UFI Approved Event
25-26 Мамыр 2017 • Астана, Қазақстан • Тәуелсіздік Сарайы    Тәуелсіздік даңғылы 52
Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі
  • Home
  • Алтын Гефест
  • «Алтын Гефест» салалық конкурс жеңімпаздарының тізімі
  • «Алтын Гефест 2013»

«Алтын Гефест 2013» салалық конкурс жеңімпаздарының тізімі

2013 жылдың 12 маусымында,Астана қаласындағы RixosPresidentHotel мейманханасында, Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені күніне арналған гала-қабылдауда және Astana Mining & Metallurgy (АММ-2013) Төртінші Халықаралық тау-кен металлургиялық Конгрессінде,«Алтын Гефест» төртінші Ұлттық салалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді. Ұйымдастырушылары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Iteca қазақстандық көрме компаниясы. «Алтын Гефест» конкурсының Бас серіктесі «ENRC» компаниясы болып табылады.

Біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылдың ішінде өте көп ауқымды жұмыстар атқарылды,соның ішінде жүз жылдыққа сай келетін ауқымды масштабты жұмыстар.

Тау-кен металлургия өндірісі Қазақстанның базалық секторлар өнеркәсібінің бірі болып табылады.Кәсіпорын саласы маталлөнімдерін 30-дан астам елдерге тасымалдайды.Мемлекет ірі кәсіпорындар жанынан кіші зауыттар, цехтар және сервистік кәсіпорындар құру үшін «кіші металлургияның» дамуына, кіші және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аударады.

Ең алғаш «Алтын Гефест»сыйлығымен марапаттаудан бастап төрт жыл бойы «ENRC» корпорациясы осы бастаманы қолдап келеді және оның Бас серіктесі болып табылады.

«Алтын Гефест» конкурсының мақсаты тау-кен жұмысы, геология және металлургия саласында кәсіпорындардың және мамандардың жетістіктерін көрсету және оң тәжірибелерін кең тарату үшін таныту болып табылады.

Кен жұмысы және металлургия- бұл жүздеген мың жұмыс орындары, бір жылда ондаған мың жаңа жобалар,миллиард тенгеге шығарылатын өнімдер және шағын қалаларды дамытудың кепілі. Осылардың артында ірі инвестициялар қатарында адал іс,кәсіпқойлық, батыл шешім тұр.

«Алтын Гефест» конкурсы биылғы жылы үміткерлер санын арттырды. Бұл тек Сыйлықтың танымалдығының өсуін ғана емес, сонымен қатар, қоғамға тағы да бір рет атақты жұмысшылардың есімдерін және тау-кен металлургиясы кешендерінің маңызды жобаларын жеткізуге талпынушылықтың өсуін білдіреді.

Ұйымдастырушылар «Алтын Гефест 2013» конкурсының барлық номинанттарына алғыс білдіреді. Осы жылы «Алтын Гефест» сыйлығын алу құқығы үшін 117 номинант қатысты.

Салтанатты рәсім кезінде 12 конкурс лауреаты шетел қонақтарының (АММ-2012 Конгресінің спикерлері мен делегаттары) және еліміздің тау-кен металлургия өндірістік кәсіпорындары жетекшілерінің қатысуымен алтын жалатылған мүсіншелер түрінде орындалған сыйлықтарға ие болды.

«Алтын Гефест 2013» төртінші Ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары:

  1. «Жыл геологы»- Ғалым Ғарифұлы Әмірсейітов, «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның ресурстарды басқару және стратегиялық даму бөлімі бастығының орынбасары.
  2. «Жыл кеншісі» - Николай Михайлович Клочков, «Қостанай Минералдары» АҚ-ның техникалық директоры.
  3. «Жыл металлургы» - Мұрат Болатұлы Жалғасбаев, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Ферроқорыту» цехының бастығы, «Sat & Co»тобы.
  4. «Жыл жобасы» - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бастамасыбойынша құрылғанжылдың ауқымды жобасы- «Summit Atom Rare Earth Company» БК (SARECO).
  5. «Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» - «Он-Олжа» ЖШС.
  6. «Қазақстандыққұрам бойынша жылкөшбасшысы» - «Қазақмыс» тобы.
  7. «Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім» -«Қазақстанэлекторлиз зауыты» АҚ.
  8. «Жылдың үздік ғалым-педагогі» - Баян Рақышұлы Рақышев, Қаныш Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті.
  9. «Жылдың үздік диплом жұмысы» - Светлана Съединаның студенттік диплом жұмысы, Қаныш Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті.
  10. «Баспасөздегі ең үздік журналистік жұмыс» - Сергей Александрович Горбунов, Павлодар облысының"Казахстанская правда" газетінің меншікті тілшісі.
  11. «Телеарнадағы ең үздік журналистік жұмыс» - Юлия Ледак, Павлодар қаласы «ИРБИС» телекомпаниясы.
  12. «ТКМК-де адам еңбегі туралы ең үздік журналистік жұмыс» - Наталья Карпованың «Экспресс-К» газетінде жарық көрген материалы.

«Алтын Гефест 2013»төртінші Ұлттық салалық конкурс жеңімпаздары туралы толық ақпарат:

«2013 жыл геологы»- Ғалым Ғарифұлы Әмірсейітов. Ғалым Ғарифұлы бұлкәсіппен 1977 жылдан бері айналысып келеді.Алғаш қызметін Алешинск темір кен орнында дала жұмыстары геологы болып бастаған. 2012 жылы «Суздаль» және «Жерек» кен орны қорының өсімі үшін геологиялық барлау жұмыстарына қатысқан.«Суздаль» кен орны бойынша құрамында алтын бар қордың 2 млн. 116 мың тоннаға дейін өсімі алынды. «Жерек» кен орны бойынша қышқылданған алтын кен қоры 712 мың тоннаға өсті.

«2013 жыл кеншісі»- Николай Михайлович Клочков. Еңбек жолын қопарғыш цехта бастап, кәсіптік өсудің барлық жолын кезеңмен өткен. Бір кәсіпорындағы еңбек өтілі 33 жыл,оның ішінде 17 жыл техникалық директор қызметін атқарған.Николай Михайловичтің жетекшілігімен 2013 жылдың сәуір айында «Қостанай минералдары» АҚ-ның байыту кешенін жаңғырту жобасы аяқталды. Қазіргі уақытта Николай Михайловичтің жетекшілігімен кәсіпорында хризотил талшығын шығару және байыту барысында енгізілген техникалық шешімдерді жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, жаңа технологияларды іздестіру жалғастырылуда.

«Жыл металлургы» - Мұрат Болатұлы Жалғасбаев - өте білікті және болашағынан үміт күттіретін маман. Мұрат Болатұлы басқаратын «Ферроқорыту» цехы «Сат энд Компани» тобына кіретін «Тараз металлургия зауытының» өндірістік бөлімшесі болып табылады. Зауыт басекеге қабілетті жоғары сапалы - ферроқорыту өнімін шығарады.2012 жылы жаңа пештерді іске қосу арқылышығарылатын өнім 67% өсті. Мұрат Болатұлының технологиялық үрдіске қатысты әзірлеген және өткізген жобасы озық және тиімді болып танылды.2012 жылы ол басқаратын цехта орташа айлық еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда ферроқорыту өндіру бойынша 218 % құрады.

«Жыл жобасы»- «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының «Sumitomo Corporation» Жапон компаниясымен бірлескен бастамасы бойынша құрылған жаңа өндірістік кешен - «Summit Atom Rare Earth Company» БК (SARECO) жылдың ең ауқымды жобасы деп танылды. Стратегиясына сирек ұшырасатын жер металдарының жоғары технологиялық саласын дамыту кіретін еліміздегі жалғыз жаңа кәсіпорын. Аталған кешенді іске қосу – сала дамуының жаңа кезеңі. Жоба минералды ресурстарды қалдықсыз пайдалануды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Сирек ұшырасатын жер металдарының ұжымдық концентраттарын өндіретін зауытАқмола облысының Степногорск қаласында орналасқан.Оның құны - 4 жарым млрд. теңгені, қуаттылығы – бір жарым мың тонна ұжымдық концентраттар корбонатын құрайды. Жобаны іске асыру үрдісінде 300 жұмыс орны ашылды, тоқтатылған қуат іске қосылды, жетілдіру және өндірістік қуатты қайта құру жүргізілді, қосымша жаңа құрылғылар сатып алу үшін инвестиция бөлінді.


«Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» - «Он-Олжа» ЖШС. Қалдықтардың атмосфераға шығарылуын қысқарту және жеткізілетін көмір сапасын арттыру мақсатында, 2011 және 2012 жылдары «Сарыадыр» разрезінде тазалау және жоғары күлді отынмен байыту бойынша өнімділігі жылына 1 млн. тонна болатын кешен тұрғызылды. Сонымен қатар, Он-Олжа компаниясы ферроқорыту және алюмосиликомарганец өндірісіне патент алды. Қорыту жоғары қоспалы құрыш алу үшін пайдаланылады.

«Қазақстандыққұрам бойынша жыл көшбасшысы» - «Қазақмыс» тобы. Қазақмыс тобы екінші жыл қатарынан «Қазақстандық құрам бойынша жыл көшбасшысы» номинациясы бойынша осы сыйлыққа ие болып отырғандығын атап өткен жөн. Кәсіпорын отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жақсы үлгісі болып табылады. «Қазақмыс» жергілікті құрамды дамытуға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға айтарлықтай үлес қосып отыр. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілерде 157 млрд.теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынған. Қазақстандық құрамдағы «Қазақмыс» корпарациясының сатып алулары 62% құрады.2012 жылы қызметкерлерді оқыту,даярлау, қайта даярлау шығындары 200 млн.теңгені құрады және 7,5 мың Қазақстан Республикасының азамат – қызметкерлері оқытылды.

«Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім» - «Қазақстанэлекторлиз зауыты» АҚ. «Қазақстанэлекторлиз зауыты» АҚ – Қазақстандағы бір ғана алғашқы алюминий шығарушы зауыт.Зауытқұрылысы барысында энергия үнемдеу бойынша озық шешімдер қолданылды. 2012 жылы «Қазақстан электорлиз зауытында» электроэнергияны пайдалануды төмендету бойынша жаңа жоба енгізілгендігі ерекше құнды. Экономикалық тиімділік 263,5 млн. теңгені құрады. Жоба барлық техникалық және технологиялық сипатына қарай жаңа есепті қарастырады: 1) Миксер құрылымын өзгерту; 2) Құрылғының жылу жоғалтқыштығын төмендетуге ықпал ететін жаңа футеровка материалдарын қолдану; 3) Жаңа жылытқыш элементтерін қолдану.

«Жылдың үздік ғалым-педагогі» -Баян Рақышұлы Рақышев- техника ғылымдарының докторы,профессор. Қазақстан ҰлттықҒылым Академиясының (академигі) мүшесі.Оқытушылық еңбек өтілі 61 жыл. Ол тұқымдарды тиімді бұзу және пайдалы қазбаларды толық және кешенді пайдалану тәртібін әзірлеу саласында ғылым мектебін құрған. Төменде берілген тақырыптардағы мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың ғылыми жетекшісі: «Многофакторный анализ устойчивости высоких внутренних отвалов на основе численных геомеханических условиях полого-наклонного и наклонного основания», «Модернизация технологий взрывных работ на карьерах с использованием инновационных методов определения их параметров» және тағы басқалары.

«Жылдың үздік дипломжұмысы» ретінде -Светлана Съединаның «3-D моделирование камерной системы разработки с доставкой руды силой взрыва и маркшейдерское обеспечение» тақырыбындағы жұмысы таңдалды.

«Баспасөздегі ең үздік журналистік жұмыс» -Сергей Александрович Горбунов, Павлодар облысының"Казахстанская правда" газетінің меншікті тілшісі. Сергей Александрович Горбунов – аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысы туралы жазған мақалаларымен танымал.Қазылар алқасы мүшелерінің көзқарасы бойынша оның мақалалары жете білушілікпен, тақырыпты терең түсінумен, мәселеге көңіл аударумен, жоғары қоғамдық біліммен ерекшеленеді. Конкурсқа қатыстырылған тау-кен металлургия кешені туралы мақалалардың ішінде жылдың ең үздік материалы болып Павлодар құбыр жүргізу арматура зауыты туралы «Главное – найти свое дело» мақаласы танылды.

«Телеарнадағы ең үздік журналистік жұмыс» -Юлия Ледак, Павлодар қаласы «ИРБИС» телекомпаниясы. Юлия Ледактың жұмысы ең үздік деп танылды, атап айтсақ, Алюминий Казахстана: рост есть» фильмі.

«ТКМК-де адам еңбегі туралы ең үздік журналистік жұмыс» - Наталья Карпованың "Экспресс-К" газетінде жарық көрген материалы. Қазылар алқасы 10 басылымды қарап шығып, «Богатырь земли Казахстанской» мақаласын ең үздік деп таныды. Мақаланың басты кейіпкері Афанасий Афанасьевич Томнюк –үңгуші-рекордшы, «Казхром ТҰК» АҚ-ның еңбегі сіңген жұмысшысы. Өзінің жетпіс алты жасында Хромтаудағы «Қазақстан тәуелсіздігіне он жыл» шахтасында бригадир болып қызмет атқарады.

 

Басып шығаруE-mail

Мемлекеттiк серiктесi

gerb

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және Даму Министрлігі

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

    Алтын серіктестері

    • kazzinc
    • ERG-logo
    • polimetall logo

      Күміс серіктестері

      • arcelor
      • AMK logo
      • kaz-minerals logo
      • kazakhmys

        Ақпараттық Серіктес

        Globus logo

        Конгрестің Ресми Журналы

        kaz-mag

        Көрме серіктесі

        mwca 120x100Exi ru