14-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

«Золотой Гефест» 2015 қорытындысы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өтетін «Золотой Гефест» атты ТМК саласындағы ең беделді салалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарды құттықтаған гала-қабылдау «Rixos President Astana» мейманханасының басты салтанат залының сахнасында 17 маусымда өтті.

Барлығы ұйымдастырушылар комитетімен 12 номинация бойынша 110 өтінім қарастырылды.

Сыйлықтың Бас Серіктесі міне, алтыншы жыл қатарынан Еуразиялық Топ (ERG) болып келеді.

Конкурстың тәртібі бойынша жеңімпаздарды анықтау бойынша соңғы шешім Гала-қабылдау басталғанға бір-екі сағат қалған уақытта ғана Конкурстың Қазылар алқасының жабық отырысында қабылданғандығын естеріңізге саламыз.

Марапаттау салтанатына компанияның басшылары және әр номинация бойынша үздіктердің үштігіне кірген үміткерлер шақырылды.

Инновациялық технологияларды, жаңа тәсілдерді қолдану бойынша көрсеткіштер, экономикалық, әлеуметтік тиімділік және тағы да басқалары жеңімпазды іріктеу кезіндегі басты белгілер болып табылды.

«Золотой Гефест 2015» алтыншы ұлттық салалық конкурстың жеңімпаздары болып келесілер анықталды:

«Жыл геологы» - Әлжанова Баян Ғазизқызы, Минералдық ресурстар басқармасының бас геологы, «KAZMINERALS MANAGEMENT» ЖШС, Казминералс тобы.

«Жыл кеншісі» - Жәкенов Болат Әміржанұлы, Өндіру жөніндегі вице-президент, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Еуразиялық Топ.

«Жыл металлургы» – Иманқұлов Ербол Базаралыұлы, «Tau-Ken Temir» ЖШС Басқармасының төрағасы (атақ қайтыс болғаннан кейін берілді).

«Жыл жобасы» – «Рельс-арқалық зауытын салу», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС.

«Инновациялар жөніндегі жыл үздігі»  – ЮрАзия Энерджи Холдингс ЛТД. Компаниясының Қазақстандағы филиалы / «ҚРҚ «Заречное» БК» АҚ – «»Бифторид аммонийді қоса отырып күкірт қышқылды ерітінділермен өңдеудің көмегімен ұңғымалардың өнімділігін қалпына келтіру технологиясы». Жетекшісі: Өндіру жөніндегі вице-президент, «Uranium One Inc» қазақстандағы филиалының басшысы Ниетбаев Марат Әбенұлы.

«Қазақстандық қамту жөніндегі үздігі» - «Ер-Тай» ЖШС.

«Энергия үнемдеу саласындағы ең үздік шешім» – «Акдала, Южный Инкай, Хорасан кеніштерінде 0,4-6 кВ, 0,4-10 кВ желілерінде реактивті қуаттылықтың орнын толтыру», «Казатомпром» ҰАК» АҚ.

«ТМК мамандықтары бойынша ғалым – ұстаз» - Нұрымғалиев Асылбек Хабадашұлы, Техникалық ғылымдарының докторы, «Металлургия» кафедрасының профессоры, «Электрондық микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлік бағыттағы зертхананың жетекшісі, «Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті» ШЖҚ РМК.

«ТМК мамандықтары бойынша жылдың дипломдық жұмысы» - Памурзина Юлия Владимировна, 4 курс студенті, Рудный индустриалдық институты. Диплом «Сарбай кен шығаратын орны бортының жанындағы сілемдері жыныстарының тығыз – формасының өзгерген қалпын бағалау кезінде маркшейдер жұмыстарын жобалау».

«Баспалар мен Ғаламтор ресурстарында ТМК туралы ең үздік журналисттік жұмыс» - «Балкаш балкымасы» мақаласы, журналист Әбдірашев Әлібек Тілеубергенұлы, «Мысты өңір» газеті.

«ТД ТМК туралы ең үздік журналисттік жұмыс» –«Өндірісті өлке» телебағдарламасы, Рахымжанова Құралай Хасенқызы, қазақ ақпараттық қызметінің бас редакторы, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Павлодардағы филиалы.

«ТМК Еңбек адамы туралы ең үздік журналисттік материал» - «Білдектегі Цезарь» мақаласы, Хайргельдин Даурен Қабдоллаұлы, корреспондент, «Экспресс-К» газетінің редакциясы» ЖШС.