Қайырлы күн,
Менің атым – Зарина Курбанова, мен жыл сайын Astana Mining & Metallurgy (АММ) Конгресі аясында өткізілетін «Алтын Гефест» байқауының үйлестірушісімін.
Өтінімдерді қабылдау 20 мамырда
аяқталатынын еске салғым келеді.
Жыл сайын біз жүздеген ерекше өтінімдер аламыз, оның ішінде – геологтар, кеншілер, металлургтер, шахтерлер, байытушылар, педагогтар, тәлімгерлер, журналистер, ESG мамандары және әлеуметтік, цифрлық, білім беру бастамаларын жүзеге асырып жүрген топтар.
Олардың әрқайсысы – Қазақстанның тау-кен металлургия саласының дамуына қосылған нақты үлес.
Егер сіз өз жобаңыздың, жұмысыңыздың немесе әріптестеріңіздің еңбегі кәсіби мойындауға лайық деп есептесеңіз – дәл қазір өтінім беруге ең дұрыс уақыт.
|