+7 727 258-34-34
UFI Approved Event
12-13 Маусым 2019 • Астана, Қазақстан
Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі

AMM көрмесі

АММ көрмесі – бұл көрме қатысушылары пайда қазбаларын іздеуге, өндіруге және байытуға арналған жабдықтар мен технологияларын ұсынатын, тау-кен металлургия саласындағы компанияларға арналған озық технологиялар мен инновациялық зерттелім аумағы.

АММ көрмесінің қатысушыларына өз компаниясын жоғары үкіметтік деңгейде ұсынуға және мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен, сала сарапшыларымен және ірі компания басшыларымен жаңа байланыстарын нығайтуға мүмкіндік пайда болады.

Жыл сайын көрмеге салалардың төмендегі жетекші компаниялары қатысады: Ақтөбе мыс компаниясы, Арселор Миттал Теміртау, ERG, Kaz Minerals, Kazakhmys, Kazzinc ж.т.б.

Келесі компаниялар көрменің қатысушылары болып табылады: Aurora Minerals Group, Bureau Veritas, ВИСТ Топ, КАЗПРОМАВТОМАТИКА, MICROMINE Central Asia, Nippon Eirich Co, ONSA Rafinery ж.т.б

Көрме бөлімдері:

  • ТКМК арналған технологиялар және жабдық
  • ТКМК арналған химия
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
  • Геология
  • Инжинирингтік компаниялар
  • Қаржы компаниялар
  • Аудиторлық компаниялар
  • Инновациалық әзірлемелер
  • Және тағы басқалары

AMM 2019 көрмесінің ерекшеліктері:

  • Көрменің жаңа форматы, қатысушылардың стендтері және көрме аймағы біріңғай стильде безендіріледі;
  • Жетекші тау-кен өндіру компаниялары барлық көрме қатысушыларына арналған тендерлік сатып алу тақырыбына таныстырым өткізеді;
  • Көрме экспоненттеріне АММ Форумына қатысу үшін делегаттық орындар ұсынылады, ол жерде тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелері және даму келешегі талқыланады.

Бұл жылы іс-шараның Алтын Серіктестер мәртебесінде келесі компаниялар: KazMinerals, ERG, Kazakhmys, Kazzinc.

2018 жылы АММ көрмесі, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі шеңберінде, MiningWorld Central Asia көрмесімен бірлесе өткізіліп, өз «қанатының астына» 24 мемлекеттен 260 компанияның басын қосты. Олардың қатарында саланың үздік өкілдері : Aramine, Atlas Copco, CFT Group, Dressta, MetsoMinerals, Mclanahan, FLSMidth, Sandvik Mining and Construction, Thrane, Outotec, thyssenkrupp, Вист Топ және тағы басқалары.

Көрме экспоненттері көрмеге қатысу және саладағы көрме орнының маңыздылығын ерекше атап кетті, бейне-сұхбатты қараңыз >>

 

Басып шығару E-mail

Алтын серіктестері

  • ERG
  • kazzinc
  • polimetall logo
  • Казминералс

Күміс серіктестері