+7 727 258-34-34
UFI Approved Event
12-13 Маусым 2019 • Астана, Қазақстан
Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және Көрмесі
  • Home
  • Конгресс туралы

Конгресс туралы

2018 жылғы 19-22 маусым аралығында Астана қаласында «Инновациялық артықшылық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолындағы алға қарай жасалған қадам» ұранымен, 25-ші Дүниежүзілік Тау-Кен конгресі өз жұмысын сәтті аяқтады.

Пленарлық сессиясында Қазақстанның Инвестициялар және даму Министрі Жеңіс Қасымбек сөз сөйледі.

«Қазақстан үшін тау-кен-металлургиялық кешені ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл сектор мұнай-газ секторынан кейінгі ел экономикасында екінші орын алады.Минералдық-шикізат базасы ТКК дамуының негізі болып табылады.Қазақстан табиғат ресурстары қоры бойынша 6 орын, минералды шикізат (мұнайсыз және газсыз) өндірудің жалпы көлемі бойынша 10 орын және халықтың жан басына шаққанда пайдалы қазбалар өндіру бойынша 3 орынды иеленеді. Сала мыстың, уранның, титанның, ферроқорытпаның және полиметалдардың әлемдік нарқында ұсынылған және темірдің, көмірдің және алюминийдің өңірлік нарықтарына едәуір ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Министр өткен жолдың соңындағы маңызды бастама – батыс австралиялық модельге өту мақсатымен, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жаңа кодекстің енгізуі болды. Жаңа кодексте саладағы мемлекеттік реттеудің ашық және түсінікті моделдерін қамтамасыз етудің, геологиялық ақпаратқа қол жетімділіктің, ұлттық стандарттарды әлемдік стандарттармен үйлестірудің үздік халықаралық тәжірибесі енгізілді. Осы құжат шетелдік инвесторларды, оның ішінде, тәжірибе көрсеткендей, 60 астам жаңа кен орындарын ашатын, юниорлық кәсіпорындарды тартуға бағытталған.

Конгрестің мазмұнды бағдарламасы геологиялық барлау, өндіру және байыту, қатерлерді бағалау, халықаралық қаржыландыру және т.б. мәселесін қамтыды.

ДХК 2018 фактілері мен сандары:

  • 25-ші Дүниежүзілік Тау-Кен конгресіне 50 елден келген 2 586 Делегат, 1 047 компания; 37 елден келген 368 баяндамашы-авторлар, 79 университет пен 58 Қауымдастықтар қатысты
  • 260 компания өз стендтерін "Astana Mining & Metallurgy" және MiningWorld Central Asia 2018 көрмелерінде ұсынды
  • ДХК 2018 мазмұнды бағдарламасы Пленарлық отырыс пен 21 техникалық сессияны қамтыды
  • Дүниежүзілік Тау-кен конгресс аясында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің, қазақстандық және шетелдік тау-кен, инвестициялық және сервистік компаниялардың бірінші тұлғаларының қатысуымен 40 G2B және B2B кездесулер өтті

КЕЛЕСІ АТАЛҒАН ҰЙЫМДАРМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ КОНГРЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАСЫ БОЛДЫ:

1) Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігІмен және «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті Жоғары кәсіби білім беру мекемесі Федералдық мемлекеттік білім беру мекемесі

государственным автономным образовательным учреждением высшего профессионального

2) «АК Алтыналмас» АҚ мен «IntelliSense – LAB» технологиялық даму орталығы

3) Metalysis Limited Компаниясы мен «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» ДЕРБЕС КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫ

4) Қазгеология мен СODELCO (Чили)

Келесі аталған жоғары лауазымды тұлғалар Конгрестің спикерлері болды:

  • Асқар Мамин – Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары;
  • Александр Машкевич - Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Eurasian Resources Group S.à r.l.
  • Дин МакПерсон - Торонто Қор Биржасының Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада)
  • Джеймс Мэтчер – Тау-кен саласындағы басшы, EY, ЮАР
  • Жеңіс Қасымбек - Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму Министрі
  • Майкл Хитч – Жаңа оңтүстік Уэльс университетінің профессоры, Австралия
  • Хуа Гуо – Зерттеу департаменетінің Директоры, CSIRO Energy, Австралия, ВГК 2021
  • Юкка Максимайнен - McKinsey & Company Тау-кен бағытының басшысы және т.б.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАУ-КЕН КОНГРЕСІ АЯСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ЭСКУРСИЯЛАР НЫСАНДАРЫ:

  • «Altyntau Kokshetau» АҚ Васильков алтын кеніші
  • KazMinerals компаниясының «Бозшакөл» мыс кен орны
  • «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталары мен металлургиялық комбинаты

Итоги Всемирного Горного Конгресса Скачать Отчет 3.7 mb pdf 

Басып шығару E-mail

Гаухар серіктесі

  • ERG-logo

Алтын серіктестері

  • kazzinc
  • polimetall logo
  • kazakhmys
  • polimetall logo

Күміс серіктесі

  • kazakhmys

Қола серіктестері

  • arcelor
  • arcelor

Ресми қолдау

  • Astana akimat logo
  • samruk-ru
  • tauken
  • kazgeologia logo
  • agmp
  • npp logo
  • wmc logo rus

Ақпараттық Серіктес

Конгрестің Ресми Журналы

Көрме серіктесі

mwca 120x100Exi ru