13-ші Халықаралық Тау-кен металлургия конгресі

«Алтын Гефест 2014» Ұлттық салалық конкурсының қорытындылары жасалды

2014 жылдың 13 маусымында, Астанада Astana Music Hall-да, Astana Mining & Metallurgy Бесінші Халықаралық тау-кен металлургиялық Конгрессінің гала-қабылдауында, «Алтын Гефест» V Ұлттық салалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Ұйымдастырушылары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Iteca қазақстандық көрме компаниясы. «Алтын Гефест» конкурсының Бас серіктесі «Еуразиялық топ» компаниясы болып табылады.

Тау-кен металлургиялық сала Қазақстанда технологиялық дамуы мен инвестициялар тартуы бойынша көшбасшылар қатарында. Әрине, отандық кәсіпорындардағы жетілдіру үрдісі әлі көптеген жылдар бойы жалғасады. Алайда ҮИИДМБ алғашқы бесжылдығының нәтижелері бойынша зор секіріс, жаңа өндірістердің іске қосылуы, ондаған мың жұмыс орындарының құрылуы туралы сөз қозғауға болады.

Бүгінгі күні ТКМК кәсіпорындары шетелдік нарықтарға бейімделген жоғары шектердегі бәсекеге қабілетті өнімдерін өндіруге ұмтылады. 2010 жылдан 2013 ж. дейін дайын металл бұйымдар өндірісінің көлемі 95,9 млрд. теңгеден 169,9 млрд. теңгеге дейін артты. Металлургиялық өнімдер экспорты 8,9 млрд. АҚШ долларынан 13,5 млрд. долларға дейін ұлғайды. Салада бұрын Қазақстанда өндірілмеген 106 өнімдердің шығарылуы меңгерілді – бұл теңіз металл құрылымдары, турбиналық эстакадалар, композитті металл құбырлар, шоғырсымдар, сантехникалық металл бұйымдар, әр түрлі арматура түрлері және басқа. ТКМК жобаларының өңдеу өнеркәсібіндегі салымы 7,5% құрады, өнеркәсіптің ЖҚҚ – 2,6%, ал елдің ЖІӨ – 0,9%.

«Алтын Гефест» конкурсының мақсаты тау-кен жұмысы, геология және металлургия саласында кәсіпорындардың және мамандардың жетістіктерін көрсету және оң тәжірибелерін кең тарату үшін таныту болып табылады. Бесінші ретте конкурс геологтарды, металлургтарды, кеншілерді, новаторларды, ғалымдарды, педагогтарды, студенттер мен журналисттерді біріктірді.

Ұйымдастырушылар «Алтын Гефест 2014» конкурсының барлық номинанттарына алғыс білдіреді. Осы жылы «Алтын Гефест» сыйлығын алу құқығы үшін 77 номинант қатысты.
Салтанатты рәсім кезінде 12 конкурс лауреаты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығының, шетел қонақтарының және кәсіпорындар жетекшілерінің қатысуымен сыйлықтарға ие болды. Отандық тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының 10 өкілі «Кенші данқы» және «Еңбек даңқы» атақтарын иеленіп, омырау белгілерімен марапатталды. Бес номинациялар бойынша ақшалай сыйақылар қарастырылды.

«Алтын Гефест 2014» Ұлттық Салалық конкурсының жеңімпаздары:

  1. Жыл геологы - Куксов Александр Павлович, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы
  2. Жыл металлургы - Азекенов Турарбек Анарбекович, «Қазмырыш» ЖШС
  3. Жыл кеншісі - Суюнтаев Аманкелды Танирбергенович, Донской ТБК «Молодежная» ш.
  4. Жыл жобасы - «Евраз Каспиан Болат» ЖШС
  5. Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы - «KSP Steel» ЖШС
  6. Қазақстандық құрам бойынша жыл көшбасшысы - «Қазмырыш» ЖШС
  7. Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім - Ақсу ферроқоспалар зауыты - «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы
  8. ТКМК мамандықтары бойынша ғалым-педагог - Шамганова Ляззат Саевна, Д.А. Қонаев ат. Тау ісі институты
  9. ТКМК мамандықтары бойынша диплом жұмысы - Яна Волкова, Рудный индустриалдық институты
  10. Интернет-ресурстардағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс - Сергей Гахов, Kazakhstan іскерлік журналы
  11. Телеарнадағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс - Чудакова Маргарита Юрьевна, «Қазақстан-Павлодар» ОРТК
  12. ТКМК-де адам еңбегі туралы ең үздік журналистік жұмыс - Виктор Минин, «Металлург» газеті

«Алтын Гефест 2014» Бесінші Ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары туралы толық ақпарат

Жыл геологы - Куксов Александр Павлович. Александр Павловичтің тікелей қатысуымен Соколов, Сарыбай, Качар, Қоржынкөл, Сор және Шағыркөл кен орындарының жер қойнауын пайдалануға және темір кендерін өндіруге, Алексеев доломиттер кен орнын және Қызылжар ізбес кен орнын өндіруге, Соколов кен орнында құрылыс тасын және Сарыбай кен орнында бетонит тәрізді сазды қазбалауға қатысты шарттар жасалды.

Жыл металлургы - Азекенов Турарбек Анарбекович. Турарбек Анарбекович Үдетілген Индустриалдық-инновациялық Даму мемлекеттік бағдарламасына кірген, және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен айрықша атап өтілген «Жаңа Металлургия» жобасын жүзеге асыруда тікелей қатынасты.

Жыл кеншісі - Суюнтаев Аманкелды Танирбергенович. Аманкелды Танирбергенович жетекшілігмен қазіргі уақытта Донской ТБК «Молодежная» шахтасында карьерасты қорларды қазбалайтын шахталарды энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін жоғарылату және өндірістің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жылына 500 (бес жүз) мың тонна деңгейіндегі жобалық қуатқа дейін дамыту және жетілдіру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Жыл жобасы - «Евраз Каспиан Болат» ЖШС. «Евраз Каспиан Сталь» - Caspian Group және ЕВРАЗ компаниясының бірлескен кәсіпорны, ол озық жабдықтармен қамтылған, жылына 500 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қабілетті, қазіргі уақытта болат арматурасының алғашқы өнеркәсіптік топтамасының шығарылуы жоспарлануда.

Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы - «KSP Steel» ЖШС. «KSP Steel» ЖШС өндірісінде темірсиликоналюминий қорыту бойынша цех құру жобасы инновациялар бойынша көшбасшы болды. Темірсиликоналюминийдің инновациялық қорытпасы отандық ғалымдармен ашылды, оның пайдаланылуы маркасы мен біріншілік темір кенінің шикізатына байланысты қорытылатын болат тоннасының өзіндік құнын азайтады.

Қазақстандық құрам бойынша жыл көшбасшысы - «Қазмырыш» ЖШС. «Қазмырыш» компаниясы 2013 жылдан 2014 жылдың 1 тоқсанына дейінгі кезеңде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің әлеуетті жабдықтаушыларымен, соның ішінде Риддер және Зыряновск моноқалаларының шағын және орта бизнес өкілдерімен жүргізілген 35 диалогты алаңдар мен дөңгелек үстелдерде қатысты. Компания 77 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға өзара қызметтестік туралы 38 меморандум жасады. 2013 жыл қорытындылары бойынша «Қазмырыш» ЖШС жергілікті мамандарды дайындауға 241,8 млн. теңге жұмсады.

Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім - Ақсу ферроқоспалар зауыты - «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы. Ферроқоспалар газы – ферроқоспаларды өндіру кезінде түзілетін жанама өнім. Оның пайдаланылуы барынша қалдықсыз өндіріске және қалдықтардың тиімді басқарылуына ұмтылатын Ақсу ферроқоспалар зауытының барлық жылумен жабдықтау объектілеріне елеулі экономикалық әсер тигізеді.

ТКМК мамандықтары бойынша ғалым-педагог - Шамганова Ляззат Саевна, Д.А. Қонаев ат. Тау ісі институты. Жыл ғалым-педагогы - Шамганова Ляззат Саевна «Қазақстан маркшейдерлер одағы» Басқармасының мүшесі, «Маркшейдерия және геодезия» журналының редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта Ляззат Саевна сонымен қатар Васильковское, Суздальское сияқты кен орындарын, Донской ТБК хромит кендерін, Жезқазған, Жомарт және Жетіқара асбест кен орындарын қауіпсіз және тиімді өндіру үшін дайындалатын бірқатар ғылыми жобалардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

ТКМК мамандықтары бойынша диплом жұмысы - Волкова Яна, Рудный индустриалдық институты. Яна Волкова Рудный индустриалдық институтының «Тау-кен металлургиялық» факультетінің 2014 жылғы түлегі «Проектирование маркшейдерских работ при перспективном планировании горных работ на ОАО «Оренбургские минералы» тақырыбындағы дипломдық жұмысты сәтті қорғады.

Интернет-ресурстардағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс - Сергей Гахов, Kazakhstan іскерлік журналы. Сергей Гахов кәсіби журналисттік қызметті 2000 жылы бастады. Қазылар алқасының пікірі бойынша, оның мақалалары құзыреттілікпен, тақырыптың терең талқылануымен, жоғары қоғамдық маңызы бар мәселелерге тоқталумен ерекшеленеді. Конкурсқа ұсынылған тау-кен металлургиялық кешен туралы жылдың үздік мақаласы ретінде Сергейдің «Потреблять нельзя восполнить» атты мақаласы танылды.

Телеарнадағы ТКМК туралы ең үздік журналистік жұмыс - Чудакова Маргарита Юрьевна, «Қазақстан-Павлодар» ОРТК. Маргарита Юрьевна Чудакова конкурстық арызда Қазақстан Электролиз зауыты туралы «Карта индустриализации» атты 15-минуттық телебағдарламасын ұсынды. Маргарита «Қазақстан-Павлодар» ОРТК-да машықтанудан өтуде. Сонымен қатар осымен 3 жыл бойы Павлодар облысының «Наша жизнь» қоғамдық-саяси газетінде мақалаларын жариялауда.

ТКМК-де адам еңбегі туралы ең үздік журналистік жұмыс - Виктор Минин, «Металлург» газеті. Виктор Минин атақты шахтерлар Ереминдардың әулеті туралы «Семейное это дело - уголь добывать» мақаласы үшін марапатқа ие болды. Виктор Минин сонымен қатар «Караганда. Карагандинская область» энциклопедиясының; Ұлы Отан соғысы жылдары құрбан болғандарға арналған облыстық Естелік кітабының және Ауғанстандағы соғыста қаза болғандарға арналған облыстық Естелік кітабының редакторы және авторларының бірі болып табылады.

 
01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20