+7 727 258-34-34
UFI Approved Event
12-13 Маусым 2019 • Астана, Қазақстан
Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі

АММ КОНГРЕСІНІҢ UPGRADE: ПІКІРСАЙЫСТАР, НЕТВОРКИНГ, ХАКАТОН

2019 жылдың жаз мезігілінде Астана қаласы қайтадан тау-кен өндіру және өндіру өнеркәсібінің өзекті мәселелері талқыланатын орталық алаңы болады – маусым айының 12-де және 13-де мүлдем жаңа форматта «Astana Mining&Metallurgy» (АММ) мерейтойтық конгресі өтеді. Жаңартылған іс-шараның өту орны «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аймағында орналасқан «Hilton Astana Hotel».

Қазақстан үшін белгілі болған «AMM» Конгресі өткізу форматын таныстыру алаңынан пікірсайыс алаңына өзгертеді. Арасында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, есімі әлемге әйгілі ғалымдар, (CEO) ірі компаниялардың бас атқарушы директорлары бар, 60-тан артық дүниежүзілік сарапшылар делегаттармен бірге тау-кен металлургия саласындағы мәселелерді және даму болашағын талқылайды.

«AMM» Конгресінің негізгі ойы – сандық жүйеге көшіру және инвестициялық мүмкіншіліктер. Бағдарламаға түрлі тақырыптар, сондай-ақ «Тау-кен металлургиялық кешенде (ТКМК) өндірістік процесстерінің тиімділігін арттыру, өндірімді және қайта өңдеуді сандық жүйеге көшіру» ; «Инвестицияларды тарту және минерал- шикізат базасын толтыру»; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстегі құқықтық реттеудің тартымды аспекттері»; «Әлеуетті инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыптары бойынша сессиялар және панельді пікірталастар кіреді. Сонымен қатар, үлкен төрттік компанияларына , арнайы «АММ»-мен әзірленген, өз елдерінің тау-кен өнеркәсібі бойынша шолуы ұсынылады.

Таңдалған тақырыптардың өзектілігі Қазақстан ТКМК даму үрдісімен және болып жатқан оқиғалармен, сондай-ақ, 2018 жылдың маусымында АММ ұранымен өткізілген, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің қорытындыларымен расталады.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде геологиялық деректер базасының және инфрақұрылымның сапасын арттыру үшін «Минералды ресурстардың ұлттық деректер банкі» құрылып жатқанын айта кетейік. Барлық тарихи және геологиялық деректерді біріктіретін және оларды заманауи форматта ұсынатын жүйе, мемлекеттік органдар және жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің айқындылығын , сондай-ақ, инвестициялар кірісін арттыратын, инвесторларға ұсынылатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Одан басқа, инвесторларға тікелей Қазақстанның ішінде қажетті зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік тудыратын , әлемдік стандарттарға сәйкес, Қарағанды қаласында халықаралық аккредиттелген коммерциялық зертхана құрылып жатыр.

Инвестицияларды тартудағы Қазақстанның еңбегі өз жемісін беріп жатыр. Біздің Республикамыз жыл сайын геология және жер қойнауын пайдалану саласында елдердің инвестициялық тартымдылығын бағалайтын, Фрейзер институтының рейтингі бойынша 24 орында тұр. Қазақстанның геологиялық барлауына Rio Tinto, Iluka, Yildirim Group, ULMUS Fund және басқа да әлемдік лидерлер тартылды. Соңғы үш жылда нормативті құқықтық базаны өзгерту бойынша сүбелі жұмыс жүргізілді. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі көне келісімшарттарды жаңа режімге көшіру жұмысын бастады және де Кодекс қағидаларын көшіру бөлігінде өзгерістерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда, сұранысы өсетін, пайдалы қазбалардың перспективті геологиялық қорлары бар. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі уақытта қиын балқитын металлдарға сұраныс артып, шикізаттың (кобальт, литий, палладий бағасы екі есе өсті) бағалар конъюктурасы өзгерді. Сарапшылар галлий, скандий, индий және басқа сирек металлдарға сұраныс өсетінін болжамдап отыр. Осы бағытта Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін , геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет және де ол сәйкесінше қосымша қаржыландыруды талап етеді. Министрдің хабарлауынша, геологиялық зерттеу үшін 1,2 млн.кв.км қол жетімді, ал талап етілетін деңгейде тек қана 21% зерттелген. Осыған байланысты, Қазақстан юниор компаниялар арқылы геологиялық барлауға инвестициялар тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта 197 мың кв. км-ге 85 мыңнан артық блоктар бойынша барлау жүргізуге лицензиялар алу үшін өтінімдер қабылданып басталды. 2019 жылы осы принцип бойынша қосымша блоктарды шығару жоспарланып отыр.

Жоғары айтылғанды, және де дүниежүзінде 4.0 өнеркәсіптік стандарттарының белсенді қозғалысын ескере отырып, АММ Конгресінің ұйымдастырушылары да , осылай жаңа іс-шараларды өткізу үшін жаңа тәсілдемелерін қарқынды енгізуге тырысып отырады. Бағдарламаны сапалы толтыру , форматтың ауысуы саланың өзекті мәселелерін толыққанды ашылуына және оның шешімдерінің жолын табуға мүмкіндік тудырады. АММ 2019 нетворкинг, хакатон және Алтын Гефест конкурсы кіретін келіссөздер үшін көптеген алаңшаларды ашып, АММ Конгресін мүлдем жаңа деңгейге шығаратын және де сарапшылардың, бизнесмендердің, мамандардың және ғалымдардың назарын тартатыны сөзсіз.

Басып шығару E-mail

Ресми қолдау

Күміс серіктестері

Алтын серіктестері

  • ERG
  • kazzinc
  • polimetall logo
  • Казминералс

Стратегиялық серіктес

Қола серіктесі

Инновациялық серіктес