұсыныстар және енгізілген инновациялық сандық технологиялар саны.
5. Жоғары зияткерлік технологиялардың қолданылуы (AI, AR және т.б.)
6. «Бұлттық» шешім дәрежесі. Басқа вендорлар мен интеграторладың салалық басқа шешімдерімен бірлесуге деген ашықтық. Баптаудағы икемділік.
7. Ақпараттық қауіпсіздік (бизнестің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологияларды қолдану)
8. Енгізу мерзімдері
9. Отандық жеткізуші. Шешімдегі импортты алмастыру үлесі
10. Тапсырыс берушілердің/ жұмысшылардың пікірлері
* Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:
- 1. Жоба тұжырымдамасы:
• Жоба атқарушы-компанияның сипаттамасы,
• Жобаның негізгі көсеткіштері, уақыты, географиясы және мерзімі
• Жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері;
2. Жобаны жүзеге асыру барысында қолданылған технологиялардың, өндірістік әдістердің сипаттамасы;
3. Жоба тапсырыс берушісінің, серіктестердің, клиенттердің және т.б. ұсынымдары және пікірлері.
4. Жобаның бюджеті (жоба атқарушысының қалауы бойынша).
*Ұсынылған материалдар үшінші тұлғаларға берілмейді және тек қана дауыс беру кезеңінде қарастырылу үшін қолданылады (ақпараттың құпиялылығы туралы келісім қолданылады).
Барлық материалдарға компанияның бас бухгалтері қол қойып, мөр басылуға тиіс.
10 . ЖЫЛ ТӘЛІМГЕРІ
Қатысуға шақырылады:
Кәсіпорынның ТМК кәсіпорынының қызметкері, өз ісінің білгірі, тәлімгерлік танытқан қасиеттерінің арқасында басқаларға оң әсер ететін басшы. Бұл номинацияға қатысуға үміткерлерді ұйымдар командасы да, өзін-өзі ұсыну арқылы да ұсына алады.
Бағалау критерийлері:
- 1. Біліктілік дәрежесі, жұмыс тәжірибесі (кемінде 3 жыл).
2. Сандық көрсеткіштер (қамқорлықтағылар саны, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін пайыздық көрсеткіште арттыру және т.б.).
3. Команда/кадр бөлімінен пікірлер.
4. Интеллектуалды волонтерлік, үміткердің жеке жетістіктері, конференцияларға, форумдарға қатысу және т.б.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 25 ұпайдан)
Байқауға қатысу үшін материалдар:
- 1. Кандидаттың түйіндемесі.
2. Команда/кадр бөлімінен пікірлер, кері байланыс. Тәлімгерді бағалау сауалнамасы (бар болса).
3. Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
11 . ЖЫЛ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГЫ
Қатысуға шақырылады:
Білім беру мекемелерінде сабақ беру, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу және өз зерттемелерін өндірісте практикалық қолдану бойынша үлкен тәжірибесі бар геология/тау-кен ісі/металлургия саласындағы ғалым немесе педагог. Осы номинацияға қатысу үшін кандидатурлар ұйым ұжымы ұсыну және өзін өзі ұсыну арқылы ұсынылады.
Бағалау критерийлері:
- 1. Біліктілік дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі, жұмыс өтілі (кем дегенде 3 жыл).
2. Ғылыми еңбектер, басылымдар саны, кітаптар, патенттер және т.б.
3. Ғылыми жарияланымдар, кітаптар мен оқулықтар саны және маңыздылығы.
4. Үміткердің жеке жетістіктері.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 25 ұпайдан)
Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:
- 1. Үміткер туралы жалпы ақпарат
2. Өмірбаяндық анықтама:
• жұмыс тәжірибесі көрсетілген,
• үміткердің жаңа оқыту технологияларын, практикалық тәсілді пайдалана отырып әзірлеген ең сәтті жобаларын сипаттайтын,
• жеке жетістіктері туралы ақпаратпен (наградаларының, грамоталарының саны, атаулары).
3. Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
«Ғалым-педагог» номинациясындағы жеңімпазға 400 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қарастырылған.
12 . ҮЗДІК ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қатысуға шақырылады:
Жалпы ТМК секторының немесе оның бір аспектісін дамыту тақырыбына арналған зерттеу жұмысын орындаған Қазақстанның техникалық ЖОО мен оқу орындарының соңғы курс студенттері.
Бағалау критерийлері:
- 1. Тақырыптың өзектілігі
2. Сала мәселелеріне ұсынылған түпнұсқалық шешімдер.
3. Тақырыптың толық әрі көлемді ашылуы. Қолданылған ақпарат көздері.
4. Мазмұндау стилі (кестелер, диаграммалар, сурет және бейне, зерттеу)
5. Үміткердің жеке жетістіктері (олимпиадаларға, конференцияларға қатысу, белсенді қоғамдық қызметі).
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:
- • Диплом жұмысы (электронды нұсқада, .pdf үлгісінде);
• Ғылыми жетекші рецензиясы (сканерленген көшірмесі);
• Диплом/зерттеу жұмысының қысқаша түйіні (1/2 бет, немесе аралықтармен 2 000 нан аспайтын таңба);
• Деканаттан үміткердің ҚР ЖОО немесе оқы орнының соңғы курс студенті екенін растайтын анықтама (сканерленген көшірмесі);
• Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото (.jpg үлгісінде);
• Кандидаттың жеке жетістіктерін сипаттайтын деканаттың мінездемесі және оқытушылардың, жастардың және кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстары (бар болған жағдайда).
«Үздік диплом жұмысы» номинациясындағы жеңімпазға 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.
ЖЫЛ МЕДИА-ЖОБАСЫ:
- 13. ТМК туралы баспасөз бен Интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс
- 14. ТМК туралы ТВ ең үздік журналистік жұмыс
Қатысуға шақырылады:
ТМК туралы журналистік жұмысымен жарияланған немесе телевизиялық эфирге шыққан кәсіпқой журналист немесе журналисттер ұжымы.
Бір қатысушы Конкурсқа бірнеше жұмыстарды ұсынуы мүмкін (өз атынан, я болмаса журналисттер тобымен бірлескен авторлықта). Ақпараттық жазбалар мен жарнама материалдары конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Шарттар:
- • Қазақстандық немесе шетелдік БАҚ-та қазақ/орыс/ағылшын тілінде материал жариялау.
• Басылым немесе эфирге шығу күні: 5 маусым 2022 жыл – 12 мамыр 2023 жыл, қоса алғанда.
Бағалау критерийлері:
- 1. Ақпараттың дәлдігі мен анықтығы.
2. Тақырыпты таңдау: өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы.
3. Сұрақтың/проблеманың қойылуы, талдау тереңдігі.
4. Дәл авторлық ұстанымы.
5. Мазмұндау стилі.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Конкурсқа қатысуға арналған материалдар:
- Жұмыс тәжірибесі көрсетілген өмірбаяндық анықтама, байланыс ақпараты;
- Электрондық үлгідегі төлқұжат стилінде сурет
Баспасөз БАҚ жариялау үшін:
- 1. Жарияланым (басылым сайтына сілтеме/.pdf форматындағы құжат/басылымның анық ізі бар баспа басылым бетінің сканерленген нұсқасы/басылымның аты, нөмірі, шығарылған күні).
2. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары (бар болған жағдайда).
Телевизиялық жұмыстар үшін:
- 1. Бейне-сюжет, фильм немесе телебағдарлама (бейне порталға сілтеме, видеохостинг, файлдық айырбастағыш),
2. Эфирлік анықтама,
3. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары.
Интернет-дереккөздерінде жариялау үшін:
- 1. Мақала жарияланған сайтқа сілтеме.
2. Редактордың немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары (бар болған жағдайда).
Әр номинациядағы жеңімпазға 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық қаралған.
15. ҮЗДІК ESG СТРАТЕГИЯСЫ
Қатысуға шақырылады:
Әлеуметтік және экологиялық принциптерді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыратын ТМК кәсіпорындар.
Бағалау критерийлері:
- 1. Стратегиялық бағдарламаның ауқымы.
2. Экономикалық тиімділігі – қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, қоршаған ортаға зиянын азайту.
3. Әлеуметтік тиімділігі – еңбек жағдайларының сапасын арттыру, гендерлік стереотиптермен күресу, корпоративтік мәдениет.
4. Бағдарламаны жүзеге асыруда қолданылатын инновациялық технологиялар.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 25 ұпайдан)
* Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:
- • Жоба тұжырымдамасы: негізгі көрсеткіштер, жобаның уақыты, мерзімдері, жобаның әлеуметтік және экологиялық нәтижелері.
• Қоршаған ортаның ластануын азайтуын, экологиялық қауіптердің алдын алуын және әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдауын қолданылатын әдістерін сипаттау.
• Серіктестердің, салымшылардың, клиенттердің және т.б. пікірлері.
• Жоба бюджеті (жоба орындаушысының қалауы бойынша).
*Ұсынылған материалдар үшінші тұлғаларға берілмейді және тек қана дауыс беру кезеңінде қарастырылу үшін қолданылады (ақпараттың құпиялылығы туралы келісім қолданылады).